Саксофон

Ақ парақтағы ойлар /
Жұрттың үйінде жоқ инструмент, оның үйіндегі қоңыр-сары саксофон! Онымен зор да романтикалық әуеннің бастапқы үзіндісін ғана ойнап, әрі қарай тыңдай бергің келетін әуенді ойнамай қоятын қыңырлығы болмаса, былай ақкөңіл амиго еді.
Дежавю! Иә! Саксофон көрсем, сен амиго еске түсесің.
Кешкі жиналатын уақыт. Біз бір топ. Мектепте 3-4 оқып жүрген кезде ауданға бір бұзық бала көшіп кеп, соның көш бастауымен талай қызықты бастан кешкен едік. Кешке жиналып (сенімді балалар ғана) түнде ірі дүкеннің складының бетон қоршауынан секіріп түсіп, краскаларды банкасымен қоршаудан асыра лақтырып, құшақтап құшақтап тыраштанып қаша жөнеліп, ескі бұзылған лабораторияның шатырына әкеп жинай беретінбіз. Ештеңеге жаратпаймыз, соны әлі күнге түсінбеймін няғып ұрлайтынымзы. Адреналин қатты ойнайтын сол уақыттары.
Қасымызда жүргендердің бірі — Нурик-шурик. Өте жуас әрі сыпайы. Жалпы, тым сыпайы балаларға сенім жоқ дейтін қағида бұл жерде жүрмейді. Сабақты жақсы оқитын. Ақкөңіл еді. Аузын ашса — ар жағынан асфальт көрініп жатса, таң қалмаңыз. Сонымен қатар, қызғаншақтығы да бар. Әрине, көп жағдайда қате түсінгендіктен қызғанғандығын да мойындай салатынын жасырмау керек. Оқу озаты болған соң, көп көмек сұрадық. Ол өз кезегінде аянып қалатын кездері сирек еді, болса да себепті көрінетін. Өз кезегінде басқадан көмек сұрағанда өзі сияқты жомарттық танытатын амиголар некен-саяқ, сонда да оның қажет кезде аянбаған кездеріне рахметтен басқа айтар жоқ еді.
Оның ұнатқан қызы бар еді. Сондай сұлу әрі ақылды демес едім өз көзқарасым, оның үстіне, тиянақты, оқуын озат оқитын әрі сауаты жоғары амигоның бұндай қыз құрығына не себепті ілінгені белгісіз! Қыз артынан еремін, сүйемін деп жүріп, көмек сұрап келгенде әңгіме жоқ шамамызша жанынан табылдық. Бірақ, ол еңбегінің бәрі ақыры бекерге кетті. Аралары үзілген екен. Ол қызды ма, әлде қыз оны тастап кетті ме, ол жағынан да хабар жоқ. Көз жасын достарына ғана көрсететін, сырын достарымен бөлісетін. Иә. Қызымен арасы үзілгенде де ол көзіне жас алғаны бар. Себебі, қызы басқа біреумен жүреді! Барып төбелесеміз бе? Жоқ. Ол бізден бірнеше жас үлкен. Бір жас үлкен сыныптың балаларының өзі үлкен болып елестейтін, есесіне, бір саты төмен сыныптың балалары көз алдымызға «балапан» болып елестейтін. Неткен «баланс»!
Бәрі болады. Біз кішкентай баламыз. (Айгөлек журналына жазылғанымыз және бар, сондағы бір өлеңнен үзінді)
Жылап-сықтау былай тұрсын, бұлардың бәрі міндетті түрде барлығының басынан өтеді. Сондықтан, бастапқы тәжірибесіз амиго ретінде, сенің де басыңнан өтуі заңдылық. Оған енді грамм ренжімегін шыны керек. Мықты бол дегеннен басқа айтар жоқ! (кейін есейген соң келген ой)
Кішкентай кезімізде, топ балалардың әрқайсысының өзіне тән характері бар еді ғой. Ол көп жағдайда өмір бойы қалатын еш бояусыз қасиет көрінеді. Қалай дегенмен де, балалық шақ — адамның еш жасандылықсыз кезеңі. Сонымен қатар, неге жапондықтар адамның өмір бойғы қасиетінің жетпіс пайыздан астамы, 5-7 жасқа дейін қалыптасып қояды дейді? Мәне, ғалымдар зерттеген мәселе қайда жатыр. Кейінгі ересектердің тірлігі — маска.
Қандай жағдай болсын, мен бала кезімдегі көріп өскен әрі сенген достарыма деген сенімді жоғалтқым келмейді дегім келеді.

2 пікір

Korkem
Иә, бұрын бір сынып жоғарғылар сұмдық үлкен көрінуші еді, қазір қарап отырып күлгім келеді. ))
Қызық екен балалық шағың)
ereke_enu
Айтпа. Балалық шақты бірге өткізген достар бөлек боп тұрады ғой. Қанша жыл хабарласпай кетсең де, күні кеше айрылысқандай еш қысылмай әңгімелесе бересің. Әттең, жете алмай жүрмін, ай бір от души түнімен сыр шертетін.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.