Каддафидің шелпегі

Ақ парақтағы ойлар /


Бір күні жатақханада клавты тарсылдатып отырсам, есік қағылды. Тағы бір-екі рет тарсылдатып жібердім де есікті аштым. Жымиып, көзілдірігі өзіне жарасқан құрбым тұр, қолында шелпегі бар. Менің жағдайымды ойлап әкелген-ау деп қойып, бөлмеге кіргіздім. Жағдай сұрасып, корпустағы жаңалықтарды айтып,бізді сабақтан босатқан еді дипломдық жұмыс пен практика үшін біраз шүйіркелесіп алдық.

«Жатақханада шелпек пісіргенсің ба?» — деп, қалжыңдадым. Сөйтсем, құрбым сол кезде аты жер жарған Каддафи жайлы айта бастады.

Құрбыммен әр түрлі тақырыпта әңгіме айтатынбыз. Бірге біраз пресс-конфтарға барып, талай кесе шәй ішілген болатын сары үйшікте. Менен бір курс төмен оқыса да, жан құрбым, кеселесім, әріптесім еді.

Бірнеше күн бұрын Каддафи жайлы түсірілген видеоны қарауға кеңес беріп ем. Ол біраз ғаламторды ақтарған болу керек, бір күні түсіне еніпті жарықтық. Ертеңіне құрбыларына түсін айтып берсе, «ол сенен дәметіп жүр, жеті шелпек (қызылордаша күлше) пісіріп, құран оқыт» десе керек, аузын ашса, жүрегі көрінетін құрбым сабақтан келе сала, нан ашытып, шелпектің жұмысына кірісіпті.

Дайын болған соң, құран оқытып, көрші-қолаңына таратып шығыпты.

Шелпекке бір қарап, құрбыма бір қарап, еріксіз күлдім. Солай Каддафидің шелпегін жегенім бар.

P.S: мораль...?

Шелпекті суретке түсіріп ем, таппай отырмын. Мына суретті google.kzтен алдым.

11 пікір

Manas
Баяғыда ауылда мынадай надандық орын алып еді,.Бір ақ бет қағазды 20 адамға таратып сосын 7 шелпек пісіріп 7 адамға таратады.Сонда құт келеді дейді ауылдың айтқыштары, мына постты оқып есіме түсіп отыр)
qyrmyzy
Қағаз таратқаны қызық екен…
Mzafar
Мынаны көріп жұрттар Шамиль Басаев пен Саид Бурятскийге жеті шелпек пісірмесе болғаны:)))
qyrmyzy
Тамаша болғанда қандай… содан кейін оны одан да қатты жақсы көріп кеттім. Күлдім, бірақ басқаша күлдім.
Korkem
«ол сенен дәметіп жүр, жеті шелпек (қызылордаша күлше) пісіріп, құран оқыт»
ӨРТ!
qyrmyzy
Шын, олар күлше дейді екен
AKA
Қойшиии, барлық жерде солай айтады, біз күлше де, шелпек деп те айтамыз. Көбіне шелпек деп кішкентайын айтады ғой.
Manshukn
уа ха ха қатырыпты :))))
ereke_enu
Каддафидің шелпегін жеуге тәбет жоқ)))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.