Әкем жайлы үзік сырлар. Жырлары... (7-нші бөлім)

Ақ парақтағы ойлар /
Ойыншық

Айқара ашып кітап дүкен есігін,
Айтып тұрғам қажат кітап есімін.
Қарсы алдымнан шыға келді бір досым,
Бір тербеткен балалықтың бесігін.

Тұру қайда?!
Құшақ кетті айқасып,
Жанарлардан жалын емес, жай тасып,
Тысқа шықтық қол ұстасқан күйі біз,
Досқа тәнті әзіл сөзбен «шайқасып».
«Қашан келдің?
Қай жер ені тұрағың?»
Деген достың кідіртпедім сұрағын.
«Кеше келдім
Жұмыс бабы,
Әзірге,
«Қазақстан» қонақ жәйі тұрағым».
«Өйдейт деген,
Ми ма мынау бастағы,
Қонақ жейді тура қазір тастағын.
Бәйбішеге қою шәйді құйғызып,
Ашайықшы өткен күндер дастанын.
Кеше келсең,
Кешірім бар.
Кеш демен.
Керек емес, базарлығың ештемең.
-Жақсы достым, мұрсат берші тек қана,
Қақ төрінде ән шырқайық кешке мен
Қысылғаннан осы сөзді айта алдым,
Досқа деген көңіл бағы жайқалды.
Көптен бері кездеспеген досымның,
Әдірісін алдым-дағы қайтардым.
Досқа деген көңіл сазын баптадым,
Тап сол күні бар дүкенді ақтардым.
Құр бару салтта жоқ қой,
Сондықтан,
Ойыншық пен кітап болды тапқаным.
Досқа деген алау көңіл құлпырып,
Бір тұрғанда етіңе он тұрып.
Жолға арналған үлкен қара сумканы,
Ойыншыққа алдым сықап толтырып.
Ырық бермей арнадан тасып бүгін,
Досқа деген көңілдің ғашықтығы.
Таксименен кешқұрым келдім-дағы,
Дос есігін баппен ашып кірдім.
Жиналыпты, достары, жақындары,
Достым тағы қалжыңмен тақымдады
Ал, мен болсам, көрмеген жарын танып,
Құшырлана бір сүйіп қақымды алдым.
Күліп жатыр:»әй, бала,қатырдың-ау,
Босағамнан алтын таң атырдың-ау.
Өздеріңе манадан жыр ғып айтқан,
Он жыл бірге оқыған батыр мынау.
Уақыт деген жыл құсы ғой қас-қағым»
Деді-дағы дастарханға бастады.
Сыйлығымды алып келген,
Достардың,
Ортасына үйіп, төгіп тастадым.
Мақтап жаты:»мынау жақсы екен» деп,
\Ойланып ем бірақ бұлай етем деп\.
Досым кенет сөз бастады тұнжырап,
Жанарына арылмас мұң мекендеп.
«Рахмет, шкафыңа салайық,
Тағдырда ма,
Бізде ме әлде бар айып.
Быт-шыт қылып шығаратын шырайың,
Бәр тентекке ұяттымыз халайық.
Тағдыр бізге берді ақыл дана қып,
Берді көңіл,
Берді мінез дала қып.
Бірақ жанға батады екен қойғаны,
Бірімізді бірімізге бала қып,
«Демалды да достым екі иіннен,
Деді:»кейде жабырғанам, күйінем,
Болмаған соң алсақ дейміз асырап,
Бір сәбиді балалардың үйінен.
Мерт болады өскен гүлдер тастағы,
Бала сүю арман еді бастағы.
Амал қанша?!»
Күрсінді де алдағы,
Рюмкаға арақ құя бастады.
Жібергендей тағдырыма есемді.
Өкінгенмен,
Амал қайсы,.
Кеш енді.
«Қайта құйшы»
Қайтып бердім.
Алдымда,
Шәй құюлы суып қалған кесемді.

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.