Төлеген сағыныышы...

Ақ парақтағы ойлар /
Қажет жерінде қатыгездік пен қаталдық керек десек те,
Адамның заңғар ұлылығын сен сағынышымен есепте.
Онсыз сен тіпті тұлпар да болсаң қосыла алмайсың қатарға,
Әуелі әбден сағынып алмай, шығушы болма сапарға!
— деп жырлаған ақын ағамыз Төлеген Айбергеновтың осы өлеңі жаныма ерекше жақын.дүйім жұртқа «Бір тойым бар» деген өлеңімен етене таныс аақынның «Айбергенов әлемі» деген атпен шығып жүрген журналының мамыр айындағы нөмірі қолыма түсе қалғаны… ойым сан саққа кетіп, сергелдең күйге түскен шақта «Жамбыл» атындағы кітапхананы паналап, поэзияның ішінен ем іздейтін әдетіме басқан түрім ғой бұл… оқырман залына кіре бере осы журнал көзіме оттай басылды… біртіндеп парактап оқи бастадым…
неше уақыт отырғаным есімде жоқ, уақыт кеш кіріп қалса керек, өзіме унаған өлеңдерді жазып алып, кітапханадан тысқа шықтым… өз ойыммен арпалысып келемін… дүниеге өлең келу үшін ақын жүрегінің Музасы болу керек… Мақатаевтың «мен болмасам болмайын сол аманба» деп жырлаған Музасы, Айбергеновтың «Мені ойла» деп жырына арқау еткен Музасы болды… шабытына дем берер суаты болды деуге келетіндей…
ия… ия… әуелі әбден сағынып алмай шығушы болма сапарға! өте дурыс айтылған...Мен енді өлең жазбаймын! солай… солай… ол ауылға енді ат басын бұрмаспын… Поэзияның оқырманы ғана боламын… Менің Музам жоқ, демек оқырманым да жоқ… оданда жырмен қош айтысып, оқырман қалпымда қалғаным жөн болар…
ойым қайтадан Айбергенов әлеміне ауысты…
жасындай жарқ етіп өте шыққан тума таланттың өнері кімді болса да таңдай қақтырары хақ!
Тұңғыш көрдім өлгенін шын ақынның
Қызарып батты ертеңгі шығатын күн
Торғай өлең шырылдап бара жатты
Ауызында ажал дейтін сұрапылдың
деп Төлеген өмірден өзғанда Мұқағали да қайғысын параққа түсірген еді… неге екенін қайдам осы жолдарды күбірлеп қайталай бердім… №112-ші автобус та келіп жетті. бос орынға жайғасып, тағы да Төлеген еліне сапар шектім…
ақынға арнау өлеңдерден жыр мүшәйрасы өткізілген екен… Бұл додаға қатысқан жас ақындардың ішінде Бауыржан Әлқожаның өлеңдері тайға таңба басқандай ерекшеленіп-ақ тұр. одан өзге мардымды жыр таппай отырғанымда, Қуаныш Медеубаев есімді ақын ағамыздың «ТӨЛЕГЕН СУЙГЕН МУЗАҒА» атты өлеңі көзіме оттай басылған еді…

Өлең боп туып өмірім
өлең боп қалса өткенім.
Көреген болмай көңілім
Төлеген болды ккөктемім.

Төлеген-тағдыр бір аңыз,
Өшпесе қайтем жүректен.
Ақынды ойла тұма қыз,
Шақтарда ернің дір еткен.

Ақ шаңқан албырт таңдарды,
Тіліңмен кәусар баянда.
Төлеген жазған ән қалды,
Сен тартқан Муза, Рояльда.

Бір ойлап тілін қал басып,
Көзіңнен шәрбат түзіліп.
Сезіммен сезім арбасып
Моншағың қалсын үзіліп.

Төлеген сені сүйді асық
Төлеген сүйді арман не?

Өмірді онсыз күй қашып
Адасып қалған жалған де.

Білмейсің күмән бар талас,
Білмеймін менде себебін.
Білемін соңы тарқамас,
Бір тойы болса сен едің.

Төлеген кетті жарқ етіп,
Жалғанның бұлбұл жаршысы.
Қалды тек төзім сарп етіп
Сағынған көздің тамшысы.

Көтеріп алса ақының
Көзіңнен тамған таң нұрын.
Төлеген — соққан тамырың
Бір өлең сенің тағдырың!
осы ойдың шырмауында отырып үйге де келіп калыппын… Менің жырмен қоштасу сапарым осылай болды

ПЫСЫ: неге бұл өлеңді жазып,мыжып отыр деп отқан шығарсыздар… жүрегіңнің жүз әнін арнайтын адамым қалмаған менің, поэзиямен қоштасар алдындағы сандырағым ғой бұл… кешірім өтінемін…

9 пікір

followme_alik
Тума талант. Ұлт жанашыры. Мәңгілік есімізде...
AyKoN
ия… мәнгілік тұлға!
qyrmyzy
Әуелі әбден сағынып алмай, шығушы болма сапарға!
AyKoN
сағыныш ұлы сезім! Сағына білу — бақыт!
САҒЫНЫШ БОЛСАМ АРМАН НЕ, САҒЫНАТҰҒЫН СЕН БАРДА?!
qyrmyzy
Несі бақыт?
AyKoN
сағынатын адамын бары бір бақыт, ал сізді сағынған жан болса ол үлкен бақыт!
qyrmyzy
ой ғойш
AyKoN
мысалы, мен сізді сағынамын! Сағынып та жүрмін...шын сөзім бұны оқып отырып қандай күйде болдыңыз?
qyrmyzy
хехе, сенің сағынатыныңды білем ғой, жаным!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.