Ішпейтін досым...

Ақ парақтағы ойлар /
Жаз келеді, тауға, табиғатқа шығу басталады. Он, он бес адам топырлап ақша жинайды. Бірінші кезекте алатындары «сыра». Бұған ақшаның алпыс пайызы жұмсалады. Қыздар үйден тамақ пысырып, көрпелерін қамдайды. Не керек Көктөбенің басына шығады. Табиғаттың таза ауасын тыныстаудан бұрын, оттық пен темекі тұтатып, никотин мен тыныстайды.
Өздеріне лайықты деген орынға жайғасып, сыраны құлқытады. Орталарында өмірі сыраға жоламаған біреуі болады. Бәрінің аңдығаны сол. «ішкіземіз» деп бәстесіп алған себебі. Қыздарың сыра мен сусынды араластырып ішкені не? Жұтып жатыр. Он минуттан кейін қарасаң бәрі сау, ал «ішпейтін» досымыз көбелек санап жүреді. Шын мәнінде ішпейтіндері қолындағыдан құтұлу үшін «ішпейтін» досымызға бере-береді, ол болса құнығып алған, бір бөтелкесін бір көтеріп жұта салады…
Енді біреуі таза ауадан көрі никотинді пір тұтады. Құлағында бір темекі, аузында түтін бұрқырап «кайф»… Қолында «пепси», шайқап-шайқап газын шығарып, ішіне темекінің түтінін жіберіп «сусын» ішіп отыр. Жанына «ішпейтін» досын шақырып:
— До-до-досым!!! – деп мойнынан құшақтап, — Ішсеңде мы-мы-мына те-е-е-темекі-ге-е-е жолама. Таста-а-а-ай а-а-алма-ай жүрміз,- деп батыр болып отыр…
Тауға біреуі шығып кеткен. Тікенектерді гүлдей сипап, разы… Он сегіз жыл өмірінде ішіне зілдей жиналып қалған «зарын» шығарып, айғай салып ән айту үстінде. Тындағандарды рахатқа бөлейтіні соншалық шаштарын тік тұрғызды. Зарын шығарып болған соң, ерінді ме? Шаршады ма?! Әйтеуір, тікесінен төмен қарай домалай салды. Тоқтаған жерінде ішіндегі «зарын» шығарып жеңілдеген досымыз «сәби» ұйқыға терең батты…
«Ішпейтін» досымыз «сыраға» сылқия тойып, енді денесі қызып, кеуіп, шөлдеп таза су іздеп жүр. Сау біреуі қолындағы суын бермей ойын көріп жүр. «Ішпейтін» досымыз оны қуып, боқтап, тау сілкінердей атой салып жүр. Ондай жерде «камераға түсіргіш» шығармашылық адамдары табылып репортаж жасап жібреді. Суға жете алмай кеңірдегі құрғаған досымыз «шымкентский вариантты» «магазинге» қосады. Ал не керек суды лақтыра салып, білекті түріп шайқас басталады. Он минуттан кейін қарасаң екеуі құшақтасып «дос» кейпіне түседі.
Ішетіні ішіп, шегетіні шегіп болған соң қайтуға жиналады. Арттарына қабат-қабат қоқыстарын әсем күйінде қалдырады. Кілең сыра бөтелкелері, темекі қалдықтары жап-жасыл шөптің үстінде былғаныш күйінде жатады. Бірі сүйіктісін, бірі «досын», бірі «сырасын», бірі «темекісін» құшып махаббаттың сазды әуенін шертіп таудан түседі. Темекінің нәрін құшырлана сіміріп, сөндіруді ұмытып артына лақтырған күйі кете береді.
Темекінің тұтанған кейпі бөтелке немесе газет, салафанның біреуіне түседі. Қайсы болмасын жанғыш келетіндігінен өртке бастау болады. Соққан желмен құтырып өрт лаулай жанады. Өз құшағын тұрақ етіп берген табиғат ана үнсіз жасын сықтайды. жасыл жер жана қара жерге айналады…
Ал ішкіштер мен шеккіштер бұны көрседе қолын сілтеп үйіне тікесінен тартып, арақ сасыған күйі көрпеге оранып қаннен қаперсіз маужырап ұйқыға батады…
Төрехан Арыстан

17 пікір

yesbolat83
Адамды ойлантарлықтай аяқталады екен соңы.
Түсінбей қалғаным, ішпейтін досың ішіп кеттіма, не болт?
Jako
Иә,өмірде жиі кездесетін жағдайлар.
Chimaq
Ishpeitin bir qazaq chyqsa quanu kerek bul zamanda :):)
NURI
Арасына Шымкентті қыстырып қоймасаң болмай ма?
satirik92
Оны мен емес халық қосады ғой, жаным ау?
NURI
Жаныңыз кеуденізде ағасы :))
satirik92
бүгін «жаным» адасып аузыма көшіп, сақылдатып сартылдатып мұрнымның ұшы өзінің төріне қайта барды…
NURI
Неге олай болды екен?
satirik92
Сатира жазам құдай қаласа, содан жауабын табасын.
Jako
Нури, профиліңе қарасам Қытайлықпын депсің, несіне Шымкенттің жоғын жоқтап отырсыз?
NURI
Қытайлық емеспин! Шымкент Құрама Штатынанмын!!!
Jako
Онда жөн екен…
NURI
Әрине.
satirik92
ШымШайнаның қызымын десеңші…
satirik92
"Құрама" шытатын кімнен құралған??? Түсінбей тұрмын…
NURI
Сарыағаш city, ал онын ішінде Ауылым- алтын бесігім!!! Шайнанын қызы емеспін
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.