Бір өлең сенің еншіңе...

Ақ парақтағы ойлар /
Жүрегімнің жүз әні арналған, бір емес мың өлеңімнің кейіпкеріне арналған аласармас Ардағыма деген шимай-шатпағым.
Жадымда жатталып есімің,
Жүректе сақталса несі мін?
Айыбым сүйгенім болса егер,
Ол үшін сұраман кешірім.
Тосады қаншама алда күн,
Болмаймын мен сенің жан-жарың.
Сонда да жүретін дұғамда
Аман-сау жүрші тек ардағым!
Өмірден берілмей үлесің
Өлеңде өмірді сүресің.
Өңіңде тұншығып, күрсініп,
Көңілде мәңгі бір жүресің.
Бара алман мейлі, сен «келші» де,
Бұйырмас бағымсың еншіме.
Жүдеген жүректі жібер де,
Бір өлең ғана сен еншіле.
Бадыр Айгүл

13 пікір

AyKoN
Сарқылмас сезімнен белгі боп Бір өлең бұйырсын еншіңе…
yesbolat83
Тосады қаншама алда күн,
Болмаймын мен сенің жан-жарың.
Сонда да жүретін дұғамда
Аман-сау жүрші тек ардағым!
Түсінбедім, бұл жолдарыңды?
Сенің Сүйінші атты жазбаңды оқып өлгеніміз тіріліп өшкеніміз жанғандай қуанып ек.
Korkem
эх, махаббат осындай ғой, жексұрын қылады адамды. Түсіну ғана керек, түсіну…
AyKoN
иә, аға Сүйінші сұрайтындай жаңалық емес пе ол тірі!? Көзіммен көріп, қолыммен ұстадым)))
Jako
Сезімге құл бола беру әбиір әпермейді, әсіресе қыз балаға. Қаншама жыл ұмытқан адам не опа берер екен?..
AL-ASTER
Өлең ұнамады. Химия, физика, математика, программалау туралы өлең жазыңызшы. Әсіресе пиішпи, хытымылы, сиесес тіпті джумла, друпал туралы жазсаңыз да болады.
Тұрақты оқырманыңыз болам. Уәде берем!!!
AyKoN
олардың исі мұрныма да бармайды ғой, сізді тұрақты оқырман етемін деген шешім қабылдар болсам жазатын болам, ал әзірге өз өлеңім өзіме және кейіпкеріме!
AL-ASTER
Өмірде бәрін де өзгертуге болады…
Jako
Нұржол, бұл айтып отырғаның Көршінің қызының жанры ғой, естісе болды балақтан шұбыртады ол)))))
yesbolat83
Иә, иә. Ол көрінбей кетті ғо. Мысыр еліне кетіп қалмады ма екен түйіншектерін жинап.
korwinin_kyzy
Жоқ жоқ бауырым әлі жиналу үстіндемін уақыт жоқ анда санда кіремін ыжлания боса ,,қол тимит жумыста дегендей
qyrmyzy
сезімге орнымен берілген жөн)
korwinin_kyzy
МЫНА ӨЛЕҢДІ ОҚЫП ҚҰСҚЫМ КЕЛІП ОТЫР, НЕ ІСТЕСЕМ БЕКЕН А, ВАЛЕРИАНКА ІШІП АЛСАМБА ЕКЕН?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.