Әлемді бағындырған қазақ қызы

Ақ парақтағы ойлар /
Телефоным шыр етті.Тұтқаны көтерсем, мәдениет орталығындағы әріптесім екен. Хал-жағдайымды, аман-саулықты сұрады. Өз жаңалықтармен бөлісіп жатқанды. Кенет даусы өзеріп кетті. Біршама уақыт үзіліс жасады. Менің жүрегім шымыр ете қалды.Не болды десем,үн жоқ.Тыныштық па, амандық па десем, бәрі дұрыс дейді. Ендеше неге үнсіз қалдың десем, тағы да үзіліс жасды.Не нәрсе болсада айта берсеңші дегем,қәзір деді.Бір кезде Алтынай туралы хабарды естідің бе? –деді.Қай Алтынай екендігін айтпады.Мен танитын Алтынайларды сұрай басталым. Бір кезде өнердегі Алтынай деді.Сөйтіп, орталықтан хабарласып тұрғасын, әнге қатысы бар мен танитын өнердегі жан Алтынай Жорабаева ма десем, жоқ деді.Содан әрі іздедім, бері іздедім, таба алмадым, өзің айтшы, не жағдай орын алды деп сұрадым.Сиқыршы Алтынайдан айырылып қалдық деді.Төбемнен мұздай су құйып жібергендей болды. Алтынайдың былтырдың жылдың соңында Алматы қаласындағы ауруханалардың біріне жағдайы нашарлап, жансақтау бөліміне түскендігі туралы хабардар едім.Күз айында әріптестерім мен бірге хал сұрап аурухана барғанымызда, сол аурухананың бас дәрігері Алтынайдың ауыр науқасқа былтыр шалдыққан, бірақ, бір өкініштісі нақты диагноз қоя алмай отырмыз деген болатын. Біз уақыт өте жазылып кетер деген үмітте болғанбыз,әттең… бірақ бақилық болды дегенге жүрек шіркін сенбейді… Дарынды талант иесі- Алтынай,әлемнің ең үздік сиқыршыларының алғашқы ондығына енген. Қара шаңырақ, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетінің түлегі. Өз саласы бойынша, соңғы жылдары «Өмір-өзен» телебағдарламасын жүргізді.Газет-журналдарда мәдениет саласы бойынша мақалалары жарық көріп отырды.Журналист, телерадио жүргізушісі, цирк менеджері, бағдарлама жүргізушісі, сондай-ақ әлемнің бірқатар елдерінде иллюзионист болып еңбек еткен еді. Ал, соңғы жылдары «Гүлдер» мемлекеттік ансамблінде жұмыс істеген. Сонымен бірге көптеген әлемдік байқауларға қатысып, иллюзионистік жанрдың шебері ретінде әлемді бағындырды.Оның ішінде Швейцария, Грекия, Италия, Польша, Түркия,Қытай елдердегі көрермен жүрегінен орын алды. «Алтынай иллюзиялық» театрын құрды. Көрермен көзайымына айналған қазақ қызы сахнада жеті минут ішінде он төрт көйлек ауыстырып үлгеретін еді.
Ажал айтып келмейді. Марқұмның артында студент ұлы қалды. Артының қайырын берсін! Жас кетті! Иманы салауат болсын! Жаны жаннатта болғай! Алтынай халықтың жүрегінде өнерімен мәңгі жасайды.Қазақ деген халық барда, Алтынай бар!

6 пікір

satirik92
Қайырлы болғай!!!
ai-naz
Әмин!
satirik92
Бір жағынан сенгім де кемейт. Қазақта бұл салада адам аз онсызда.
ai-naz
Жүрек шіркін сенбейді…
Kan
Айгөйлекте жури болып отыратын Алтынай ма? Масқара
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.