Қара сақалды жігіттің балалық шағы немесе өткен күнге оралу

Ақ парақтағы ойлар /
Менің бала кезім цивилизация атаулыдан жырақта, Сырдың бойындағы аптаған ыстығы 50 градусқа тақалатын кең жайлауда өтті. Өкініштісі… Мен туылған кезде де, мен өскен кезде де біздің жайлаудағы үйге рәсім аппарат түгілі рәсімге түсірушілер де келмеген екен. Сол үшін де балалық шағымнан қалған фотоларым жоқ. Бұл үшін мені сөкпегейсіздер… Есімде бары ең алғашқы суретім 4 сыныпты оқып жатқанда үздік оқушылармен түскенім, және бір сыныпаралық жарыста түскенім еді. Сорыма орай, ол суреттің біреуі өзімде емес, мектептің үздіктер тақтасында қалып қойды…
Мынау жарыстағы суретім


Сондықтан, бөлісетін ешнәрсе болмаған соң, балалығымның тәтті естеліктерімен бөлісейін…

Уаз автокөлігі

1) Мен өте әлсіз болып туылған екем. Туылғанымда тіпті, дыбыс шығармаған көрінемін. 6 жасыма дейін айдаладағы үйде жалғыз өстім. Қарындасым бар. Екеуміз үйдің алдындағы құмға сурет салып ойнайтынбыз. Таңертеңгілік астан кейін қорадағы лақтармен ойнайтын едік… Үйден анамның: — Садықжаан, лақтарды құшақтай бермеңдер, иісі өзгеріп кетсе, мамалары алмай қояды! — дейтін сөздері әлі құлағымда. Атамның УАЗ дейтін машинасы бар еді. Анамның күбі шайқап жатқан, әжемнің жай шұлық немесе өрмекпен алаша тоқып жатқаны, әкемнің қойға шығар алдындағы шұлғауын орап жатқаны, атамның қора алдындағы темірлерін ары-бері аударып жатқандары, кішкентай kozy ның бесікте жатқаны әлі күнге есімде. Сағынамын. Сіздер мұны менің орнымда болмасаңыздар сезіне алмайсыздар…
Бұл «бәлелер» туылған кезінде тым сүйкімді болады:)


2) Өсе келе ініміз екеуміз шабандоз болдық. Аттың құлағында ойнау деген күнделікті тірлік еді. Бір күні анам бізді бір үйге жұмсады. Екеуміздің астымызда да жайдақ ат (ер тоқымсыз). Қайтып келе жатып жарысатын болдық. Сөйтіп, жоғары тұрған төбенің етегіне келіп аттың басын қоя бердік. Екеуміз де бір-бірімізге дес бермей келе жатыр едік. Сол сәтте мен оқ бойы озып алға шықтым. Жеңдім-ау деп ойлап келе жатсам, бір кезде інімнің аты алдымнан зу ете шықты. Қарасам, үстінде інім жоқ;)) Бірден кері бұрылып қайттым, інім құлап түсіпті. Оны атымның алдына отырғызып үйге алып келдім. Ол үйге келген соң иығым ауырып жатыр деп отыра кетті. Оны көрген анам: — Еркек болып аттан құлағаныңа жылап отырсың ба? деді. Оған намыстанған інім түні бойы иығы ауырса да дым үн шығарған жоқ. Таңертең бірдеңе болғанын сезіп, сынықшыға алып бардық. Інімнің бұғанасы морт сынған екен… Сақаралықтардың намысы-ай:) Сол інім қазірде Таэквандо спортынан қара белбеу иегері:) Нағыз Арлан:)
Мына жігіт сол kozy . Аты шынымен сондай:)

3) Мен мектепке барарда ауылдан үй алдық. Жаңа үйге атам мен әжем келді. Біз сол жерге бардық. Мектепке бармай жатып әріп танитын едім. Көршім Марат деген досым есімде. Менен алдын мектепке барған еді. Бірақ, күнде үйіне барып Ана Тілі деген сабақтан ертеңгілік тапсырмаларын дайындауға көмектесетін едім.

4) Мен мектепке шапан киіп баратын едім:) Апам керемет тігінші болатын. Қазір айналыспай кетті. Сол кездерді қазақша тақия мен шапанның коллекциясы бар еді. Даладан келген аңғал да арам ойы жоқ бүлдіршін оны ұят көрген дейсіз бе!?:) Бүгін мына шапан, ертең анаусы деп тізіп қоятын едім.

5) Айгерім деген қыз бар еді. Қазір тұрмыста. Балалы болды деп естідім. Сол қызды сүюші едім, ең алғашқы өлеңдерімді арнаған қыз. Көк көйлегін киіп толқын шашына ақ бантигін тағып сабаққа келетін кезі, кешегі күнге дейін түсіме кіріп жүрді. Ееех, мен тормозбын ғой:) Сол бір сезімімді хатқа да жазып айта алмадым. 4 сыныпқа өткен кезімізде олар көшіп кетті. Арадан жылдар өтті. Мен де қалаға келдім. Сол кезде де "Әйгерімді көремін-ау" деген үміт сейілмеген еді. Бірде жолда келе жатып бір дүкенге кірдім. Затты алып сатушы қыздың алдына жақындадым… Көрдім… Тілім жұтылды… Үйіне қонақ болуға шақырды. Бас тартпадым. Үйінде анасы мен әпкесі бар екен. Баяғы күндерді естелік етіп отырдық. Кешке қарай онымен айна алдында отырып таңға дейін сөйлестік. Таңертең қоштасып үйінен қимай шығып кеттім. Одан соң көрмедім…

Ой жан жаққа шашырап кетті. Ескі үйімді еске алып көзіме жас келді. Қазір бүкіл өмірімді сол жақта өткізуге мүмкіндік берілсе бас тартпас едім. Робинзон Крузоны түсінетін жан аз-ау, сірә:)

23 пікір

dimash
Бір деммен оқып шытым, брат!

«Кір жуып жатқан әйелді Ремарк сонша айқын көрсеткендіктен мұрныма жуып жатқан кірдің исі келді © Ғабит Мүсірепов». Сол сияқты болды ғой маған да…
Мен ауылдық жерді осындай туындылардан оқып білмесем басқалай қайдан білейін…
qyrmyzy
айнолайен, маскаңызды шешеғойыңызшы енД:)
pari
балалық шағың қызыққа толы болған екен:)))
pari
5) Айгерім деген қыз бар еді. Қазір тұрмыста. Балалы болды деп естідім. Сол қызды сүюші едім, ең алғашқы өлеңдерімді арнаған қыз. Көк көйлегін киіп толқын шашына ақ бантигін тағып сабаққа келетін кезі, кешегі күнге дейін түсіме кіріп жүрді. Ееех, мен тормозбын ғой:) Сол бір сезімімді хатқа да жазып айта алмадым. 4 сыныпқа өткен кезімізде олар көшіп кетті. Арадан жылдар өтті. Мен де қалаға келдім. Сол кезде де "Әйгерімді көремін-ау" деген үміт сейілмеген еді. Бірде жолда келе жатып бір дүкенге кірдім. Затты алып сатушы қыздың алдына жақындадым… Көрдім… Тілім жұтылды… Үйіне қонақ болуға шақырды. Бас тартпадым. Үйінде анасы мен әпкесі бар екен. Баяғы күндерді естелік етіп отырдық. Кешке қарай онымен айна алдында отырып таңға дейін сөйлестік. Таңертең қоштасып үйінен қимай шығып кеттім. Одан соң көрмедім…
мына жолдары тамаша жазылған.
Әсіресе… мына жолдары ақындардың жазғандарынан кем емес неткен сөздер десеңші…
Көк көйлегін киіп толқын шашына ақ бантигін тағып сабаққа келетін кезі

Жарайсың Брат
qyrmyzy
Кучт! Біздерге ертегі сияқты ма, кино сияқты ма мынадай өмір… Маддис, тағы, тағы жазшы…
Korkem
Біреуге эстафет қып лақтыржжіверш, барібір «жалғастырш» десек те жазбайтыныңды білеміз, тоймай қалдым…
AKA
Таяқшасыз-ақ жаза беріңізші, оқиық.
Korkem
Сізден ерекше күтудемін десем))) Садықтың мойны жар бермей жүрген болар, сіз алып, болған соң атын атап лақтырғайсыз))
AKA
Мен қошақан мен лақтарды жақсы көрееееем! :) Ауылдың осындай күнделікті күйбең тіршілігіне қарап қатты қызығамын, күшті ғой. Ауылдағы тірлікке, әжеме қалай асығатынымды білсең, мені мазақтамас ең :))) Оқи бергің келеді екен.
didi0393
Мадес бро Сақал! керемет жазылған!менікіндей қателері жоқ екен )))айтеуир жылауық бала болмапсыңғооу))))
ardak1996
ініңіз әдемі деп бір жерде айтып едім)))
Uleke
өте әсерлі! күбі піспегелі қай заман)) сағындық қой, амал қанша, оралмайтын қызық шақтарға тек қиялмен саяхат жасау ғана қалды ғой.
kozy
Садыыық сен мені жылата жаздадың… сол үшін жауап бересің әлі))) Балалық шағымның керемет кездері меніңде есімде))) Көктемде көк шөпке аунап, жазда Құркелеске шомылып, Күзде жиналған пресстің үстіне шығып ойнап, қыста биік төбеден шанамен сырғанауымызды ешқашан ұмытпаймын!
AyKoN
Қозының өз суретін көрдік кой… кім деп жүрсем Қарасақалдың інісі екен ғой
Kan
Жарайсың. Менде сендей қойшының баласымын. Сенің әр бір өздерің жүрегіме жақын. жайлауда өткен балалық естен кетер емес. Мен сенің бұл сырыңа өз үнімді қостым қабыл ал. Алла жар болсын.
mairosh
Оқыдым. Бірақ УАз автокөліктің қандай қатысы барын білмедім)).
didi0393


расында да солай го
kema
Iaaa, shirkin balalyq shaq((((Bireulerdin balalyq shagy bir aulymen, bir olkemen bilanyssa bireudi bireudi myn kubylgan. Meniki sol myn kubylgan balalyq shaq))) Shette tugandyktan balalygymnyn kobi kobi koshumen otti. Tai kulynyndai birge jarysyp osken dos ta bolmady((( Alaida, magan bergen bul omirdi kaita berse, okinbesten osy omirimdi multiksiz, dal osy kalpynda kaita omir surer edim))) Eh shirkin dunie-ai!!!
Qarasaqal, rahmet!!! Kop kop rahmet
Kinostrov
УАЗ машинасы биздн ауылда бар состояниясы жаксы любой АКПП машинаны алып кетет
Karakulov
жақсы жазба, Қарасақал, жарайсыз(+)! Эстафетаны Рубекең жалғастырса, әрі қарай мен осы олимпиадаға барған жерлестерімізді қалай қолдағанымыз жайында / үлкен жобаны жүзеге асырдық / мақала жазар едім өз кезегімде, иншАллах.
Aikona
керемет, сөзім жоқ…
serjan
Соңғы рет қаламы қарымды жазушылардың естеліктерінен оқып едім осындай жолдарды, бізде қозымен ойнап, тайға мінудің шетін көріп қалған жан болғасын әсері ерекше екен.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.