СҮЙІНШІ???

Ақ парақтағы ойлар /
Әңгімені неден бастарымды білмей отырғаным… Ассаламуалейкум Айтаберлік достарым! Менің жазбаларымнан қуаныштың лебін күтіп жүрген достарыма ерекше, жалынды сәлем! Естеріңізде болса осыдан жарты жылдай уақыт бұрын БАЙЗАҚОВ АРДАҚБАЙ АЙТЖАНҰЛЫНА деген пост жазған едім. Осыдан 10 күн бұрын, сол ақпараттың жалған екенін естідім, Ардақбаймен жолықтым. Өзі жайлы мұндай хабар тарағанынан Ардағым бейхабар екен. Ең бастысы аман екен, Аллаһқа шүкір етемінАқ парақтағы ойлар: СҮЙІНШІ???
Көптен күткен кездесу болды. Әуелі әбден сағынып алмай шығушы болма сапарға — деуші еді ғой Төлеген ағамыз. Сағынышқа толы кездесу болды...3 жыл бойы тәкаппарлықтың тасасында қалып тұншыққан сезім…

12 пікір

qyrmyzy
қандай күштіііііі, Алматыда жолығыпсыңдар ғой.)
AyKoN
Шымкенттік болғанымызбен, шымкентте жолығу бұйырмапты, ең бастысы аман-сау екен.
Delfina
Ееее, аман сау, жарқырап жүре берсін.
AyKoN
Көз тоймас көркіңмен
Айырдың еркімнен
Ең асау сезімді
Сезіндім өзіңнен
semser_soz
ҚҰТТЫҚТАЙМЫН!!! Қандай керемет!!! Аллаһтың бұл үлкен сыйы. «Жүгірген жетпес, Бұйырған кетпес» деген осы шығар… ӨКІНІШКЕ ОРАЙ КЕЙДЕ СОЛ ТҰНШЫҚҚАН СЕЗІМ, ЖОҚ БОЛЫП КӨМІЛІП ҚАЛАТЫН ЖАҒДАЙЛАР ДА БОЛАДЫ…
AyKoN
рахмееет! Иа, көміліп те қалады, көміліп қалғанда шығар біздіңкі… кім білсін?
semser_soz
Көмілгенге ұқсамайды ғой. Ұшқыны бар сияқты. Ал, оны тұтату қолдарыңда тұр деп ойлаймын. Мен басқа сөніп, өліп, көміліп жоғалған сезім жайлы айтқан едім...
Соңғы өңделген уақыты:
AyKoN
Тәкаппарлықтың тасасында қалса, көмілмегенде несі қалсын?
yesbolat83
Қуаныштымыыын, шын жүректен, сендер үшін! Әрқашан да ешқашан да жұптарың жазылмасын!
Кімде кім сүйіншіге бір нәрсе берсе сауап дейді ғо. Қарындасым, не қалауың бар?
AyKoN
Рахмет ағатай! Жұбымыз алдымен жұптассыншы))) Сүйіншіні қалауы бойынша беруші ма еді? қолда барын бермеуші ма еді? Жекеге жазам ғой онда қалауымды)))
AyKoN
Соңғы өңделген уақыты:
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.