Әкем жайлы үзік сырлар. Жырлары... (6-ншы бөлім)

Ақ парақтағы ойлар /
Нан туралы шындық

Автобус күтіп тұрғанды,
Жолаушы қалмай жолынан.
Түсіріп алды жас бала,
Жеп тұрған нанын қолынан.
Алмақшы болып қайтадан,
Еңкейіп еді баласы,
«Лас боп қалды, тиме» деп,
Жолатпай қойды анасы.

Астамдық жасап япыр-ай,
Тұрғанда бикеш жиіркеніп,
Сексендегі ақсақал,
Көтерді нанады еңкейіп.
Үн-түнсіз қарап тұрды екеу,
Сексен мен сегіз жастағы.
Аялап тұрып ақ Нанды,
Қарт әңгіме бастады.
«Қысылтаң сонау жылдарда»,
Біздеосындай баламыз,.
Жарты уыс дәнді етекке,
Беретін түйіп анамыз.
Әкемізді танаптан,
Ел жата үйге қайтатын.
Нан туралы біздерге,
Аңыз қып талай айтатын.
Ғасырлар бұрын біздерден,
Ақ шашты Ана өтіпті.
Жетелеп ұлын қолынан,
Әділет іздеп кетіпті.
Жазалай берген бай манап,
Болмаса да жазығы.
Бір күлше ғана таба нан,
Болыпты дейді азығы.
Өзі жемей үзімдеп,
Беріпті күнде Анасы.
Қаншама бірге жүрсе де,
Білмепті бірақ баласы.
Қандай бір қайсар болса да,
Аштыққа шыдай алған ба!
Көз жұмыпты Анасы.
Әділетке бір күн қалғанда.
Қаралы жүрек зарланып,
Бар сырды сонда ұғыпты.
Анасын жерлеп амалсыз,
Қайғыдан жолға шығыпты.
Елемей қанша соқса да,
Тағдырдың долы дауылын.
Ертеңіне баласы,
Тауыпты әділет ауылын.
Бар арманын балаған,
Әділет-Дана беріпті.
Анасы жүрген ақ жолға,
Ақ бидай дәнін егіпті.
Баланы бұлай етуі,
Болмаса керек тегіннен.
Талайлар жанын сақтапты,
Сол жерге шыққан егіннен.
Есітіп сондай аңызды,
Өскенбіз көріп жоқтықты.
Енді-енді жеттік дегенде,
Гитлер келіп соқтықты.
Соғыстан кейін тағы да,
Дамылдап тыныш жатпадық.
Жер-Ананың төсіне,
Алтын дән сеуіп баптадық.
Ақ төсек деген ұмыт боп,
Штурвалда көз ілгенбіз.
Халықтың алтын азығы,
Нанды аялай білгенбіз.
Жан-жақтан келіп сан достар,
Қырмызы гүлдей жайқалдық.
Маңдайдың терін Отанға,
Миллиард қылып қайтардық.
Шындығы шынар қашанда,
Майыспайтын мерт дер ек.
Қиындық кезде жеңіске,
Бастаған бізді еңселеп.

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.