Ардақбай Айтжанұлына...

Ақ парақтағы ойлар /

қалай сенем?
дәл осы күн сен өмірден өтті десе,
Бұл өмірден бақилық боп кетті десе.
Жиырмасыншы көктемге іліге алмай,
Ең ақырғы дем алар сәт жетті десе…

қалай сенем арманымның өлгеніне,
Енді ешқашан өзіңді көрмегіме?
Қалай ғана рұхсат етмін мен,
Кеудемдегі жүреекті жерлеуіе?

14 пікір

AyKoN
мүмкінбааааа-ааааай мүмкііін бааа?
табу қиын өмір кілтін-аййй…
өзекті өртер өкінішіммен калдым…
yesbolat83
Айгүл, қарындасым. Қандай өкінішті.Тағдырдың жазғанына көнбеске еш шарамыз жоқ. Бекем болуың керек. Ол адамның сенің жүрегіңде, өміріңде орны ерекше болғанын сеземін, амал нешік. Артының қайырын бергей.
qyrmyzy
Жаным сол, бекем бол! Сенімен біргеміз! Түсіп кетпе! Жазмыш. Қайырлы болсын. Түсінем жаныңды, жүрегіңнің жартысынан мәңгілікке тіпті қоштаспай айырылу деген қиын. Бірақ сен мықтысың, төзесің. Бәрі жақсы болады. Қасыңдамын! Жұмысты білесің, көмегім қажет болса, келе бер:) Жыламашы
AyKoN
рахмет! Барлыгынызга рахмееет! Білмеймін жәл қазір маған не керек екенін де, керек емес екенін де…
yesbolat83
Ия, біз сенімен біргеміз.
AyKoN
Танымды конiлсiз атырfам,
Баfымды ендi елеп жатыр ман…
Жыр еккен журектен ошпейтiн,
Айналып кетейiн атыннан!
Ардақбай!
AyKoN
Жудеген жаныма бермейдi ар тыным,
Алсам да таfдырдын тамаша тартуын,
Жырымнын басы-арман, арты-мун…
Мен ендi fумырлык жартымын…
AyKoN
Бауыржан Айткаримов (20:42):
Сабырың қайда танымың үлкен жан едің
Білмеушімедің аяқ асты екенін бәленің
Сабыр досым сабыр ғана құтқарар
Иманың қайда бойыңдағы бар емің

Сабырың қайда жалының қайда жарқыным
Өксікпен өтсе қасірет болар әр күнің
Адамы шығар ерте кетсе жалпының
Мәңгі қалады ессінде бәлкім халқының
qyrmyzy
Демеу болатын достарың болғаны қандай жақсы. Айкон, мықты бол!
AyKoN
Сабырың қайда, жалының қайда дедіңбе?
Әлсіз тұстарым болады жаным меніңде.
«Адамның басы Алланың добы» дегендей
Ешқандай шара жасай алмадым өлімге.

Сағынып жүрген,қамығып жүрген кезімде,
Үзе алмай жібін үміттің жүрген кезімде,
Қаралы хабар естілді Төлегенімнен,
Қойылды нүкте мендегі асыл сезімге.

Кері бұрылып, тағдырдан болмас безуге,
Дейсіңбе досым,"өксіме қалқам, езілме!"
Көнбейді-ау жүрек ең ардақтысын жерлеуге,
Білмеймін, шамам жетер ме екен төзуге?
AyKoN
10.10.2010ж10.10.2010ж
AyKoN
Өткен күндер келмеске жөнелдіме?
Қалай қиям алтыным сені өлдіге?
Мені қойшы, жер басып әзер жүрмін?
Сенің жаның жаннатқа бөлендіме?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.