Жайық жағасындағы ойлар

Ақ парақтағы ойлар /
Табиғат, табиғат қандай кереметсің?! Самал жел, құстардың салған әндері, жайқалған теректер, Жайық өзені… Бала кезімнен бері табиғатты тамашалауды ерекше ұнататын едім.
Кейде, ашуланып, сабырсыз болған кезімде, әсем табиғатқа көз салсам болды, бәрін де ұмытып кетемін. Иә, балалық шығар… Табиғат сондай, өз әдемілігімен, сұлулығымен адамды баурап алады.
Мен Жайықтың жағасында отырмын… Әне, құстар қиқулап әндерін салады. Не деп сырласады екен?! Мен де тыңдағым келеді. Мен де сырымды бөліскім келеді.
Шіркін, құс болсам нетті?! Құс боп жаратылғанымда, өз қанатымды жайып, көркем табиғат үстінде самғап ұшар ма едім?! Иә, қиялдай берсем болды, қиялға шомылып кетемін…
Әне, ағам да табиғатты тамашалайды. Қармағына бірдеңе ілінген секілді… Иә, иә балық қой деймін. Мінекей, керемет, кешкі асқа балық та жейтін болдық…
Ағам сазанды алып, шелекке салды. Мен шелек ішіне үңілдім… Мөлдір су ішінде балықтың бадырайған қара көздері маған қарайды-ау?! Не сұрайды менен?! Босатшы, дейме екен?! Мен де сен сияқты балық болсам нетер еді?! Менімен дос болармедің?! Не деп кеттім?.. түүһ тағы да қиялға шомылып кеттім!
Әне, сұп-сұр шаян өтіп бара жатыр… Қайда барады екен? Мақсаты не екен? Аяқтарын қарашы… біреу, екеу… сегіз аяғы бар. Мұртшасы өзінен ұзын ба деймін?! Міне, ғажап! Қайыршаққа барады. Ммм, азығына барады. Қайыршақ жас екен, тіпті, ішінде малюскасы да бар. Бірақ, маржаны жоқ-ау деймін, көктем мезгілі емес қой. Сіздер жиіркеніп отырған шығарсыздар. Мен болсам, бала кезімнен бері осындай нәрселеді тамашалағынды жақсы көремін. Жайықты бес саусағымадай білем десем де, артық етпес. Қайыршақтың беті жылт-жылт етеді…
-Қызым, әй, қызым…
Анам дауысы естілді. Мен жүгіріп, анама кеттім… Ал менің ойым, Жайық жағасында қалды....Ақ парақтағы ойлар: Өз ойым: Жайық жағасындағы ойлар

2 пікір

followme_alik
Көрісерміз бе, жайығым (( Жақсы жазылған :))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.