Ой саларлық асыл сөздер...

Ақ парақтағы ойлар /
Бүгін сәті түсіп көптен бері жазғым келіп жүрген асыл сөздерді сіздермен бөліспекпін.

Өмір үздіксіз қозғалысты талап етеді.
Аристотель
Керемет әрі пайдалы нәрсені құруым үшін кез-келген ережені бұзуға дайынмын.
Людвиг Ван Бетховен
Басқалардан ақылдырақ бол, бірақ оларға оны көрсетпе.
Януш Вишневский
Біз басқа бір адамдардың жасаған дүниесін қолданып жүрміз, біреудің тіккен киімін киеміз, біреудің ойлап тапқан тілінде сөйлейміз, басқа адамдардың ойлап тапқан формуласын қолданамыз, мен ойлайм, біз барлығымыз әрдайым осылай айтып жүреміз, бұлай жасау сенің де қолыңнан келеді, яғни сен де артыңа із қалдыра аласың.
Стив Джобс
Қорқасыңба — жасама, жасайсыңба — қорықпа.
Напалеон Бонапарт
Маған соғыс бастау үшін үш нарсе қажет: біріншісі — ақша, екіншісі — ақша, үшіншісі — ақша.
Напалеон Бонапарт
Ақымақ адам ешқашан кешірмейді және ұмытпайды, қызғаншақ адам кешіреді және ұмытады, ақылды адам кешіреді бірақ ұмытпайды.
Томас Сас
Оқтан қорықпа, егер сен оның даусын естіген болсаң ол саған атылған оқ емес, саған атылған оқты сен ести алмайсың.
Александр Исаевич Солженицын
Менің білім алуыма кедергі болатын жалғыз қиындық, ол менің жақсы білім алуым ғана.
Альберт Эйнштейн
Саусақ аспанға көтерілгенде — ақымақ сол саусаққа қарайды.
Альберт Эйнштейн
Мені ойландыратын жалғыз сұрақ: «Мен ақымақпынба, әлде басқаларма?»
Альберт Эйнштейн
Мен осы чемпионатта жеңімпаз атансам, өзімнің көне шалбарымды киіп, көне қалпақшамды киіп, мені ешкім танымайтын жерге барып, мені танымайтын бір сұлу да ақылды жар болуға лайықты қызды тапсам, оны өзімнің 250 000 доллар тұратын үйіме әкеліп, өзімнің барлық байлығымды көрсетіп оған: «Мұның барлығы енді сенікі дер едім, өйткені ол менің байлығым үшін келген жоқ»…
Мухаммед Али

Сөйтіп жүп болсын деп он бір асыл сөз жазыппын))) Жалғасы бар, егер ұнаса…

20 пікір

VVVWWW
Аудармаңыз сын көтермейді
AiEcPi
Аударалғанымша көрдім, мағынасы түсінікті шығар.
VVVWWW
Уай оқасы жоқ, айтқан сыныма кешіріммен қарағаныңызға ризамын, негізінен түсінікті (мен бұлай аудара алмас едім). Кейбір жерлерін бәріміз ақылдасып түзетіп көрерміз, мүмкін…
Қысқасы жалғасын күтеміз!
jalyn
Жақсы бастама! Жалғасын күтеміз… Шынында, біраз ойландырып жіберді.
AiEcPi
Рахмет. Жалғасы міндетті түрде болады бұйыртса!
geofizik_001
Бонапарттың бірінші сөзі ұнайды маған.
AiEcPi
Ия, керемет сөздер…
zhurttyn_balasy
Өмір үздіксіз қозғалысты талап етеді.
Yeah!

біріншісі — ақша, екіншісі — ақпа, үшіншісі — ақша.
Екіншісі?

Жалғастыр!
AiEcPi
Ия, кеше қателесіп кетіппін, түнде шаршап отырып жазып едім, дұрыстап қойдым.
Jako
Осыны ақыл сөз дегенді де, осы ақыл сөздердің де тас-талқанын шығарып көрейін.
1.
Өмір үздіксіз қозғалысты талап етеді.

Өлген адамның қозғала алмайтыны ақымыққа да түсінікті.
2.
Керемет әрі пайдалы нәрсені құруым үшін кез-келген ережені бұзуға дайынмын.
Ереже деген заң, заңды бұзып пайдалы нәрсе істеу қылмыс, яғни ақымақтық.
3.
Басқалардан ақылдырақ бол, бірақ оларға оны көрсетпе.
Егер ақылыңды елге көрсетпесең, одан ел пайда көрмесе, онда ол ақылдылықтан не пайда?
4.
Біз басқа бір адамдардың жасаған дүниесін қолданып жүрміз, біреудің тіккен киімін киеміз, біреудің ойлап тапқан тілінде сөйлейміз, басқа адамдардың ойлап тапқан формуласын қолданамыз, мен ойлайм, біз барлығымыз әрдайым осылай айтып жүреміз, бұлай жасау сенің де қолыңнан келеді, яғни сен де артыңа із қалдыра аласың.
Бұған да келіспеймін, бәрін көшіріп ала берсек өмірдің өзі копипас болып кетер еді.
5.
Қорқасыңба — жасама, жасайсыңба — қорықпа.
Бұл жерде қорку немесе батырлықтан көрі бірінші орынға ақылменен саралауды қойған дұрыс болар еді.
6.
Маған соғыс бастау үшін үш нарсе қажет: біріншісі — ақша, екіншісі — ақпа, үшіншісі — ақша.
Бонапарт қояншық ауруымен ауырған, сау адам бұндай сөзді айтпас еді және бұл сөзді ақылды сөз деп жазбас та еді.
7.
Ақымақ адам ешқашан кешірмейді және ұмытпайды, қызғаншақ адам кешіреді және ұмытады, ақылды адам кешіреді бірақ ұмытпайды.
Бідің қазақ бұл ойды «Жаманның кегі басы жерге жеткенше, жақсының кегі шәйі орапмал кепкенше»-деп бір-ақ ауыз сөзбен айтып қойған.
8.
Оқтан қорықпа, егер сен оның даусын естіген болсаң ол саған атылған оқ емес, саған атылған оқты сен ести алмайсың.

Атылған оқтан қорықпау батырлық емес, барып тұрған ақымақтық.
9.
Менің білім алуыма кедергі болатын жалғыз қиындық, ол менің жақсы білім алуым ғана.
Жақсы білім алуды қиындық санаған адам дәл осы А.И.Солженицын сияқты ақымақ болады, оның дәлелі оның «Россияны қалай құрамыз»-деген еңбегі.
10.
Саусақ аспанға көтерілгенде — ақымақ сол саусаққа қарайды.
Нұсқаған жаққа қарамаған адам ақымақ емес пе?
11.
Мені ойландыратын жалғыз сұрақ: «Мен ақымақпынба, әлде басқаларма?»
Менің ойымша өзгені өзінен ақымақ санаған адамның өзі ақымақ.
12.
Мен осы чемпионатта жеңімпаз атансам, өзімнің көне шалбарымды киіп, көне қалпақшамды киіп, мені ешкім танымайтын жерге барып, мені танымайтын бір сұлу да ақылды жар болуға лайықты қызды тапсам, оны өзімнің 250 000 доллар тұратын үйіме әкеліп, өзімнің барлық байлығымды көрсетіп оған: «Мұның барлығы енді сенікі дер едім, өйткені ол менің байлығым үшін келген жоқ»…
Эйнштейннің кезінде қалай екенін қайдам қазір 250 000$ көп ақша емес, Астана, Алматы сияқты қалаларда бір бөлмелі пәтер де ала алмайсың.

Сонымен бұл жерден ешқандай ақылды сөз көрмедім, демек не болса соны көшіріп алып, ақылды деп жаза бергенннің еш мәні жоқ болар деп ойлаймын.
AiEcPi
))) Әр адамның өз ойы бар, өз пікірі бар, біреуге ұнайды, біреуге ұнамайды. Әр сөздің түбін қаза берудің қажеті жоқ сияқты, бастысы маған ұнады! Келесіде сізге ұнайтындай асыл сөздер жариялауға тырысам!!!
geofizik_001
Бір адам үшін тырысып керек емес.Тек осындай әр сөзден,әр сыннан керек жерін алып, біліктілігіңді ұштастыра түс. Көш жүре түзеледі.
zhurttyn_balasy
Жако тым тар, біржақты, лишьбы қарсы шығып, жоққа шығару мақсатында жазған сияқтысың
AiEcPi
Оған да көндік)))
Jako
Өз ойым ғой...))))
ereke_enu
250-ге қиналмай алуға болады. Квадраты 2000 дегеннің өзінде 125 квадрат болмай ма? 4 бөлмеліге келіп қалады.
dimash
Стив Джобстың сөзі ұнады. Оның «Сократты бір рет көруім үшін құзырымдағы барлық технологияны берер едім» дегені де бар.

Бетховеннің сөзі де ұнады, қазір ақылды болмаса да өзгелерге солай көрінуге тырысып жүргендер көп)))
korwinin_kyzy
менде ой саларлық дүние көрмедім Әрине қарсы шығарсындар, бірақ осы менін фикірім Айбетпеніздер)
korwinin_kyzy
Оқтан қорықпа, егер сен оның даусын естіген болсаң ол саған атылған оқ емес, саған атылған оқты сен ести алмайсың.
неге қорқпаймын? қайдан білесін маған намек тастап жатқан шығар келесі сенің кезегін деп келесі оқ маған болат деген ниетпен )))
zhomart
Бізде ақылдылар көөөп қоой)))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.