Өз жерімді баса жүріп тапқан әуре

Ақ парақтағы ойлар /
Шамаласам күз уақыты. Үйден Атамұра кітапханасына ниеттене Цумға беттедім. Үстімде педжак, жағалы көйлек, белден төмен джинсы. Автобустан түскенім сол-ақ еді, арқамды қаға «тыныштық күзетшісі» аталатын милиционер тыныштығымды қашырды.
Алдыма тұрып жеке куәлігімді сұрады. Өз елімде, өз жерімде жүріп оны алып жүріп дағдыланбаппын. Осынымды айтсам «тыныштық бұзушының» қабағы түйіле, қос көзі найзағай соқтырды. Найзағайы жүректі күйдірді-ау, күйдірді!
Оның менің ішіме тастаған «отын» машинасына өзіммен ілестіре кірдім. Өзіммен кіргізгенім өзінің «отын» өзіне оң қолыммен оң қолына ұстатайын дегенім, бұным енді оларға деген бойға сіңген сыйластығым, дұрыс шығар енді?
Онымды түсініп жатқан бұлар жоқ. Арқамдағы сөмкемді сұрап алып тінтті. Осы кезде менің санамда екі қорқыныш туды:
1) Сөмкеме анаша салуы мүмкін. Бұны ойлауыма негіз бар еді:
Алыс-жақын таныстарымның бірі жаздың қара кешінде өз есік алдында ағасымен тыныстап отырған шағында алдыларына «тыныштық бұзушылар» тоқтайды. Жеке куәліктерін талап етеді. Ағасында бар, өзінікі үйінде. Осыны сылтау көріп қолына бұғау тағады. Бұлардың қылт етер қимылын қырағы байқап отырған ағасы «тыныштық бұзушылардың» бірінің қалта тексерген кейіппен інісінің қалтасына анаша салып жатқан жерінде қолын шап береді. «Айыптаймын» деп өздері «айыпталушыға» айналған «тыныштық бұзушылар» бастарын салбырата тайып тұрады.
2) Бұрындары жазған «Обезьянник» атты сықақығым сөмкемде тұр еді.
Елін сұрап танысу қанымызға сіңген қазақ емеспіз бе?
— Еліңіз қай ел?
— Найман,- деп, мені ұстағаны қаңқ етті.
— Туыс екенбіз! – дей, әлсін күлдім.
— Ойғырсың ба? Моңғолсың ба? – деп, түйіле түсті екіншісі. Қаным басыма құйылды.
— Найманмын… – деп бетіне менде тігіле қу күлдім. Өз сұрағына өзі ұялған болса керек, фурашкасын төмен баса іш бауырына кірді. Екіншісі сөмкемді қайтарып беріп шығып кетті.
Осыны пайдалана қояйын деп орындығын езе отырған «тыныштық бұзушыға» жақындап, оған қадалып сөзімді бастадым.
— Сонда мені қайда апарасыңдар?
— Кеңсеге.
— Кеңсеге не үшін апарасыңдар?
— Пропискаңды тексереміз. Кірген жерде мұрты мынандай,- деп жоғарғы езу мен мұрын арасына бес жасар бала ұқсап қос қолымен мұрт сызды. — … ағаң бар. Сол ағаң сені тексереді.
— Тіркелген үйдің мекен жайын айта салайын. Өздерің тексересіңдер.
— Жоқ болсаң қайдан табамыз?
— Онда мен барып кітап ала қайта келейінші. Осы жаққа келген себебім осы. Әйтпесе, қазір кеңселеріңе барам дегенше шаршаймын. Өзім үш жыл төсекке таңылып жаңа тұрған адаммын. Егерде, сосын үйге өздерің апарып тастаймын десеңдер көнейін.
— Сені арлы-белі таситын бізді «такси» дейсің бе?
— Сонда, кеңсеңде талып қалсам, сен жауап бересің бе? – деп тізерлей түстім.
— Онда, онда… — десіп анауың ыңқылдай түсті.
Жауап бергісі келмей сыртқа үңілді. Екіншісі үш адам ұстаған. Менің жаныма әкеп бірін отырғызып, екіншісін тықпалай түсті. Жаныма отырғанның жөні түзу қолында гитарасы бар, жас, орыс жігіті. Орын тарылғанын оның гитарасынан көрді ме? Қолынан жұлып алды да, көлік артындағы жүк салғышқа салды. Орыс жігіт шырылдай, өз тілінде:
— Елден тартып алған заттардың колекциясының ішінде гитара жетпей жатыр ма? Бұл ендігі қаншаншы рет тартып алғандарың?
— Аузыңды жап, «үйіңе» барғанда аласың,- деп сықақтай жауап берді «тыныштық бұзушылардың» бірі.
Екінші «айыптыны» отырғызды. Көліктің іші көк сасыды. Оның түрінен түр жоқ. Беті қырық тыртық. Кигені құрақ шапан. Бұл мүсәпірді иісінен жиіркеніп, тұрқына қарай аяй түседі екенсің. Ол үнсіз ғана кірді де отырды.
Үшіншісін тығарға тесік таба алмай:
— Ей, сен жылжышы ,-деп нұсқады «тыныштық бұзушы».
— Енді жіберсең қайтеді? Маған қара, сосын аналарға қара! Айырмашылық көріне ме?
Рульде отырғаны еріне:
— Баршы, баршы… кетші?! – дей салды.
Ішімнен күле шығып жөнеле бердім. Дегенмен, түсінбеген бір нәрсем мынау:
Өз жерімді баса жүріп, неге куәлік ала жүрмесем, осындай әуреге соқтығам?
ТӨРЕХАН Арыстан

5 пікір

AL-ASTER
Тұрған аудан қаладағы ең әсем аудан болып көрінеді. Онымен қоса, барлық маңызды орындарға жақын. Есесіне, тәртіп сақшылары да аяө үзбейтін территория. Құдайдың құтты күні ұстап алады, тұрып жатқанымызға онға жуық жыл болған жер. Жас служащийлар үнемі ауыса береді, әйтпесе бірнеше рет бет көрген соң екінші рет сөйлесі алуға болар еді.

Бірде кешкі жаттығу жасап жүгіріп жүрген кез. Тоқтатып алды. Құжат сұрайды.
— Мына тұрған үйде тұрамын, күнде жүгіремін. Өз районым, сенбесең жүр үйге.
— Жоқ. Бас ентігіңді. Не сонша спортсменбісің?
— Иә, сонша мықты спортсменмін.
— Сөзіңе жауап бер. Жетіге дейін санағанша, анау тұрған дуалға жет, жетпесең учасковыйға барып тексеруден өткіземіз.
— Сөзіме жауап беремін.
— Бір, екі — дей бергенде тұра жүгірдім. Шамалыдан соң артыма қарасам қол бұлғап шақырып тұр. Қолымның ортаңғы саусағын көрсетіп тайып тұрдым. Ендігі мені қуып жету үшін осы ауданның тесіктерін түгел жатқа білу керексің — деп күлуден басқа вариант қалған жоқ.

Тағы жүгіруге шыққан кез. Жалпы, бір аялдамадай ғана жер, сосын Конгресс-Холл. Қарсыда коньки тебетін корт. Соған балалармен жиналамыз. Жалғыз шыққанда жүгіріп дене қыздырып бару әдет болған. Кезекті бір күні алдыдан екі амиго тоқтатып құжат сұрап тұр. Біреуі әлгі алданып қалған амиго. Құжат жоқ. Тағы да осы районның тұрғыны екенімді айтып ақталып, кеше ғана осы жігіт тексерген мені деп қоям. Анау алданып қалғанын айтуға ұялған болуы керек, басын изей салды. Алды артыма қарамай зыта жөнелдім. Содан бері құжат үнемі қалтада. Бұл қоғамдық тәртіп, сондықтан артқа проблема қажет болмаса, құжат дұрыс болғаны дұрыс.
yesbolat83
Мен бұл тәртіпке келісемін. Бірақ, көшеде бейбіт кетіп бара жатырған азаматтарда не шаруасы бар. Олардың бет-әлпеті мен жүріс-тұрыстары қылмыскер сияқты көрсетіп тұрса бір сәрі. Адамдарға проблема тудырып.
Бес саусақ бірдей емес, көпке топырақ шашпайын.
ai-naz
Ілінгенге ілмек керек деген осы-ау…
satirik92
Негізі осы бір заңды өзгерту керек деп ойлаймын. Сізші?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.