Күз...

Ақ парақтағы ойлар /
Бар бояуы мезгілдің қаныққанда,
Табиғатты өзіңдей жан ұққанба?
Дір-дір етіп қалтырап, жапырақта,
Қамыққанда, әр күні жарық таңда.
Сарғыш түске боялып, атырап бар.
Сытырлайды сыр тартып, жапырақтар.
Таңғажайып табиғат алмасуын,
Суретшінің көзімен бақылап қал.
Қарашы, күрең қабақ күзге мынау,
Қынадай қалындапты түзде мынау.
Боз бұта, қызыл қурай сылдыр қағып,
Жарыса, соғылғандай жүз қоңырау.
Қапталған қалың көштей қара ала бұлт,
Шығысқа жер бауырлап, барады ауып.
Қайтарда мұңлы шыққан қаз қанқылы,
Құлақта ғұмыр бойы қалары анық.
Тапжылмай төңірекке қарадым мен.
Селдір бақ сыбдырлайды баяу үнмен.
Сары ала қазыдай боп жатқан күзді.
Басуға батпай тұрмын аяғыммен.

3 пікір

Jako
Ретро стилде жазылған өлең сияқты,ілмектері де қызық.
Сарғыш түске боялып, атырап бар.
Сытырлайды сыр тартып, жапырақтар. kuzdi jaksi beunelagensin.
AiDaNa-AiDaNa
Бұл сайтқа тіркеліп коптен бері кірмей жургенмін. Ең алғашқы жіберген өлеңдерім ғой. Алда әлі талайын жіберемін… Сайт өте жақсы екен.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.