Әкем жайлы үзік сырлар. Жырлары... (9-ыншы бөлім)

Ақ парақтағы ойлар /
Бір қарындасқа

Жыламағын қарындас амал қанша,
Бұл пәниде пәк қанша, арам қанша.
«Кетем аға,-дейсің-бұл арадан,
Қайғы үстіне қос қайғы жамылғанша»

Не деп жауап беремін, төзімді едің.
Сен жайлы ойлап талай таң көз ілмедім.
Әу басында айтқанда-ақ құлақ аспай,
Өзің жүрдің, ол кезде өзің білдің.
Сұлулығын білемін, көрік бар-ды.
Жылы сөзбен арбады, ерікті алды.
Кеш басталған киноға бармай жүріп,
Оныменен кешке де бардың.
Осы кеште адастың, шалыс бастың.
Сезбедің сен ол кезде алыстасың.
Шақырғанда вальске кластасың,
«Май сасыған шофер» деп алыс қаштың.
Пәк көңілі жігіттің қайрандады,
Қылығына өзге жұрт қайран қалды.
Барлығында көзге ілмей, тек сонымен,
Таң атқанша биледің, сайрандадың.
Қолтықтасып шыққанда таң атқан-ды,
Асау сезім қомданды,қанаттанды.
«Май сасыған шоферің» қимастықпен,
Бар арманын айта алмай қарап қалды.
Пәк сезіммен шын сүйіп,құшқан едің,
Бар бақыттың сол таңда ұшқан еді.
Босағадан басқа боп ендің дағы,
Басқа болып сол үйден шыққан едің.
Ештеңе жоқ, шындық қой, жасыратын,
Алыс тартты тәңірін бас ұратын.
Кезге жеттің \қайтейін\киноға да,
Ол сені емес, енді сен шақыратын.
«Келе берме көп іздеп үйге мені,
Қалдырарсың ыңғайсыз күйге мені.
Ертең бөлек үй алсам,-деді-ау саған,
Тек өзіңе арманым үйленемін.
Үй алады ол, шыныда кешікпеді,
Ертеңіне үй іші көшіп келді.
Барғаныңда қуанып, тасқа соқтың,
Шыр еткеде жас бала бесіктегі.
Кетем деген таймадың кесіміңнен,
Өзі түгіл, жиіркеніп есімінен.
Шығарып та салуға жарамады-ау,
Қарап тұрып үйінің есігінен.
Ащы сабақ болды да өміріңе,
Айықпастай дақ түсті көңіліңе.
...Қала жаққа баратқан мініп кеттің,
«Май сасыған-шофердің көлігіне».

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.