Неге....

Ақ парақтағы ойлар /
Сүрінбейтін тұяқ, жаңылмайтын жақ болмайды деген сөз қазақта бекер қалмаған.Өмірде бір жіберген қатең өміріңе жетер сабақ болып жатады, сол себепті бір рет қате жіберіп барып барымызды бағалап жатамыз. Неге сол қателікті жібермей тұрып бақытымызды ұшырып алмауға тырыспаймыз?

Біраз күн, уақытша бастықтың міндетін атқарып іс сапарда болып қайттым, сол сапар көп нәрсені үйретті. Бастық болудың өзіңдік қиындықтары бар екенін, қаншама жауапкершілік бар екенін түсініп қайттым. Сенің әрбір ізіңді, ісіңді бақылап жүреді. Кей кездері бастықтардыңда жүйкесі еттен жаралғанын ұмытып кетіп оларды кінәлі санап жатамыз. Оларда өзіміз сияқты пенде екенін ұмытып, оның жіберген қателігін күлкі етіп, сол сәтін өз пайдамызға жаратып қалуға тырысып жатамыз. Бір саты жоғары тұрып, бәрін ұйымдастыра біліп, дұрыс шешім қабылдай біліп, өзіне жүктелген мінеттін дұрыс атқара білудің өзі өте үлкен күш керек. Неге оларды бір уақыт түсінуге тырыспаймыз?

Кейде өмір өзің қаламаған тосын сыйлары мен қатар сынақтарын қатар жіберіп жатады. Солардың барлығын сабырлықпен қараймын деп ойласаңда дәл сол уақытты өзіңнің әлсііздігімді кейде білдіріп алып, эмоцияға беріліп кетемін, шыжбаланып.Неге сол кезде сабырлығым кетіп қалады?

Бір жиын тойда әсем даусымын ән салған жанды, көпке дейін мақтап айтып жүрмейміз. Ал сол тойда мас болып бүлік шығар жанды біразға дейін құлағын шулатып жүреміз. Неге осы біздер жақсы нәрсені жақсы деп жар салмаймыз, жаман нәрсені дәл сол мезетте жар салып баршаға жаяуға асығыс боламыз?

Әр сөздің астарынан жамандық көрмей, жақсылықты көруге тырыспаймыз. Неге парақтағы қара нүктені бірінші байқаймыз ақ жерін байқамай
Ақ парақтағы ойлар: Неге....

10 пікір

yesbolat83
Расында қағаздағы қара нүктені бірінші байқадым, ақ жерін көңіліме ілмей. Себебі, біз адамбыз, пендеміз, соның ішінде-инсанбыз. Ұмытшақпыз, шаламыз, сондықтан да бір-бірімізге ескертіп тұруымыз керекпіз.
korwinin_kyzy
Мысалы Қара парақта ақ нүкте тұрса мен ақ нүктені бірінші байқар едім)) кто понял меня))))
ол білдіреді жаман адамнын жаксы жактары болат дегенді
qyrmyzy
Жаман адам болмайды. Адамның бәрі жақсы, ішкі дүниесіне үңілсеңіз, әрине.
korwinin_kyzy
болады болады болганда қалай болады депті біреу баяғда)))
qyrmyzy
Әр сөздің астарынан жамандық көрмей, жақсылықты көруге тырыспаймыз. Неге парақтағы қара нүктені бірінші байқаймыз ақ жерін байқамай
рас-ау… Адам қаншалықты мықты болса, соншалықты ішкі дүниесі әлсіз болады. Сіздің ойнап айтқан түкке тұрмайтын сөзіңіз күні бойы көңілсіз жүруге әсерін тигізуі мүмкін. Керісінше, күні бойы жайдары жүруге де әсерін тигізуі мүмкін. Байқайық, ойланып сөйлейік деп аяқтай салайын!
korwinin_kyzy
Тате енді айтып тұрған жокпын Қара парақта ақ нукте турса бірінші ақ нуктени көрмейміз бе деп,,,,,,))))))
Соңғы өңделген уақыты:
STR
Хороший чел — мертвый чел. Остальное — вздор.
ereke_enu
Адамдар айта береді. Айтса бетке айтсын, айтпаса «духтары» жетпейтін мешоктар) Ондайлардың сөзін мүлдем қыстырып қажет емес. Керісінше, «на зло им», ештеңе болмағандай «наилучший настроймен» жүрген ұнайды. Істеп алсын!))
Соңғы өңделген уақыты:
Kan
Дүниеге бір жақты көз қараспен қарап кетпедіңіз бе? Адамның бәрін солай ойлайды екен деп, менше түсінеді екен деп пікір айту қате. Сіз мінеген мінезді адамдар жоқ емес бар бірақ бастықтың бәрі жаман деп кім айтты, жігіттің бәрі әлсіз деп кім айтты. Өмір болған соң қателесеміз ал қателіктің бәрі жамандық деп кім айтты, жақсыны көрсе мақтамайды, оны ақтамайды деп сізге кім айтты жақсы әнші көрсек асырғымыз келіп,қазақтың жамандығын көрсек жасырғымыз келіп жүреді. Бәріненде намыссыз еркектен,ұятсыз әйелден құдай сақтасын. Ал қалған дүние өмір талабына сай өз орынын табатынына сенімдімін.
AKA
«Когда ты прав, никто этого не запоминает. А как ошибешься — никто этого не забудет» аударғым келмеді, осы қалпында әдемі айтылған. Кез келген дүниенің екі жағы бар, таңдау өз еркіңізде, соған сәйкес есебіне де дайын болу керек.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.