Күзде бүршік жарған қыз ғұмыры

Ақ парақтағы ойлар /
— Айка, кеттік.
— Қайда?
— Бүгін Темірдің туған күні, помнишь, диско клубта таныстырған едім ғой саған. Мә-ә жынды жігіт қой. Менің жігітімнің жолдасы.
— Жазок, ренжімеші, мен бара алмайтын шығармын. Мазам болмай отыр.
— Мяяяя Айка не болды саған? Өмірді саған екі рет бермейді. Қарап отырып осындай қызықтан қаласың ба енді. Ештеңе етпейді, қыдыр, ойна, күл жас кезіңде. Ертең кемпір болғанда отырасың мыжырайып, ешкім қарамайды да сосын. Темірді саған сындырып беремін, қара да тұр. Сенің ана сөйлесіп жүрген Қазыбегің маған ұнамайды ше, таза тормоз ба бірдеңе ғой. Оның қасында Темір міне во-о ғой,-деп Жазира бас бармағын көрсетті. – Жүр, жинал кеттік, тез.
Айым мен Жазира қаланың шетінде орналасқан Темірдің пәтеріне келді. Келсе Темірдің жолдастары жиналып қойған екен. Айымға барлығы бейтаныс, біраз үйрене алмай отырды. Жазира өзінің құрбысымен таныстырып отыр.
— Мынау менің жан подругам, Айым. Біз Айка дейміз.
— Хас сұлудың өзі екен,- деді Темір.
— Е-ее сен біздің Айканы кто деп тұрсың, бұл біздің аруымыз ғой,-деп жымиды.- Сен сияқты жігіттердің арманы. Қыздан құр қалып кетіп жүрме дегендей Темірге көзін қысып қойды, Жазира. «Олай болса, туған күніме жақсы бір сыйлық десейші, хммм...»
Айым біртоға, тұйық келген ауылдың қызы. Айым үшін қала өмірінің барлығы таңсық тұғын, құрбысы Жазираның арқасында бірте-бірте қала өміріне еніп барады. Екеуі бір жатақханада тұрады. Жазираның өмірден біраз көрген түйгені бар Айымға қарағанда. Екі жас үлкендігі де бар, сампылдап сөйлеп қалған пысық қыз. Оның түсінігінше өмірдің барлық қызығы күліп-ойнауда. Тұрмысқа шыққанша жүріп қалу керек деген түсінігі бар. Жігіттермен тез-ақ әңгімесі жарасып кетеді, қашан көрсең әр жігіттің қасында майысып тұрғанын байқайсың.
— Айым сен неге сөйлемей отырсың, ауырып отқан жоқсың ба?- Темір Айымның бетіне сұраулы жүзбен қарады.
— Менде бәрі жақсы,-Айым жымиды.
— Қане онда жақсы көңіл-күйіңнің құрметіне мына «зәм-зәм» суынан алып қояйық.
— Негізі ішпейтін едім.
— Ішпейтін қыз болушы ма еді, ішкізе алмайтын мына біз ғой, — Темір қарқылдап күліп алды, — Қане енді тартып қой, өзіңді жақсы сезінесің. Айым сәл тартынып стаканды имене қолына алды. – Айка давай-давай зонтик болсын, түбіне дейін,- Жазира жағаласып қалды. Айым алдындағыны қысыла алып қойды. – Міне жарайсың,-деп Темір қолпаштап қойды да, жаймен қыздың жанына жайғасып отырып алды.
Бұл уақытта көңілді отырыс жалғасын тауып жатты. Жазираның да жағдайы біразға келіп қалған-тын. Жігіттермен қалыспай-ақ, бір кісідей тартып отыр. Жігіті Кәрібектің құшағына «жайғасып» алған. Айым үшін де отырыс көңілді өтіп жатты. Жылы жүзді Темірді ішінен ұнатып отыр. Темір қыздың жанына ығысып, бауырына тарта түскісі келеді. Айымның да құлай кеткісі келіп отыр. Содан не керек туған күн кеші таң атқанша жалғасты. Бойында қызуы бар Айым үшін өмірдің бар қызығы, Жазира айтпақшы, осылар болып көрініп тұрды. Өзін өте жеңіл сезініп, рахат күй кешті…
… Таңертеңгісін мең-зеңі шығып, бүкіл денесі ауырсынып, көзін әрең тырнап ашып жан-жағына қараса… жанында Темір жатыр. Орнынан ұшып тұрғанымен, бәрі де кеш екенін түсініп, отыра қалып үнсіз егіле берді, егіле берді. Өзін-өзі тоқтата алмады. Бұрын соңды өзін бұлайша жек көрмеген екен. Темір де мұны жұбатып әлек болуда, «өзің ыңғай білдіргенге қайдан білейін» деп ақталған сыңай танытты. Темір өзін Айымға үйленетінін айтып, уәде беріп, қыздың өксігін әрең басты.
Осылай жүріп арада біраз уақыт өтті. Айымның өмірі күрт өзгерген. Бұрынғыдай емес. Томаға тұйық, өзімен өзі. Ешкімге ашылып сыр айтпайды. Жан құрбысы деген Жазираға өкпесі қара қазандай. Ал, Темір ертеңіне-ақ қарасын батырған болатын. Кімді кінәларын білмей дал болды. Өзіне-өзі лағнет айтты. «Өмірдің қызықтары осылар болса, түкірдім қызықтарына». Елге қарауға беті жоқ, іші де білініп келеді, күн өткен сайын. Айым мүлде тұйықталып кетті. Бұлай жүре бергенше тып-тыныш өле салғысы келді. Қанша рет өзіне қол жұмсауға оқталды да. Бірақ, жеме-жемге келгенде тосылып қалып жүрді.
Бір күні іші пысып бөлмесінде жатқан болатын. Қарап жатқанша уақыт өлтіру үшін сөредегі кітаптарды аударыстап жатқан еді. Қызықты кітаптар оқып көңілі серпіліп қалды, кітаптың қызығына беріліп кетіп, бір-екі кітапты аяқтап та тастады. Оны бітіргесін, тағы да жаңасын алып оқып көрді. Онысының іші тек дін жайлы екен. Қызығушылығы оянып оны да бастап кетті. Арасынан «...өздеріңді өлтірмеңдер. Расында, Алла сендерге ерекше мейірімді. Ал кім осы айтылғанды дұшпандық, зұлымдықпен істесе, оны жақында отқа саламыз. Бұл Аллаға оңай» («Ниса» сүресі, 29, 30-аяттар). "Өзіне өзі қол жұмсау өте ауыр күнә. Кім өз жанын қандай затпен қиса, тозақта сол затпен азапталады" деген Құран сүресі мен хадис жолдарын байқап қалды. Бойын бірден қорқыныш билеп кетті. Өзін жайсыз сезініп, денесі қалтырап кеткендей болды. Ертең ол күннің анық келетініне сенгендей болды. Өзіне өзі қол жұмсамағанына қуанды, білместіктің соңы неге апара жаздағанын түсінді. Сол күннен бастап Айым Ислам дініне қызығушылық білдіре бастады. Өзіне керекті барлық деректі сұрақты Ислам дінінен тапты, жанын жегідей жеген сұрақтарға жауаптар алдынан шықты. Көп ойланбастан намазға жығылды. Өмірдің қу қызығына алданып келгенін түсінді, өмірдің нағыз бақытын енді тапқандай сеззінді өзін. Көрген күніне шүкір айтуды үйренді. Сабырдың не екенін түсінді, Жаратушысын таныды. Тәубе деді. Ештен кеш жақсы. Ислам діні кез-келген уақытта құшағын кең жайып тұр барлық адамға. Сен күнәһар екенсің деп оны өзектен теппейді. Мейірімділіктің қайнар бұлағы Ислам дінінде жатқанын кеш те болса Айым түсінді. Қазір Айымнан бақытты жан жоқ…

Постскриптум: Әңгіме ойдан шығарылды

93 пікір

zhomart
Осы ғой енді
didi0393
ойдан шығарылғанымен өмірде болатын жағдайлар! ұжс Темір секілділерді жер калай көтеріп жүр екен!
didi0393
дұрыс мужская солидарность!))
qyrmyzy
ня болғанда, жігіттер жауапкершіліктен қашпауы тиіс, меніңше. Қыздың ақтан жұтып алғанын ескерсек, Темірдің пайдаланып қалғанына
Овечка болғанда, кінәсіз емес. Білмеймін, Темірді кінәләғым кеп тұр
banzaika1990
мен Жазираны кінәлағым кеп тұр
zhomart
Кімді кінәласаңдар оны кінәлаңдар, бастысы әңгімеден сабақ ала білсек, менің айтқым келген ойыма жақындай түсер едік
qyrmyzy
zhomart
ии не болды-әй, жайырақ…
AKA
pari
сіздің өмір жасыңыз ұзақ болатын шығар. қай жерде қарасам қарқ-қарқ күлкіңіз бітпейді,
Сұрайтыным, өмірде де осындайсыз ба?
qyrmyzy
АҚАны өмірде көргендер де арманда, көрмегендер де арманда ©. Пікірге көз жүгірткенше, постты оқы, постты
zhomart
күлкім келеді, күле беремін, күле беремін, күлуден еш шаршамаймын, және күліп өлемін © белгісіз автор
AKA
Айсара екеуіңді Құдай табыстырған екендаЧы!
qyrmyzy
шөп салуды бесінші сыныптан-ақ көрген ғой бұларсоның кесірі-ау
pari
екранның артында осылай күліп отырсыз ба?
qyrmyzy
шынымен, ауытқу бар сендерде. Даж жынысты ажырата алмай отырсыңдар
pari
сөзім жоқ © өмірде осылайсыз ба? сізбен кездеспесем скоро кездесейік реалда сөйлескенде осылай сайрайсыз ба? жоқ әлде тек виртуалды сайрайсыз ба? сіздің мінезіңіз қызықтырып барады білгім кеп ватыр ще
qyrmyzy
келя ғой, балақай. Реалда мынадаймын:
түк сөйлемеймін, себебі сөйлей алмаймын. Үндемеймін. Ұяламын. Тек виртуалда ғой біреулер сияқты батыр болатыным
pari
көрініп, тұр. Келесі жылы Алматы жаққа барармын сонда кездесуге қалай қарайсыз? ағайнымның үйіне барам қыдырып
qyrmyzy
келесі жылы анаяқа кетем. Келсең, биыл келіп, үндемейтін түрімді көріп кет. Няққа кетсең, дұрыс болар еді
Ademi
Маған жолай соғып кет. Айтарым бар саған. Емші, балшы, балгер, психологтардың түр-түрін жинап отырамын. Қам жеме, ақшасын өзім төлеймін.
Ais_97
аааа бәсе көрініп тұр
Ademi
осы айс пен пари бір кемпір ме деп қалам кейде алжыған
Ais_97
түүх сен де бір ол балалық махаббатқой
Ais_97
ай қоймадыңғо сен АКА, Сағыныштың досымын тек түсіншейш!
AKA
Айсара екеуің реалда да осындай болсаңдар, күлу былай тұрсын, ұрып кетуім мүмкін бандаммен.
Ais_97
Банда, ай АКА сен осы қатырасың
qyrmyzy
плакат сатып әкелуге кеттім. Кешке лозунгпен дворға шығам
zhomart
маған тапсырыс берсең болады: )
qyrmyzy
кәні, қалай жасайсың? Өнеріңді көрсетіп жібере ғой
zhomart
осылай істеп бермғо еслішө саған арзандатып дегендей: )))))))))))
pari
ема не мынау жасаум деп рұқсат алмайсыз ба? заңмен қудаланасың ©
zhomart
ұнадыма саған ©
zhomart
бұрышта махорка шегіп тұрған © Қарасақалдың бейнесі
pari
не сонда қосылғанда күлкіге қарқ боламыз ба ?
zhomart
Қайта саған бақыт тілеп отсақ, Айсара сияқты қыз әлемде кездесе бермейді
qyrmyzy
жасасееен дегенді тырнақшаға алшы
zhomart
Жасандылық байқала ма?
qyrmyzy
жасандылық боғанда, тырнақшаға кіргенде мағынасын өзгертеді ғой, әйтпесе шынымен солай екен деп ойлап қалар, мәләдес! Тапсырыс берем!
zhomart
квадрат метрі 700 — ден ғой, ақшасын қалай енді… келіссек болады… деп Паридің арқасында ақша істеп алғанба
qyrmyzy
анау-мынау емес, Паридің арқасында ма? Түскен ақшаға Париді емдетсең болатын еді ше
zhomart
Жоқ, кетқаламыз екеуміз
pari
паходу сізді де емдетіп жіберу керек артық етпейді
Ais_97
Жомарт қойшайш кетір ананы
Ais_97
бірақ банағыны кетірші сонда кешірем
Ais_97
Қоссаң қоса бер біз бәрібір қосылып кетпейміз жай ойын ақ болсын!
zhomart
Әзілім ғой Айсаражан, түсінгеніңе рахмет: )
Ais_97
аха келесіде қайталанбасын!
Ademi
келесіде анадай пост қайталанбасын!!!
Ademi
біздің де іш пысты…
көп нәрсе қоршаған подругаларына байланысты дер едім. Былай, әке-шешелері жаман тәрбие берді деп айта алмаймын, ақмақтықтан, жеңіл ойлаудан, андай қылықты подругалардың арқасында мынадай жағдайға тап болады.
AyKoN
duris kiz kez kelgen jerde ozin-ozi ustay aladi. Iwpeymin degen adamnin auzina ewkim iwimdik kuymaydi. ozin ustay almaytinin bilgen adam auzin tyu kerek onday otiristarda. kiskasi bar narse podruga men jigitte emes kizdin ozinde de...ewten kew jaksi imanga uyirilgeni jaksi
AKA
Әңгіменің басын оқығаннан-ақ белгілі ғой соңы мұндайдың… Санаға берсін деймін.
Mac
Қыздар ішімдік ішпендер!!!
Ademi
тағы қандай өсиетіңіз бар?
AKA
Әңгімені кім жазды, Жомарт, тез мойында?!
zhomart
Жайма, өзімнің ойымнан туған әңгімесымақ қой. Қорқытып жібердіңіз ғой(((
AKA
ҚорықпаШ, мұндай жаман ойдан арыл, саналы түрде әкелсейш дінге.
Ademi
соны айтам, жұрттың жігіттері біртүрлі ойлақалады ғҮӘ мына әңгімесымақтан © соң. былай жақсы жазылған. Қате-пәте жоқ. Төсекке апармай, мас күйінде үйіне қайтару керек еді. Былай идея айтайын, жазып көріңіз. Саналы түрде әкелейік дінге ©
zhomart
өмірде көргем десем(((
zhomart
мұндай жайды өмірде кездестіргенмін, ойлансын деймін. Осылай әңгіменің арасына «тығып» жібермесең ешкім қарамайды қазір дін туралы әңгімені. Өзімше ойлап тапқан "қулығым" ғой
AKA
Білем, түсініп те отырмын, бірақ өмірде болған ғой деп қалыпты жағдайға апара берсең не болғаны?! Бәрі бірдей керегін сұрыптап ала алмайды.
«Түүүһ, қыздарға ұзын шаш, әдемі көйлек сондай жарасады» деп, мақтап-мақтап жіберш, бітті, сондай болуға тырысады. Түнде бешірге барды, ішіп қойды, үйтіп қойды дегеннен ештеңе ұтпайсың, жақсы жағынан көрсет, сондай болуға ұмтылады сосын. Дауай, сенің қолыңнан келеді!
zhomart
Толықтай келісем Ақнұр сізбен. Және тырысып көрейін: ) Бірақ мақтаумен әңгіме бітпейтінін айтып өтсем ба деймін. Себебі қоғамдағы болып жатқан жағдайларды көрсетпесек, арты жақсылыққа апармайды ол. Бастысы түсіндіру жұмыстары сияқты меніңше, өмірде түрлі адамдар бар, осындай оқиғаларды оқып бір сәт болса да ойланама дисің ғой баяғы. Тек біржақты көзқарас қалыптастырмасақ екен
Ademi
Ақнұр
ВТФ?
мынадай сценарий ұсынайыншы. Кейіпкерлер Пари мен АЙс. Ары қарай фантазияңыз білсін. Әңгіме ертең осында тұрсын. Іске сәт!
zhomart
Сізге не жазып қойғанымды білмеймін флудтай бермеңізші поштам толқалды: ))))
Ademi
Флудтан екі метр © алыс жүретін адаммын. Саналы, салиқалы пікір жазып отырмын сізге! АҚА, түсіндірші мына жігітке айтпағымды, плииииз
zhomart
Саналы, салиқалы пікіріңіз үшін алғыстан басқа айтарым жоқ, Алла разы болсын
Ademi
күлкісі сүйкімді жігіт, жоғарыдағы пікірімді мейлде қоныстанған жігітке түсіндіріп жіберіңізші…
zhurttyn_balasy
++++++++
ойдан шығарылған болғасын хэппи энд қылып ойлай салмады ма екен. Сая мында кел ©
didi0393
негізі менде солай айткым келген ед! просты казір мындай стереотип кап койган ба не когамда: бойжеткен қыз намазға тұрса, оны сразу анаумен битіпті, мынаумен сүйтіпті деп құмалақсыз бал, домбырасыз бет, сусыз жолын ашып тастайды да! ол қыздың кандай себеппен намазға тұрғанын білмей жатып жалаөсекті сеуіп тастайды! сұмдыққо!
Ademi
мынадайды естіп, жағамды ұстамақ түгіл, түнімен құшақтап жаттым: намазхан досым осы айда үйленді. Қызы да намазханша. Хиджап киеді екен. Былай таныстық тойдан бұрын. жап-жақсы қыз. Досымның қарындасымен де араласатын ем. Ол да намазханша. Қалай былай, жеңгең деп сұрамаймын ба… сөйтсем, жарықтық, әке-шешем хиджап киеді екен деп, уайымдап отыр дейді. Ал, не істерімді білмей, не дерімді білмей қалдым андағы жерде. Әй, ұлы, қызы намаз оқыса… білмеймін. Содан, не керек, хиджабымды шешжівердім, жігітімнен айырылып қалмайын деп…
didi0393
уооот казактың пәлсапасы!
Ademi
Өсек деген кейде біраз кедергілер келтіретінін ескерсек…
Игнор болғанда, Банға тығып тастап жүре беруге де болады. Бірақ кейдір саналары тобыққа жетпейтін пенделер жұрттың көзінше бетке басатыны да баршылық. Намысқа булыққандар не істемейді дейсіз мұндай кезде
Ademi
Ол мені Қаратыв алсын. Күлкісі, шынымен де, әдемі ме??? Ойым кетіватыр...
Ademi
Жомарт деген никпен жүретін Айым жазған шығар
Zhanat
оңтүстіктің арзан газеттеріне таптырмас мақала екен
qyrmyzy
Охх, оңтүстіктегі газеттердің шығыстағы оқырманымын деңіз...
Korkem
Сізге қыздың жанын ұғу үшін қыз болып туылу керек. Ұнамады, неге оданда жігіттердің өмірін жазбасқа? Қыздар алданып жатыр дегенге тым аспандап кеткеніміз де жарамайтын секілді…
zhomart
Ұнатпағаның үшін рахмет: ) Әйтпесе жұлдыз ауруына шалдығу қаупі туындап тұр еді. Бұл жерде бір ғана мақсатпен шығарған едім негізі, өзіне-өзі қол жұмсаудың күнә екенін айтып қана және Ислам дініне шақыру болатын. Ал жоғарыдағы әңгіме пыросты себеп, сол жағдайға түсіп қалған қыз-жігіттерді Исламға шақыру. Сындарыңды тағыда асыға күтем: ))))
ereke_enu
Сондай қыздарға сондай жігіттер табылып қалатын шығар. Бірақ, кез келген жігітте арақ ішімдік ішпейтін, еш жігітпен жүрмеген қыз ұнайды.
Kemelkhanova
эх мурашки по телу. күшті екен…
Қыздың «Исламға» кіргеніне қатты қуандым)
dimash
Әкесін ұрғанды көрдім, бірақ арбаға байлап қойып ұрғанды алғаш көруім © деп таң қалғандай, менің де түсінігім ше «таза» қыздар «ақаңмен» дос болмайды.
Ak123
«особо одаренный» адамдар топастар дінге случайно кірген қыздардың бәрін болмаса да, біршамасын осындай сияқты жағдайлармен келд Исламға, деп ойлап қалуы мүмкін мына мысалыңыздан ағау
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.