Көктем келген сияқты ма?

Ақ парақтағы ойлар /
Қай жерде мейлі, қай елде,
Өмірдің мәні әйелде.
Мықтымын десең өзіңді,
Әйелге барып дәлелде… (Ж. Ерман)

Ақ парақтағы ойлар: сурет, көктем
Көктемнің алғашқы күндері аяқ басқаны сол еді, Жүрсін ағамыздың осы әні ауызыма орала бергені. Көктем… Сұлулықтың мейрамы,әлбетте, нәзік жандыларымыздың мерекесі.
Нәзік жандылар демекші, сол аруларымызға қорған болар ер азаматтарымыз бүгінгі таңда немен айналысып, нендей күн кешуде?
Осыдан бір апта бұрын шәкіртақымды қолыма алып, көк базарға ат басын бұрған болатынмын. Кенет, жолда өзімді жайсыз сезініп, ауырыңқырап тұрғанымда екі жігіт келіп көмек көрсеткен еді. Аузын ашса жүрегі көрінетін, ақ көңіл қазақ емеспіз бе, оларға алғысымды жаудырып жөніме кете бердім. Сөйтсем, әлгі екі жігіт сөмкемдегі шәкіртақымды жымқырып үлгеріпті. Мұнысы көрсеткен көмегіне алған ақысыма екен, әлде қазақтың жігіттері осылай ұсақталып бара жатыр ма?
Солар деп түстік көкпарға,
Солардан ыстық от бар ма?
Қарғағың келсе біреуді,
Әйелсіз өтсін деп қарға – деп тағы да сол Жүрсін айтпақшы, жаңағы жігіт-сымақтарымыз менің әмианыма қол салмас бұрын өзінің дәл мендей қарындасы барын, ертең бір қызға асыл жар, енді бір қызға ардақты әке боларын ойлады ма екен? Қызға жасаған қиянаты ертең өзіне кесірін тигізіп жүрмесе жарар еді…
Алдымызда 8-наурыз халықаралық әйелдер мейрамы келе жатыр. Бұл күні аруларымыздың құшағы гүлге толары анық.Ал кешегі басымнан өткерген оқиғадан кейін сыйлық алуда да абайлау керекпе деп қалдым. Қазіргінің сал серілері бір арудың қалтасын қармап, екіншімізге сый жасамасына кім кепіл? Соқырдың өз бидайын өзіне қуырып беріптінің кебін киіп жүрмесек жарар. Әрине, көпке топырақ шашудан аулақпын. Дегенмен, ертеңімізді сеніп тапсырар еркек кіндіктілер осынша арзандап бара жатқаны қарын аштырары хақ. Кешегі Бауыржандай батыр, Қайраттай қайсар ағаларымыздың ұрпақтары мұншалық ұсақтлар деп кім ойлапты?
Айгүл Бадыр

9 пікір

Kan
Баукеспе ұры, аялақтар қай заманда болған. Алаңдамаңызбұл заманда да Батыр Бауыржанда,қайсар Қайраттарда жүр арамызда. Қарындасын қарайлайтын, жарын жылатпайтын, анасын ардақтайтын асыл текті, жүректі епті жігіттерді әлі-ақ жолықтырасыз. Бір оңбағандар ұрлады екендеп, ақшамды тонады екендеп күдеріңізді үзбеңіз. Көктемдей құлпырып,өмірді ұғынып бақытты болуға тырсыңыз. Біз қанша жерден «ерміз» деп ереулегенмен қыздарсыз еш бақытты бола алмайтынымызды мойындаймын.
AyKoN
рахмет Кан аға!
Korkem
Қай жерде мейлі, қай елде,
Өмірдің мәні әйелде.
Мықтымын десең өзіңді,
Әйелге барып дәлелде…
майдай жағады)))
satirik92
Әр заманның өзіне ішілік түлкісі болады.
yesbolat83
Қандай пікір жазарымды да білмей отырмын. Ұялып отырмын шынымды айтсам. Қанат бауырым жақсы пікір тауып айтқан, сонымен келісемін деп, плөстеп, онымен келісетінімді айтқым кеп отыр.
Бәрі де жақсы болады. Соңғы кездері қыздарымыз жігіттер ұсақталып барады, ұсақталып барады деп көп айтқыштап жүр. Неге сіздер ер азаматтардың жақсы қасиеттері туралы жазбайсыздар, ааа?
yesbolat83
Кей қыздарға Жүрсін ағамыздың осы бір өлең жолдары майдай жағып отыр дааа.
erke_ky3
Осындай оқиғалардан кейін көңіліңде қалады ғой жаныңа жақсы сөйлеп келіп, көмек көрсеткісі келетін жандардан :(
yesbolat83
Бес саусақ бірдей емес, қалқам.
AyKoN
жақында Дулат Исабековтың «Ержеткенше»(умытпасам осылай) деген повесін оқыдым. Жаныңа күліп келіп, жақының боп көрінгісі келетіндердің арамза ойы жайлы жақсы айтылған
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.