Мәләқайым қайда?

Ақ парақтағы ойлар /
Иә… Жанат аға айтпақшы, 31-тамыз жылайтын күн… Достарыңмен сағынысып көріссең де, түстен кейін, кешке бөлмеңе келсең, көңілің босап, ауылды аңсап, үйге тайып тұрғың келеді. Жылда осылай…

31-тамыз… иә, иә, сол жылы кешкісін жыладым. 2-қабат. Алматының жұбатқаны ма… ол да жылады. Бір кезде біз жыладық. Анығын айтсам, болашақ сыныптастарым. Танысып, орналасып алған соң, төсегімізге қисая кетіп, көзіміздің жасын сығып алдық…

202 деген «спорт залында» 6 қыз тұрдық. Әр қайсысымыз әр қаладан. Бәрі бір үйдің еркесі.
Интернаттың заңы бойынша, сабақтан келген соң дайындыққа дейін бөлмеңді жинауың керек-тін. Бізге рахат, кезекшілік аптасына бір-ақ рет келеді… Бөлме кең, еденді жуу — бір курстық жумысты жазумен тең. Ал төсектердің қыры шығып тұру керек тәрбиеші келгенінде.

Күз… «спорт залы» кешкісін суи бастайтын. Қалың киіну керек. Бір кезде Балзия мазасыздана бастады. Шкафқа қайта-қайта барады. Ананы бір, мынаны бір қарайды. Бір уақытта «қыздар, мәләқайым қайда?» дейді. Біз аң-таң. «Ол нес?» деген кейіппен иығымызды қысып отыра бердік. Бір кезде Эльнура «ааа, мынау ма? Мен бүгін бөлмені жинап едім, Самалдікі екен деп, полкасына қоя салып ем» деп, жүннен тоқылған нәскиді Самалдың шкафынан алып шықты. Алғашында «малақай» жүн нәски екен деп ойладық, расымен, бәріміз. Балзия «мәләқай, мәләқай, бұл нәски ғой» деп ренжіді. Сөйтсек Мәләқай дегені – бас киім екен. Содан біз нәскиді мәләқай дейтін ек…
Қазір сол қыздардың алды балалы...

Балзия – интернатта танысқан алғашқы құрбым. Емтихан тапсырып жүргенде танысқан едік. Емтихан нәтижесі шыққанға дейін телефонмен сөйлесіп жүрдік. Бір сыныпқа түссек қой деп армандайтынбыз.

Емтихан нәтижесі шықты. Алып-ұшып интернатқа ағам, әпкелеріммен жеттік әйтеуір. 5 сыныптың тізімі ілініп тұр тақтада. Әпкем «А» сыныбын, ағам «Б», мен «Г» сыныбының тізімін қарай бастадық. Өзімді таппаймын. Олар да… Жылағым келді. Көзіме жас толып қалды. Жоғарыдан төменге, төменнен жоғарыға қарай саусағым мен көзімді жүгірте берем, жүгірте берем…

Бір уақытта әпкемнің «Түсіпсің» деген сөзі естілді. Вуаля, қуанғанымды-ай… Енді болашақ сыныптастарымның аты-жөндерін қарау керек… Тізімнің соңғы жағында «Табылдиева Балзия» деп тұр. Екінші қуаныш…

31-тамыз. Тәрбиеші бөлмеме алып барды. Қайта-қайта тәрбиешінің қолындағы қағазға қарағым келеді. Онда сынып қыздарын әр бөлмеге бөлген тізім тұр. Қарай алмадым. Менің орнымды көрсетіп, жұмыстарымен кетіп қалды. Жайғаса бастадым.

Таныс дауыс. Жалт қарасам, Балзия тұр жүктерімен. Бір бөлмеде тұратын болдық. Қасымдағы бос төсекке жайғаса бастады. Қуанышымызда шек жоқ…
Түстен кейін жаңбыр жауды. Балзия екеуміз…

Тамшылар… Тарс-тұрс… тарс-тұрс… 2-қабаттан сыртқа қарап тұрмыз. Бір-бірін құшақтап көрісіп жатқан жоғары сынып оқушылары....

Содан бері тамыздың соңғы күнінде мен үшін міндетті түрде жаңбыр жаууы тиіс. Биыл жаңбыр жауды. Иә, тамыздың соңғы күнінде… 5-қабаттан сыртқа қарап тұрдым… тарс-тұрс… тарс-тұрс

Балзия өткен аптада тұрмысқа шықты:


10-сынып. Әдебиет сабағы. Екі топ бірге отырған кез… (Бірінші партадағы мен)
сыныпта

11-сынып. Информатика сабағында. Тестке дайындалып жүрген кезіміз. Ортадағы мен. Қасымдағы қыздардың бірі — екі балалы, бірі — ұлды. Ертастың бір қызы бар. (Не көрсетіп жатқаным есімде емес)
сабақта

Сынып жетекшімізбен бірге:


«28де»

Жалғасы бар

40 пікір

Aikona
Сен алматы да оқыдың ба сонда??? Күшті естеліктер екен
qyrmyzy
иә, осында:) Рахмет. Неше түрлі қызықтар болған, есіме түссе, күле берем… Қазір бір-бір «креслода» отыр, бір-бір баланы құшақтаааап.
Zhanat
интернаттағы күндерім есіме түсіп кетті ғой)) Біз жақта малақай дейді бас киімді
qyrmyzy
Сіз де жазыңыз қызықтарды:)
Zhanat
жазайын, айтпақшы мен бастаған эстафета қайда. ЖАКО ағаааааа
Jako
Жанат, мен құтылдым ғой, эстафета таяғын Давыдовқа тапсырғанмын.
Delfina
иә, малақай және биалай деймізғо))
korwinin_kyzy
Биалай деген Гераклдын досыго кинодагы
Delfina
биалай деген — қолғап, қолғап деген — перчаткі))))
korwinin_kyzy
ааа Гераклдын досы Иолай екенго КЕЧРОН
korwinin_kyzy
бізде телпек немесе шапкі, бас киым дедид
qyrmyzy
ық ық, телпек???
korwinin_kyzy
korwinin_kyzy
малақай деген ЖҮННЕН жасалган телпек! ал кім сіз жақта жүннен жасалған малақай киіп жур а??????
СОНДЫҚТАН ДҰРЫСЫ ТЕЛПЕК БОЛАДЫ
qyrmyzy
Рахмет үлкен, Ж!
Delfina
«Телпек» деген сөзді тіптен қолданбаймызғой. Енді «шапкі» дейміз.
didi0393
kyzyk… Uakyt zulap otip jatyr da...? Balzia bakytty bolsyn! Meninde jakyn podrushkam keshe turmyska shykty(
didi0393
Kyzyk...uakyt zylap otip zhatyr da..?! Balzya bakytty bolsyn! Meninde kur bym keshe gana turmyska shykty)))
m170785
Қырмызы сізде байға кетіңіз ертерек, билеп секіріп қайтайық, 10 штук прицептермен бірге жүресіз қара торы МАМА болып деп қояды дейді )))
ardak1996
бай деген жаман естілед екен
didi0393
Uahahahahh ))) ujs. Rasynda jaman doreki estiledi da
ardak1996
қызық естеліктер… Біз қазірдің өзінде көп естеліктерімізді жиі еске алып отырамыз. 11сыныпты бітіргенде бәріміз жылайтын, шшғармыз.Соңғы айлар жәййймен өтсе екен деп ойлап қоямын) Бізде осылай еске алып отыратынр күнге жеткізсін ИНШ)
qyrmyzy
ИНШ! Қызықты өтуіне тілетеспін:)
ereke_enu
Сен қайсысында болдың Дарын да ма?
qyrmyzy
иә, Дарында
ereke_enu
хе хе, көрші болыппыз ғой
qyrmyzy
Физматта оқымадым. Көктөбе жақтағы Дарында оқыдым. Толық атын жазғым келмей отыр. Очм, қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын Дарында:)))))) Сіз Физматтың қасындағы интернатта оқыдыңыз ба? меніңше, ол қалалық?
ereke_enu
Дәл сол физматта(РФМШ бұрынғы) оқыдым. Қасымызда қазақ тілі және әдебиеттен тереңдетіп оқытатын Дарын мектеп-интернаты болған. Сол ма десем, КазГУ жақта, Темирязева-Байзакова)
qyrmyzy
ООО, физмат деңіз. Олимпиадаға барғам. Қандай сабақтан екенін айтпай-ақ қояйын.Сіз айтып отырған қалалық Дарын мектеп — интернаты. Республикалық Дарында оқыдым(РШИ номер 2)
ereke_enu
))) Физикадан деш) Бізде физ-мат-инф-тан басқа олимпиада болмайтын.
qyrmyzy
9-сыныта Химиядан, 11-де Әдебиеттен.
qyrmyzy
ық ық, қайдағыы
ereke_enu
Бір рет қайтып келсе ғой сол бір кездер… Түсінем сені…
Ak123
Абай атындағы мектеп интернатта оқымадыңыз ба? №2 ма еді…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.