Не істедім?

Ақ парақтағы ойлар /
Пендеде бір іс бар жалығу деген ©

Бүгін мен үшін ерекше күн болды. Ерекше жексенбі. Біраз мәселелердің басы ашылып, желкемнен ауыр жүк түсті десем де болады. Өзгерістер 90 градусқа жасалынбаса да, жинақталып, шашылып жатқан ойларымды теріп, өзімді қамшылап алдым.

'[[[

Осындай кезде қойндәптерлерімді ақтарып, артыма (өткен күндеріме) бір қайрылып, күрсініп, алға, болашағыма көз тігетінім бар. Пенденің жоспарын «Жоғары жақ» ұнатпаса да, қиял, шіркінге, тізгін бермеуіңе болмайтын кездер де кездеседі. Алланы күлдіргің келсе, армандарыңды айт дегендей, армандадық жатып алып…
Не керек, қойындәптерімді парақтадым еріксіз…

Күндер өліп, артынан түндер өліп,
Тереземнің алдында гүлдер өрік.
Сыңар қанат, сіз қайтіп жүр екенсіз,
Біз өмірді сүрерміз бірдеңе ғып... ©


Уақыт… қашан қадіріңді түсінеді екенбіз...

Махаббат бүгін және қарамады,
Қарамады...
Тағы да жаралады.
Шәміл-ау, білесің бе,
Шын махаббат
Осылай қарамаудан жаралады. © Мұқағали Мақатаев


Махаббат… қашан бақытты етесің адамдарды, қашан жылатпайсың ғашықтарды? Сынағың қашан бітеді екен? Қоспайтын болсаң, неге жолықтырасың? Неге қинайсың, соншама? Сағындырасың, жалықтырасың, күлдіресің, жылатасың, көтеріп тұрып тастап та жібересің, қинайсың....

Қош енді, қош бол, күрең күз!
Ақ қысты тездеп жібергіз.
Ақ қыстай аппақ бір елміз,
Шымшылап аяз шытынап,
Ширығып біраз жүрерміз,
Шынығып өмір сүрерміз.
Қош, енді, қош бол, күрең күз! © Мұқағали Мақатаев

Неге махаббаттың бәрі күзбен аяқталады… неге махаббат кұзбен байланысты...

Күз - жапырақтай қалтырайсың, тоңасың,
Ғашық жүрек, қайда апарып соғасың?! ©

Асау жүрек сыңарын тапқанша тынымсыз аласұрады. Ғашықтық дерті бойыңды жандыра бастағанда өзіңе-өзің сыймай адасасың.


Тоналар, бәрі, тоналар,
Өзіңдей кімдер бола алар?
Жоғалар, бәрі, жоғалар,
Мен сыйға тартқан орамал?! © Гүлнәр Салықбаева

Мен жазған хат, мен берген сыйлық, менімен байланысты барлық дүниені ұмытарсың…


Қадірлі дос!
Қайтесің, ренжіме,
Айтпай-ақ қой,
Халіңді білем, білем!..
Таппай жүрің сырласар сыңарыңды,
Жібі түзу жан іздеп жылы өңдіден.
Айтпасаң да халіңді білем, білем... © Мұқағали Мақатаев



Кімге айтам… ақтарылғым келеді...қолыңа қалам ұстап, қойындәптеріңнің таза бетін шимайлаудан ары асып өте алмайсың…

  • — Барлық болған істің бір қайыры бар. Қамықпа!
  • — Бүгін болмаса, ертең болдыруға тырыс; Күрес!
  • — Бұйырған кетпейді ©. Еңсеңді түсірме!
  • — Жалқаулық бойынша жарыс өтсе, бірінші орын алатыныңды білем! Еңбектен!
  • — Қол сілтей салма! Ертең керегіңе жарайды!
  • — Айыра біл! Жақсы мен жаманды! Қажетті мен қажетсізін!
  • — Әр жағдайдан бірдеңе іліп алуға болады. Мұқият бол!
  • — Жылама! Өмір жылайтындарды ұнатпайды!
  • — Құладың ба, үстіңді қақ та, тағы жүгір, жетесің!
  • — Күл! Сатып алған жоқсың!
  • — Түсін, орнына қой, басқа қырынан қара! Ішкі жан дүниесін түсінуге тырыс!
  • — Мыжымамды әлі оқып отырсың ба? Қорытынды шығаратын уақытың келді!


Әуелден әбден сағынып алмай, шығушы болма сапарға,
Сағынбай барсаң теңіз де сенің тебіренбес жастық шағындай 
Бұлбұлдың үнін есіте алмайсың бауларға кірсең сағынбай...
Сағыныш деген - молшылық қазына, бола да берер артық-кем, 
Ал нағыз асқақ сағыныштарда араның балыбар тіптен... © Төлеген Айбергенов

Ал, мендегі сағыныш, Төлегенше айтсақ, «жердегі барлық арбалар, вагондар, платформалар жабылып тарта алмайтын» сағыныш...

ПЫСЫ: Ал, сіз қандай қорытындыға келдіңіз?

20 пікір

AKA
Бәрі де керемет болады, көп ойлана бермеші. :)) Бүгін жуатын күн :))
followme_alik
Күчті жазылған.

Ал, сіз қандай қорытындыға келдіңіз?
Айтарымызды айтып қойдың :)

қ:
көп ойлана бермеші. :)) Бүгін жуатын күн :))
qyrmyzy
Бірдеңе барса болды:)
AKA
Скайпқа қосылмадың ғой, жәнім :) Бағанағыдай ән айтып берейін десем, мүмкіндіктен айырылып қалдың енД, оның үстіне көңіл-күй керемет боп тұрғанда :)))))))
qyrmyzy
Не ғо, қонақтамын:) біраздан соң қосылам, әбизөк! Бүгінгі әндерің де керемет!
didi0393
керемет жазылған, адамды ойландырып жібереді екен! бір жанға ғашықсынау дим
qyrmyzy
Ешкімді жек көрмеймін, ешкімді жақсы көрмеймін, сондай.....қызық адаммын. Мүмкін тас жүрек те шығармын…
didi0393
по моему тас жүрек емес, ғашық жүрек либо ақын жүрексің:)
qyrmyzy
Ақын?? о, ноу! Тас жүрек болған жақсы, ғашық боп бітетің сияқтымыз ғо. те тож советую;)
didi0393
оу сәнк ю! менің жүрегім таска айналганы каааашаааннннн даже не помнюююю! маскамен жүррккоооо ))
qyrmyzy
иткөйлекті менен екі есе көп тоздырған шығарсыз! Айтыңыз сіз де көкейдегіні…
Korkem
қыз бала қызықаннан, ер бала жалыққаннан отау тігеді.
мгмм
didi0393
па шіркін япырмаййй)))
qyrmyzy
қызыққаннан деп ойламаймын
qyrmyzy
бойдақтық — бостандық. бостандық — адамның бары екен
о, нет! келіспим?!
Zhanat
Махаббат… қашан бақытты етесің адамдарды, қашан жылатпайсың ғашықтарды? Сынағың қашан бітеді екен? Қоспайтын болсаң, неге жолықтырасың? Неге қинайсың, соншама? Сағындырасың, жалықтырасың, күлдіресің, жылатасың, көтеріп тұрып тастап та жібересің, қинайсың....

Осы сұрақтар меніңде кеудемде тұр, жауап беретін кім бар екен
е Аллам сабыр бере гөр!
Uleke
шын ғашық бақытқа сөзсіз жетеді, тек кімді, не үшін сүйетінін сезінсе болды…
qyrmyzy
толығырақ, толығырақ…
Ademi
Неге махаббаттың бәрі күзбен аяқталады…
тағы да аяқталды…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.