Иманды ананың хатпен шыққан мейірімді үні

Ақ парақтағы ойлар /
" Аманбысың, қызым! Жағдайың, көңіл- күйің қалай? Уақытылы тамақтанып, намазыңды үзбей оқып жүрсің бе? Жайдарлым, жүрегіңдегі таудай мақсатыңмен біз көрмеген алыстағы үлкен қалаға, бөтен ортаға кеттің. Әйтсе де, талабына нұр жаусын! Дегенмен атаңа тартқан қайсар мінезіңмен қиындыққа төзімдісің, әйтеуір мұратына жетеді деген үмітімді ақтайды деп сенемін. Сені әр кез есіме алып, сағынамын. Інің болса, сабағының арасында медреседен ілім үйреніп, «апам тәрізді мен де намаз оқимын»- дейді. Түсімде жабырқаулысын,қиналып жүрсінбе, бір ауыз болсада хат жазып хабарынды бер.Бәріне ие-АЛЛАХ, иманынды әлсіретпе, жүрегінді рухтандырып отыр-деген ақылымды ұмытпа.Бойынды жамандыққа жуытпа, жүрегінді әрдайым таза ұста.менің берген орамалым үнемі басында болсын, анамның көзі деп тағып жүр, етек-жеңді жинап жүргейсін.Ата-әженнен дарыған ғұмырлы қасиетінді жоғалтып алма, балам.АЛЛАХтан үмітінді үзбе,Үнемі тілінмен жақсылықты шақыр.Көктем шыға өзімде барып, жағдайынды білермін.Сондада бізбен хабар үзбегенін дұрыс.Сәлемнен: АНАШЫН!!!
Иманды ананың алыстағы студент қызына жазған хаты біраз мені толғандырды.Осы бір иманды ананың хаты сізгеде ой салдыма? Ал сіздерші алыстағы баурларынызға, туған- туысқандарынызға ақ параққа сағыныштарынызды, бар сырларынызды ақтарып жазасыздарма? Жо-жоқ, қазіргі кезде жиі хабарласып тұратын ұялы телефондар, ғаламтор арқылы хабарласамыз! Бұл хат 2012-2013 жылғы мұсылман күнтізбесі кітабынан алынды.

4 пікір

Jako
Жақсы, дегенмен бұл тақырыпты талқыға салып дау тудыру қалай болар екен, сайт ережесін сақтаған дұрыс болар еді.
yesbolat83
Жастарға берері мол жазба. Әсіресе, студент қыздарға арналған бұл пост тұнып тұрған өнеге.
pernebekova96
рахмет пікірлерінізге
korwinin_kyzy
бала баққандыкы емес тапқандыкы
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.