Қимаймын...

Ақ парақтағы ойлар /
Кеше кешкісін құрбыммен сөйлестім, әрине агент арқылы. жүзін көрмегелі де жылдан асып барады. Расында, мен емес, ол көріне алмай жүрген. Қойшы, мәселе ол да емес. «Салта мен тірі өлікке айналдым ғой» деген жалғыз ауыз сөзінің өзі бауырымды біреу езіп қоқысқа лақтырғандай болды… Емі жоқ дертті жұқтырыпты… Мектепте ақ бантигін басынан тастамай, үнемі жадырап жайнап жүретін, қолтықтаспай жүре алмайтын, сырттан қарағандар тіпті апалы-сіңлілі деп топтылауға дейін сықпытымыз ұқсап кеткен «егізімді» ажал деген жезтырнақтың құрығына қимайдым. Тіпті, түнімен ұйқым да қашып, сене алмай қанша сенделді санам… Тағдыр неге оны бұлай тәлкегіне салып, мазақ еткендей бар мехнатты шүйкедей басына үйіп-төккенін білмеймін. Әке мейірінен кенде өскені аздай, кішкентай баласы алыста әке махаббаты аздай, ана құшағы мен алақанынсыз өсіп жатқаны жанымды ауыртады. Ауыртады деген аз ғой, аз…
«Салта менің енді көп болса бір-екі жыл ғұмырым қалды. Өтінем, мамама айта көрмеші. Уәде берші!!»… Ал енді жан баласына жарылып көр! Іштей тынып қалай жүре аламын, қалай?.. Мүмкін жазылар деген үмітім де жоқ емес. Тіпті жатсам-тұрсам тілеуге бармын… Жазылса екен…

5 пікір

yesbolat83
Қандай өкінішті, жастайынан дертке шалдыққаны. Құранда «Аллаһтан үміттеріңді үзбеңдер» деген мағынада аят бар. Ендеше, шамаңа қарай қасынан табылып, үлкен үмітпен Аллаһтан дұға тілеңдер.
Өтінем, мамама айта көрмеші. Уәде берші!
Анасынан жасырудың еш негізі жоқ. Керісінше, ол адамның білуі міндетті. Көөөп пайдасы мен септігі тиеді.
didi0393
Maaa ote kiyn jagdai ekeen.okyp ozimnin de juregim auyryp kettiii.jaratkan iem sabyr men shipasyn bersin!!!
Jolai
мен аурумын, ғұмырым аз қалды деуге болмайды. олай десе өз өмірін соған келтіріп қояды да «ол жаққа» дайындықты бастайды… жоқ олай емес, адам өмір сүру үшін күресу керек. Мейірімі шексіз Аллаһ тағаладан дұға тілесін! керісінше жеңуге әрекет етсін! өмір сүруге ұмтылсын.
qusbegi
қандай кеңес айтуды да білмей қалады екенсің, сабыр енді. дұрыстап қаралсын. біздің медицина белгілі ғой…
AyKoN
оның бәрін жеңуге болады! рас айтам! Басымнан откен!!! Пайгамбарымыз(с.а.с.) айтады гой дарі ішпес бурып, барлык кайгыга сабыр етіндер деп. Баріміз Алладан келдік, кайтадан оган кайтамыз! Инна лиллаөи уа инна иллайһи ражиун!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.