Әр адам - бақытқа жетуші өз өмірінің басты кейіпкері..

Ақ парақтағы ойлар /
Жер беті… Әлемде 7млрд.тан
астам адам өмір сүреді.
Барлығы бақытқа жетуші өз
өмірінің басты кейіпкері.
Тағдыр деген үлкен туындыда
әрқайсымыз өз рөлімізді
сомдаудамыз. Алла тағалам осы
туындыны жаратушы болса, ал
періштелер олардың
адал да пәк көмекшілері. Бірақ,
біз бұл туындының ешқандай
сценарийiн алған
жоқпыз, сонымен қатар бұл
туындыдағы рөлiмiздiң қаншаға
созылатыныда
беймәлiм. Адамдар сомдайтын
рөлдерде бiр-бiрiне мүлде
ұқсамайды. Бiрақ, бұл туындыда
әр адамға таңдау еркi берiлген.
Яғни, жақсы рөлде
немесе жаман рөлде ойнаймын
деседе еркi өзiнде…
Иә, өз еркiнде. Бiз өзiмiзден
бұрын пайда болған
адамдардан осы туындыда
рөлдерiмiздi қалай сомдау
керектiгiн үйренемiз, өмiрге
бейiмделемiз… Жақсыдан
үйренiп, жаманнан жирену
керек екенiнеде көз жеткiземiз.
Өзiндiк "өзiмiздi" күн өткен
сайын, бiр кiрпiшпен қалап
отырамыз, сырлаймыз,
әрлендiремiз. Адам күн сайын
әртүрлi рөлдердi сомдайды.
Бәлкiм, сол себептен шығар,
өмiрдiң бiр күнi екiншiсiне тiптi
ұксамайды, ұқсатып бақсақта…
Барлық адамның дiттеген өз
арманы, мақсат-мұраты бар.
Соған жету үшiн еңбектенедi,
талпынады, сүрiнсе орнынан
қайта тұрады… Бақыт iздейдi.
Бақытты болсам, бақытты
қылсам дейдi. Бақыт деген не
өзi? «Бақыт» деген сөзде
қаншама ой, қаншама түсiнiк
жатыр. Бақыт — денсаулық.
Бақыт — өзiңе деген сенiмсiздiктi
жеңе бiлу, өзiңе деген
сенiмдiлiк. Бақыт- өмiрдi жақсы
қып сүруге деген құлшыныс.
Бақыт — анаңның, әкеңнiң,
жақындарыңның қайғысыз
күлкiсi. Бақыт -өмiрдiң жаңа
парақтарын қорықпай ашу.
Бақыт — кешегi жақындарыңның
бүгiнде бар болуы. Бақыт — жан
дүниемiздiң байлығы. Бақыт — бiздiң жақсылыққа сене
бiлуiмiз, ертеңгi күнге деген
үмiттi жоғалтып алмау. Менiң
ойымша, әлемдегi
7млрд.адамның бақыт туралы
өз анықтамасы бар.
PS.Бiр оқиға желiсiн суреттегiм
келген, бiрақ фантазиям
қаламай отыр. Анау
жазбадағының барлығы
жаттанды сөздер-ау шамасы.

3 пікір

yesbolat83
Жер бетіндегі барлық пенде бақытты болуға лайықты!
Jako
біз бұл туындының ешқандай
сценарийiн алған
жоқпыз
Адамға ой салатын пост, жақсы жазылған. Туылғанда Аллатағалам әр пенденің пешенесіне тағдырын жазып қойған дейді емес пе, мүмкін өмірдегі сценарийіміз сол болар. Дегенмен оның бізге белгісіз, тек қана бір Аллаға аян екені тағы
анық.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.