Әкем жайлы үзік сырлар. Жырлары... (8-інші бөлім)

Ақ парақтағы ойлар /
Қазақ дастарханы

Қазағым кең,
Тойшыл халық,
Көкпар тарту, ат бәйге.
Қонақ келсе,
Ас-су әзір,
Әсте тыным таппайды.

Сыйлайды ғой
Қазан жаппай
Сары майын ерітіп
Алыңдар деп
Атам отыр,
Домбырасын шерітіп.
Мейлі туыс,
Мейлі алыс бол,
Жиып алып жұрттарын.
«Базарлық» деп
Таратады,
Дорбадағы құрттарын.
Жылы желең,
Жебегінде
Қозы-лағы кетеді,
Құда келсе,
Тізе бүкпей
Шапан жауып күтеді.
Міне, достым,
Қазақ осы,
Қазақ осы біліп қой.
Досы келсін,
Дұшпан келсін,
Жасайды ғой күліп той.
Келсең егер,
Төріме шық,
Босаға да тосылмай.
Кім болсаңда,
Жиылмайтын, дастархан бар осындай.

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.