Сағымданған Сағынай....

Ақ парақтағы ойлар /
Айтшы өмір, қызығың бар қаншама?
Қаншама жыл жүре аламын ән салып.
Ажал неге сұсты болдың соншама?
Неге оған қарай бердің тамсанып?!

Жас еді ғой, жалын оты сөнбеген,
Балдәуреннің қызығына шөлдеген.
Балалы боп, бақытты боп жүргенде,
Неге ажал тұра қалдың көлденең?!

Өзге өмір өзгерген жоқ қалпында,
Ер-азамат көзін жұмды нар тұлға!
Осыншама қатігез бе едің ей, ажал?
Ұрпақтары жылап қалды-ау артында…

Ақын, талантты режиссерОңталап ағамыздың әкеміз қайтыс болғанда митингісінде оқыған өлеңі ғой. Көңілде түнегенше, өмірде күнелсін дегенім ғой…

1 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.