Қуаныш сыйлаңыз әрқашан!

Ақ парақтағы ойлар /
Алматы. Таң. Жұмыс. Аялдама. Күту. Қоғамдық көлік. Кептеліс. Кешігу. Ескерту алу…

Таңертең ерте шықтым жұмысқа. Бір жақсысы — бірнеше автобуспен баруға болатын мүмкіндігім бар. Бір автобустан жалыққан соң екіншісімен барамын. Сол күні 63ке отырдым. Көңіл-күй тамаша! Орын да табыла кетті. Баяғы әндерімді тыңдай бастадым. Күн де әдемі…

Универдің аялдамасына тоқтады автобус. Біраз тұрды. Көзім бір қызға түсіп кетті… жүрегім ауырды. Әдеміше киінген. Тіпті «балмұздаққа» да ұқсамайды. Таң атпай… Көзінің жасын сүртіп жіберіп, алысқа көз тігіп тұрды қыз.

Неге? Кім ренжітті екен? Не үшін таңмен жылайды? Сабақ басталатын да уақыт емес. Әке-шешесін сағынып жылады ма екен? Бір мәселе мазалады ма? Ауырып тұр ма? Жұмбақ… Неге жылағаны белгісіз.

Жыламаңыздаршы, қыздар. Жылатпаңыздаршы қасыңыздағыларды да. Шешіледі бәрі.

Жақсы көңіл-күй сыйлаңыздаршы бір-біріңізге. Бір күн бар, бір күн жоқ… өкінбеу үшін артынан. Мүмкін онымен соңғы рет тілдесіп тұрған шығарсыз, кім біледі?

Пысы: Сіз үшін маңыздылығы төмен кез келген іс-әрекет айналаңыздағылар үшін керемет дүние болуы мүмкін.
Есіңізде болсын: «Жалғыз қаздың үні шықпас».

31 пікір

qyrmyzy
Жақсы көңіл-күй сыйлаудың жолдары көп. Шәйнектер үшін оны да жаза аламын. Досыңыз қиналып жүруі мүмкін. Сіздің түкке тұрмайтын дүниелеріңіз оны титтей болса да қуантуы мүмкін.
qyrmyzy
мүмкін соңғы постым шығар… ертең не боларын ешкім білмейді ғой.
Mzafar
Орыстар «хорошое слово — половина корова», яғни жақсы сөз — жарым ырыс дейді, так ыштоооо....))))
ereke_enu
Сен қорқыта бастадың шо та
ereke_enu
Жыласа оған себеп болғаны да. Өкінішті-ақ((( Кішкентай кезде күшті еді да, көзіңе мөлтілдеп жас келе қояды. Қазір жылау үшін білмейм нендей жағдай болу керек екендігін. Бірақ, кей қыздар болмашы нәрсеге де жылай салады ғой. Тек қыздарға ғана жылау жарасар.
qyrmyzy
Драма көрген жақсы. Қарап отырып жылаған сияқты боп ішіңдегіні шығарып аласың...
ereke_enu
Кешігу. Ескерту алу…
Ха, мешөк екенсің ғой өзің)))) Әзіл ғой. Жылаватқан жоқсың ба?;)
qyrmyzy
Хехе, мы тоже люди. Кешігіп келгенімде айтты:) Енд Алматыны басқалардан көрі сен жақсы білесің ғой… 3 күн болды мешөққа айналайын деп жүргеніме, тұзым жеңіл екен:) Қой, жылағаны нес?? Ят емес пе?)
Daniar_alan
Шешіледі бәрі.

әдемі қыздарға… мүмкін… «барлық мәселе шешімін табады» десеңіз түсінер ма едім…
qyrmyzy
Қырмызы стайл:)
Ak123
Көшеде жылаған адам көрсем жүрегім ауырады(((Мүмкін, өзім көшеде жылаған адам тек бір қайғылы жағдайда жылайд деп ойлағаннан болар… Себебі, өзім ешкімге көз жасымды көрсетпеуге тырысам…
qyrmyzy
Әлсіздігің деп жатады… Орнымен:)
VVVWWW
Мен де тамаша көңіл-күймен кіріп едім қазір, осы сайтқа (кім не айтып жатыр екен, қандай қызық бар т.б.). Мына жазбаны оқып менің де жылағым келіп кетті ғой… Дұрыс айтады, жыламаңыздаршы, а, Қыздар…
Жазба ұнады (эмоциясын (көңіл-күйін) өте тамаша жеткізген)
banzaika1990
Кім білсін неге жылағанын?! Өмірді қойып кинодағы көңілсіз сәттерге білдіртпей көзімізді сығымдап алатын кезер болады емес пе?!
Үйдің кенжесі болғандықтан үйде ешқашан басымнан сөз асырып көрмегем,үйде ешқашан айғайлап ұрсқан емес, сол себепті болар біреу ауыр сөз айтса болды бірден көзіме жас үйіріледі. Мектепте де мұғалімдер ұрсса әрең шыдайтынмын. Сондай бір келеңсіз жағдай болған болар. Өткінші болғай. Ешкашан көзіміз жас төкпесін.
m170785
ішінде тырмалап жатқан сыр бар шығар, дал болып басы қатып.
khairbek
көктем қылып көрсетседе манайын
көріп жүрміз өкпешілдің талайын
Өшігуді қояйықшы біреуге
Кешірімді болайықшы Ағайын
Delfina
Дұрыс айтасың. Бірақ өзінді ренжетсе қалай кешірімді болып жүре береміз?
qyrmyzy
Кешіреміз-ақ… көңіл баяғыдай болмайтыны тағы бар…
Delfina
Бір рет менде сондай жағдай болған. таң атпай емес бірақ, кеш бата. Үйде бір келеңсіз жағдай болып сыртқа шығып кеткем. Сол жылап жүріп қаланың жарты жолын жаяу жүріп тастаған уақытымда болды.
qyrmyzy
:( жыламаңызшы енді
khairbek
Жалғыз қаздын үні шыкпас?????? мумкін Жалгыз жүріп жол тапканша көппен жүріп адас деп айтқын келген шығар?????
Aikona
Таңғы ой жақсы идеялар береді)
qyrmyzy
әсіресе пробкада тұрғанда
zhomart
Сіз біз десіп сыйласқанға ештеңе жете қоймас, сірә
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.