"Аяқталмаған кітап". Садық Шерімбек, 201x жыл

Ақ парақтағы ойлар /
Кітап… Осы ой қайдан келгенін білмеймін. Бірақ, қызық болып кетті. Қысқасы, кітап жазып бастадым.

...Әдетте күнделікті яки кітапты не үшін жазатынын әсті ойланып көрмеппін. Әбден техникалық әдебиетті оқып қалған менің санам бұл жазуларымды неден бастарын да білмей дел-сал. Бұл кітапты жазып бастауымның басты алғышарты – өзімді өзгерткім келгендіктен де болар. Соңғы мезеттердегі айналамдағы адамдардың алшақтана бастауы, өзімді аздап қынжылтқанымен жеке өмірімдегі шартты нәрселерді бір сантиметрге де алға жылжыта қойған жоқ...
Осылай алғысөзі кішкене, негативтілеу басталғанымен кітапты оқу барысында зерікпейсіздер деп ойлаймын.
Бұл кітап не туралы?
Бұл кітап әзірге ештеңе туралы емес. Яғни, жоспар да басқа да нәрсе жоқ. Күнделік стиліндегі кішігірім «мемуарлардан» тұратын бұл кітаптың мазмұнына әзірге нақты ештеңе айта алмаймын.
Бұл кітап кім үшін?
Шетелдік әдебиеттерді оқысаңыз, алғашқы беттердің біріне "Әйелім Джейнге арналады", "Қос ұлым Дэн мен Арниге арналады" деген сияқты нәрселер жазып қояды. Бір бетті аяп тұрғам жоқ, әрине. Сондықтан мен де сол үрдісті сақтаған күйде, маған осы кітаптың жазылу барысында ең көп әсерін тигізетін адамның атын жазып қоямын. Ал, негізінде кітап сіз бен біз үшін.
Бұл кітап қашан шығады?
Кітаптың шығу уақыты белгісіз. 100 парақ толған соң бірден шығарамын. Қазір 4 парағы жазулы:)
Бұл кітапты қайдан аламын?
Міне, проблема! Әрине, осы сайттан:) .PDF форматын тегін, баспа түрін сыйлыққа беремін =)))
Тақырыпқа қатысы жоқ...
— Садко, ұйықтайықшы а!
— Қазір жатамын. Жаурасаң, шкафтан жамылғы ала сал…
«Аяқталмаған кітапты» аяқтауымды күтіңіздер, дДостар:)

24 пікір

qyrmyzy
Жіләдім. Жарайсың! Алға қарай жүре бермей, кейде артқа, жан-жағыңа, айналаңа көз салып шығу керек.
akil_kalta01
Қырмызы досым соңғы кездері көпы жылайтын болып кетіпсің ғой! Көңілің дәл бүгінгідей бос болатын болса Садықтың кітабын соңына дейін оқи алмай қаласың ба деп алаңдап отырмын :)))!
qyrmyzy
:) Алаңдама, бәрі жақсы, рахмет үлкен!
Jako
Іске сәт, алға, жақсы кітап шығуына тілектеспін!
Aikona
Өз өзіңе есеп жақсы ғой…
Korkem
Кідәй-әй, джанеем-ау неше жыл күтеміз мұны? чикалаД жегісі келген балаға оның сыртқы қағазын көрсеткенмен тең ғой мынау, аясаңшы))) ылғи үйстет бұл, шахмат үйрет((
khairbek
кітапты кім жазу керек? кітапты ұшқыр ойлы, парасатты, көпті көрген манызды емес көпті білген адам жазу керек дим да, бір шал бар 80дегі Қырғызстаннын астанасын білмейт, ал сол шалдан Гвинея Бисаудын астанасын сұрауға болама? айтындаршы? онда ол шалдын ваще давлениясы көтеріліп кетедіго не айтам енды бауын берік болсын, ата ананнын қызығын КӨр, негізі мен бір де бір кітапты доканса окып көрмеген адаммын, кітап оқып не керек ГУГЛ аман болсын!!! осындай шашыранқы пыкырыме кешірім сурайм алдын ала) Құлақ салып тындагандарнызға РАХА!!!
qyrmyzy
:))))))))
Аман болшы.
konvict
Қазақ әдебиеті тағы бір құсықпен толықпақ де(((((
qyrmyzy
Моржигыңа кітап арнауыңа кім-не кедергі?
pari
Кітап жазғанда оқиға туралы жазатын болсаңыз… Композициялық құрылыстың мына шарттары сақталса, жақсы болар еді:
1. Оқиғаның басталуы
2. Оқиғаның дамуы
3. Оқиғаның шиеленісуі
4. Оқиғаның шарықтау шегі
5. Оқиғаның шешімі
6. Қорытынды.

Осы шарттарды сақтай отырып жазсаңыз, оқығанда қызықты болады әрі әсерлі болады:)
Korkem
мяяяя, сен нағыз жазушы болатын адамсың ғо
pari
мәә менің үш кітабым сатылымға шыққанғо;)))
akil_kalta01
Пари ішегімді үзіп тынатын болдың ғой! :) Сатылымға шыққан соң өтті ма? =))). Тамаша жігітсің ғой! =)
pari
Постты сіз бе деген?:(((
Dan4ik
Садко бауырееееееем ырзамыыын… кітаптың ішінде бізде жүрсек одан асқан бақытым бомас хихи...
Zhanat
менің басымда бір кітаптың жазбалары жатыр, шіркін соны алып жазып алса ғой біреу. еріншектің жеңіп қолдарымды жіпсіз байлап жүр ғой. Іске сәт.
mairosh
Керемет. Іске сәт!
akil_kalta01
Бауырым сенің кітабыңнан өз басым мән мен мағынаға толы дүниелерді оқығым келеді!
Кітапқа қолымыз жететін күн алыс емес секілді ғой. «201x жыл» болса.
Ал енді ғаламторды бір сәтке өшіріп кітап жазуға кіріс ІСКЕ СӘТ!
didi0393
Wow?!kitap? Molodes!jigitsin!tak derzhat'bro) Maganda bir betin arnaisyngoii daaaa?;-)
AL-ASTER
Иә иә, кіріспеге айтаберліктердің есімдері мен оларға қатысты ақпарат бар деп 1000 беттік кітап болса да, ол кітапты аса зор ізденіспен оқып шығатын амиголар табылады. (елестетсем, өзім де оқығым келіп кетті)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.