Жүрегімде махаббат бар (с) {аудио}

Ақ парақтағы ойлар /
Назарларыңызға сайтымыздың белсенді қолданушылардың бірі, сұлу да, Korkem , ақылды, парасатты, тәрбиелі, кез келген уақытта қол ұшын созып, көмек беруге әзір қыздардың бірі, талантты, қолынан бал таматын аспазшы — Korkem қызымыздың жазбасының аудио нұсқасын ұсынамыз! Айналайын, Көркемім, әрқашан сайттың белді қолданушысы болып, керемет посттарыңмен қуанта бер! Біз сені сыйлаймыз, cені жақсы көреміз! Қабыл ал!



Жүрегімде махаббат бар
жазған: Korkem
Иә, менің жүрегімде махаббат бар. Ешкім көрмеген, ешкім сезінбеген, бетіне жара түгіл із түспеген, қылаудай кір түспеген, іңкәр сезімге толы махаббат бар. Бір мәрте ғана жауып өткен алдамшы жаңбырдай емес, таза махаббат! Себебі мен оны әлі ешкімге арнағам жоқ. Махаббат атты ғажап сезімнің бар екенін біліп, сезінген күннен бастап мен оны аялай, кіршіксіз таза күйі сақтап келем. Мен оны жауапсыздықтың құрбаны еткім келмейді, мен оны ешкімге тәуелді еткім келмейді, мен оны әлдекімнің қолына сеніп тапсырғым келмейді, мен оны ешкімге бергім келмейді, мен оны…

Қайнаған нағыз өмірдің өзін көре жүріп, әлдекімдердің жауапсыз, алдамшы махаббаттарының шырмауына мен де түстім. Балалықты да, шалалықты да бастан өткердік. Бірде құлап, бірде тұрып, енді бірде жылай жүріп өмірден сабақ ала бердім. Мен біреуді жақсы көрмеді емес, жақсы көрдім. Иә, бауыр бастым да. Бірақ, жүректегі махаббатты ешкімге көрсеткем жоқ, көрсетпедім.
Осы ойдың тұңғиығына кім жеткен, кейде ойланамын. Шын ғашықтар қосылмайды дейді, онда ғашық болып неге керек, жазған-ау? Алланың дегені болады, адамның емес. Адам тағдыры пешенесіне жазулы тұр десек те, таяқтың бір ұшы адамзаттың қолында емес пе? Өмірде өз жолын дұрыс таңдауға, махаббатын кіршіксіз, таза сақтауға оның қақысы бар.

Иә, мен мен махаббат алдында қатал, бәлкім қатыгез болармын. Ол менің жүректегі махаббатымды қызғұштай қорғағаным болар. Мен де біреуді жақсы көрдім, сыйладым, құрметтедім, алайда махаббатты әуре-сарсаңға салмадым. Ойладым жауапсыз боп қалар ма деп…

Қыз бен жігіт арасында махаббаттан бұрын сенім, сыйластық, тұрақтылық орын алса дер едім. Сенім, сыйластық, тұрақтылық махаббаттың бір бөлшегі іспеттес. Осы үш қасиетті ақтай алмаған жастар қалай ұлы сезім — махаббатты ақтасын?
Қазіргі таңда жастарда өте нәзік сезімге ие махаббатың киесіне ұрынып қалғандай ма дерсің. Себебі жастар махаббатты жүректе ұзақ сақтай алмайды, оны лезде сыртқа білдіріп, қадірінен айырады. Ал сенген адамы оны бағаламайды, өйткені сенбейді. Махаббатты дәлелдеуден бұрын сенім керек, сене білу керек. Сену үшін алдамау керек.

Менің айтпағым жүректегі пәк те, таза махаббат. Енді ол мәңгі жүректе құпия сақтала ма? дерсіз. Әрине, жоқ! Басты мақсат құпия сақтау емес, жауапсыз етпей өз сыңарын, үмітін ақтай білер жанды іздеу, табу, жолықтыру, көп ішінен тани білу.
Егер сіз бір жанға арнағыңыз келсе, тыйыңыз «нәпсіңізді»! Оны жәй ғана жақсы көруге, сыйлауға, құрметтеуге, тіпті пір тұтуыңызға болады. Бірақ, махаббатты жүректе сақтаңыз. Оған сеніп, үмітіңізді ақтаған күнде де, тіпті «болашақ жар» деген мәнге ие болған күнде де, «Асықпаңыз!» дер едім.
Түһ, енді қашан?
Сіз немесе ол босаға аттаған күні, дәлірек айтқанда Алла алдында неке қиылған күннен бастап жүректегі "ғажап" махаббатыңызды паш етсеңіз де кеш қалмайсыз!

Иә, сен сеніп тапсырған махаббат жауапсыз болып, артынша сенім, сыйластық келіп көз жасыңды сүртеді. Алайда, ол сен күткен жан тарапынан емес. Махаббатың бәрібір жауапсыз болып қалатыны бар, ендеше неге махаббатты жүректе сақтап, сен күтпеген жан болса да сені сыйлайтын, саған сенетін, құрметтейтін жанға арнамасқа?

Менің жүрегімде махаббат бар. Мен оны Аллаға ғана арнап, адамзатқа келгенде сақтап жүрмін.
Кейде ол өз сыңарын іздейді, аңсайды, жалғызсырайды, бірақ…
Бірақ, ол шыдайды!
Иә, менің жүрегімде махаббат бар!
Иә, махаббат бар…

(Ойға шомған кездері ақ параққа түскен ойлар еді. СЖ.да "қалай ұмытсам болады?", «мені сүйе ме?», "қалай қаратып алсам болады?" сынды жүректегі арнаған махаббаттарының жауапсыздыққа құрбан болған жастар үшін жаздым. Ойладым бір пайдасы болар ма деп...)
P.S: сіз де өз жазбаңыздың аудио нұсқасын жасағанымызды қалайсыз ба? Go to the aitaber.kz!

40 пікір

mairosh
Ұнады! Жазба да оны оқыған дауыста Көркемде ұнады. Жарайсын!
Manas
Кімнің даусы)
MSHERIMBEK
Түүүүүүүүүүүүүһ, қыз болсам тұрмысқа шығып алатын едім, мына жігітке:)
kema
Aitaberdem bir qyz tauyp bereik te)))
Korkem
дәмесінің зорын
qyrmyzy
кастинг бастай берейік пе?
kema
dauai kettik))) birinshi oshirette kim?
qyrmyzy
тәк, қыздаааар, кастинг!
FaraOn1
оқылғаны жақсы, сапасы нашар ғой. пышылдаған дауыс шығады, артында білеулер жүріп жүр ма бірдеңке…
qyrmyzy
Фар, өзің осылай оқып көрші
FaraOn1
заявка тастап жатырсың ба))) сапасы нашар дегенге келіспей отырсың ба?
nurbanu_KAMAL
Жазба керемет! Ойлар, идея әдемі. Оқылуы онша ұнаған жоқ.
Korkem
Үлкен рахмет, жәндерім!
Korkem
бітпейтін махаббат
qyrmyzy
менің де жүрегімде махаббат бар
Kan
Иә, мен мен махаббат алдында қатал, бәлкім қатыгез болармын. Ол менің жүректегі махаббатымды қызғұштай қорғағаным болар. Мен де біреуді жақсы көрдім, сыйладым, құрметтедім, алайда махаббатты әуре-сарсаңға салмадым. Ойладым жауапсыз боп қалар ма деп…""" қызық екен. ай махаббатай
Sarmantay
bari keremet… Jaktirmaganim emes birak DAuys unamadi
qyrmyzy
сіздің даусыңызды тыңдап көрейік. м?
kema
keremet koke… synshyl koke, sizde un shygrar otyrsanyz. Sizdikin de tyndai jureik!!!
nurba
Шынымен жақсы жазылған бірақ оқыған адамның дауысы жетпеді ме сөйлем соңдарында дауысы тоны төмен түсіп кете береді екен. Бұны мен манолог деп қабылдадым және қыз баланың оқығаны әдемі болатын шығар деп ойлаймын. Айтаберде махаббаттың ханшайымы Көркем дер едім рахмет саған.
Әйтеуір бір ой салды маған бұл манолог
Соңғы өңделген уақыты:
Abylai
оқыған адамға тиіспеңдер ойыбай, төрт өлшемді кеңістікке аттандырып жібереді сразм.
ғажап

Chan
ahaha, уақыт?
Abylai
бірақ уақыт жөнінде бірмәнді жауап бере алмаймын әрине
Chan
сізге нобель сыйлығың ұсынғалы жатса керек.
kema
tortinshi olshemdi bilmeisinder me??? EPT!!! Negizi usheu bar, ol x,y,z. Al tortinshisi «t»- yagni uakyt.
Chan
екеуің де қоя ғойын енді, 3 өлшем бар:)
Abylai
Korkem
Абон, анау қолданушының атын жазсаң сен жайлы өсек айтваатыр деген хат бкелмитін бовты…
yesbolat83
Көркемнің жазбалары сірә, көркем ғой. Мәтінді оқушының оқығандағы дауысында тыңдарманын өзіне баурап алып, керемет бір сезімге бөлеп тастайтын қасиеті болу керек деп ойлаймын. Тәуір-ақ, жазбаны тартымды жеткізе алмай тұр.
kema
Esekekeee, tartymdylyk nede osy?
yesbolat83
«Магнит секілді өз даусыңмен тыңдарманыңды баурап алуың керек» — дим-ау.)
kema
obshim dausy karga dauys deisiz go
mairosh
туу қойыңызшы тисе бермей
jalyn
Иә, махаббат бар… Бірақ оны кіршіксіз сақтап, бағалайтындар көп емес…
Amonya
Ой тастады, шын айтам! Артық айтарым жоқ, ғажап!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.