?????...осы сұраққа қалай жауап берер едіңіз

Ақ парақтағы ойлар /
сен кімсің?
не үшін өмір сүресің?
өміріңнің мақсаты не?
жақсылық қайда? жамандық ше?
бай болсаңда атақты болсаңда саған не пайда?
бүгінгі ісіңнің ертеңгі тіршілігіңнің не мәні бар?
өлімді жеңетін күш барма, сірә?
неге сүйенсең жаныңа сая табасың?

сіздер осы сұрақтарға қалай жауап берер едіңіздер?<img src=«http://» / >

24 пікір

akil_kalta01
Сұрақтарыңызға нақты жауап алу үшін сағаттап отырып сұхбаттасыдың өзі аздық етеді.
Дегенмен әр адамның жауабы өз "ішінде" (оның ойы).
Мен қысқаша жауап бере кетейін:

1. Адаммын, akil_kalta01

2. Өмірге келгенсоң өмір сүремін. "Өзім үшін" өмір сүремін.

3. «Фәниден» «бақиға» абыроймен аттану.

4. Адамның ниетінде. (Қасиетті кітапта жазылған)
5. «Бай» болғаным пайда «атақты» болғаным пайда.

6. «3.» қайта оқыңыз :))

7. Өлімді жеңетін күш жоқ. "Өлім" ол өтпелі құбылыс.

8. Өмірдің жалған екенін еске түсіріп, жаныма сая табамын! :)
ereke_enu
8. Өмірдің жалған екенін еске түсіріп, жаныма сая табамын!
Ия, кейде өлген кісілерді, ауру-кемтарларды еске алып отырып, өз өміріңе шүкіршілік етесің.
Aina
неге сіз болашақ Қазақстан үшін өмір сүрмейсіз?
akil_kalta01
Мына сөзіңізден кейін сіздің жауабыңызды оқығым келіп кетті! Сіздің жауапты күтеміз :)
Қазақстан үшін, ата-анам үшін, бала-шағам үшін деп жаза салуға болады, бірақ ол жалған жауап болар еді. Жарайды олай болғанның өзінде түптің-түбінде бәрібір өзіміз үшін өмір сүреміз!
Aina
сіз адаммын дейсіз бірақ бұл сіздің биологиялық түріңіз
akil_kalta01
Сіз жалпы қай жағынан қойып едіңіз? Рухани жағынанда, биологиялық жағынан да АДАММЫН :))
Ais_97
Менің жауабым:

1.Жасөспірім мектептік жастағы қызбын.
2.Әрине өзімнің ізгі істерім үшін, ата-анам үшін өмір сүремін.

3.Өмірімнің мақсаты-талай жетістіктерге жетіп, жақсы мамандық иесі атану.Ата-анамды қуанту.

4.Жақсылық та, жамандық та болады.Тек жақсы нәрсеге ұмтылған дұрыс деп ойлаймын!

5.Мәселе бай болуда емес, ақшаны оңды-солды ысырап қылмай,үнемдеуіңде.

6.Мәні айта берсең көп!

7.Өлімді жеңетін күш ол тек-өмірге деген құлшынысыңды арттырып, пайдалы істермен айналысу.Өлімді де жеңе білу керек!

8.Жақсы нәрселерді ғана ойлап, көңіліме сая табамын!
қарабетпін
дәл қазір білмеймін
бақытқа жету
жақсылық — анадан, жамандық — анасынан безгеннен
атақты болсам пайда маған емес, нәпсім мен іштегі шайтанға болар еді
Алла мен әке-шешенің қалауы әрқашанда мәнді, демек маған пайдалы
бар, ол — ақ жүрек
жаным әзірге сая тапқан емес
ereke_enu
қарабетпін
«Неге???» деген сұрақ қайта-қайта мазалап жатыр
без комментариев, Ереке))
былай келісейік, 1-2 күн жауаптарға қатысты пікрі мен сұрақтар қойылмасын. кейн барлық қолданушы жауап бергеннен кейн сұрақтарымызды қоямыз. әйтпесе қазір көбісі өз ойының түпнұсқасын емес, пікірлерден өзгерген ойын жазып онша қызық болмай қалады)) солай етеміз бе?
Manas
1.Жаратушының жәй ғана құлымын.
2.Өмір сынақ, сынақтан сүрінбей өту үшін.
3.Барынша сауап жинау(ана жаққа дайындық)
4.Жақсылық-ізгі істе, жамандық-тілден
5.Бай болсаңда, атақты болсаңда өз орыңды білу керек.
6.Сауаппен өткізсең мәні бар.
7.Ешқашан.
8.Өзімнің біреуден шүкір екенімді көргенде жаным сая табады.
Togzhan
1)Былтыр педагогока деген сабақ болған еді. Осы сұраққа менің сондағы берген жауабым былай болды: Мен — пендемін. Пендеге тән қасиеттер бар бойымда. Мен өзімді-өзім тәрбиелеушімін. Негізі, адам өзі жіберген қателіктері, сонымен қатар өзгенің жағымсыз қылықтарына қарай өзін тәрбиелейді. Мен де солардың қатарындамын. Әлеуметтік жағдайым көштің ортасы. Өзім-студентпін. Өмірде қабырғамды қайыстырар қайғыларды өткерсем де, түңілмен өмірден. Жақын адамдарымнан айырылсам да, материалдық жағдайдан қиындық көргем жоқ. Сонда да, өзімде бір түсініксіз мінездер сыр берген. Өзімді өзім танығым келеді. Мінезім құбылмалы. Көп ортасында көңілді болғаныммен, жалғыздықта мұңға берілем. Ерекше бір нәрсемен айланыссам деймін, тәуекелге бел буа алмай жүрмін. Психологияға қызығам, адамның өмірі туралы, өмірдегі адамның маңызы туралы оқығанды ұнатам. Өмірім босқа өтпесе екен деймін, бірақ ағын судай ағып жатыр. Қ.Аманжоловтың:
Күлемін де жылаймын,
Жылаймын да күлемін.
Heгe ғана бұлаймын, — Өзім ғана білемін.
Өкінбеймін өмірге
Босқа келген екем деп.
Өкінемін бір күнде
Түк бітірмей кетем деп-
деген шумақтары менің жаныммен сарындас, үндес.
2) Осы сұраққа жиі ойланушы едім бір кездері. Қазір әр күніме шүкіршілік етемін.
3)Жақсы адал азамат болса екен деймін.
4)Екеуі де барлық жерде болады.
5)Бай да, атақты да емеспін. Байлықтың да, атақтың да дұрыс пайдалана білмесең басыңа сор болатыны анық.
6)Абыройлы болсам деймін:). Жақсы маман иесі болсам деймін.
7)Жоқ!
8)Сая табу… Өзімді жақсы көретін адамдарымның барлығына шүкірлік етемін, отбасымның амандығына, әр таңда басымыз аман болғанын көргенде. Кейде бір ашуланып қалғанда, осы нәрселер сабырға шақырады. Әлде сұрақты дұрыс түсінбедім бе?)
banzaika1990
Екінші сұраққа жауап бермеген сияқтысыз ғой
Togzhan
Бердім:) толық болмаса да
Aina
сіздер анкета толтырып жатқан адамдар сияқтысыздар өтінем, толық жауап беріңіздерші
ее, мұндай сұрақтардың толық жауабы іште болу керек қо))
Jako
сен кімсің? Пендемін.
не үшін өмір сүресің? Пендеге тәннің бәрі маған жат емес.
өміріңнің мақсаты не? Өмір сүру.
жақсылық қайда? жамандық ше? Әрқайсысы өз орнында.
бай болсаңда атақты болсаңда саған не пайда? Байболған керемет.
бүгінгі ісіңнің ертеңгі тіршілігіңнің не мәні бар? Ертенімнің бәрін бүгін істеп қойғанм ын.
өлімді жеңетін күш барма, сірә? Ақымақ қана солай ойлайды.
неге сүйенсең жаныңа сая табасың? Өмірде ақымақтардың барлығы мен үшін
ермек,Құдайға шүкіршілік әі әзір олар
жетершілік.
dimash
Жұрттың баласымын
Өмірге әкеліп, тәрбиелеп, оқытқаны үшін ата-анамның алдындағы қарызымды өтеу үшін
Анамды сыйлайтын, өзіме лайықты әйелге үйлену… (осы темада әзір ойлауым ерте болса да кейде мазалайды)
Жақсылық — жауапкершіліктің болуы, жамандық — болмауы!
Бай болсам шалқып өмір сүремін, атақты болсам артымда өшпес із қалады… Бірақ із қалғаның да онша қаламаймын…
Бүінгі күнімде сабағымда жақсы оқысам, іздене берсем, болашақта абыройлы маман боламын, абыройлы болғанға не жетсін.
Ондай «панацея» табылған жағдайда да оны қабылдамаған болар едім
Өмірде анам, бауырларым, сенімді достарым бар екенін есіме ойласам жаным жай табады
Осы сұрақтарға осылай жауап берер едіім)
Kan
Ақіретім үшін өмір түсіремін. Қолымнан келсе Қазақстанның болашағы үшін еңбек етемін.
khairbek
Расында Аллах бізді жаратты, бізге ризық берді жәнеде бізді бостан босқа тастап қоймады, керісінше бізге елші жіберді. Кім елшіге бой ұсынса жаннатқа кіреді, кім бойұсынбаса тозаққа кіреді.
Дәлел. Аллаһ Тағаланың сөзі: «Расында Біз Перғауынға елші жібергеніміз сияқты, сендерге де куәгер елші жібердік. Перғауын елшіге бой ұсынбады. Біз оны қатты ұстаумен ұстадық» («Музаммил» — 15-16 ) Тағыда зарият сүресінің 56шы аятында Аллах тағала мен жындармее адамдарды өзіме құлшылық ету үшін жараттым деді
Aikona
сен кімсің? адаммын
не үшін өмір сүресің? адам болып өмірге келген соң
өміріңнің мақсаты не? адам атымды сақтап, ана мен дана келін атану
жақсылық қайда? жамандық ше? жақсылық та жамандықта адамның ниетінде
бай болсаңда атақты болсаңда саған не пайда? бай болу мен атақты болуды армандап көрмеппін, бірақ мүмкіндіктер мен еркіндік беретініне сенімдімін
бүгінгі ісіңнің ертеңгі тіршілігіңнің не мәні бар? бүгінгі күнім ертеңге қалап жатқан кірпішім, ертеңгі күнімнің мәні бүгінгі ісіме байланысты
өлімді жеңетін күш барма, сірә? алла берген ғұмырдан артық күш бар деп ойламаймын
неге сүйенсең жаныңа сая табасың? әке шешемнің амандығын көрсем, жанымның еркелеткен сәттерінен сая табамын
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.