Тәрбие берер төрт құрал

Ақ парақтағы ойлар /
Ертеде бір жас жігіт көпті көрген дана қарияға келіп:

– Ата, мен ұлды болып едім. Балама қалай тәрбие берсем болады? – дейді. Сонда қария:

– Ұлыңның дүние есігін аш-қанына неше күн болды? – деп сұрапты.

– Бүгін, міне, қырық күн толады.

– Ендеше, балам, қырық күн кешігіпсің. Балаңды дүниеге кел-ген сәтінен бастап тәрбилеуің керек, – деген екен.

Иә, рас. Сәби дүниеге келген сәтінен бастап, ес білгенінше ата-анасының қарауында болады. Әжесі бесік жырын айтып, ертегі, аңызды санасына сіңірсе, жақсы мен жаманды жете түсіндірсе, бір ғанибет. Өсиетін тыңдап өскен ұрпақ өмір жолында адаспайды. Демек, ата-ананың өнегесі – тәрбие берер бірінші құрал. Бала уақыт жетіп мектепке барады. Алтын ұя оқушының өмірге деген көзқарасын өзгертеді. Жаңадан достар табады. Талаптың, еңбектің арқасында өрісі кеңейеді. Ендеше, тәрбие берер екінші құрал – ұстаздары, достары мен қоршаған ортасы. Жігері шыңдалған жас буын өздігінен өрлей бастайды. Түрлі кітаптар, газет-журналдар оқып, тіл байлығын дамытады. Ұтымды сөйлеп, пайымды ойлауды, бос сөзді емес, істі оң көретін болады. Сондықтан кітап, газет-журналдар – тәрбиенің үшінші құралы боп саналады. Жас ұрпақ осылармен ғана шектелмейді. Қазір заманның талабы күн сайын өзгеруде. Сол үшін ғаламторды шар-лап, техниканың тілін меңгереді. Сондықтан ғаламторды, теледидарды тәрбиенің төртінші құралы дер едім. Ғаламтордан не алуға болады? Әрине, саналы бала өміріне қажетті рухани азық табады. Ал санасыз бала уақытын бос өткізіп, бармағын тістейді. Төрт құралды тиімді пай-далана білсек, сөзсіз жетістікке жетер едік.
Дереккөз

8 пікір

followme_alik
Төртінші құрал сәл күдік туғызады) _Жақсы мақала :))
yesbolat83
Менің ойымша, 4-ші құралды дұрыс пайдалана білсе, бала өміріне өз оңды әсерін тигізері сөзсіз.

Жақсы жазылған жазба!
VVVWWW
Білмеймін менің ойымша тәрбие деген екінші кезектегі мәселе, қандай адам болып қалыптасуы бірінші генетикалық мәселелерден туындайтын сияқты, бұның бәрі бос сөз дер едім
Jako
Келісуге болады.
zhangul
ғалымдардың айтуынша 20 пайыз ғана генетикамен келеді, қалғаны тәрбиемен келеді. Тәрбие — айналадан алатын ақпараттардың барлық түрі десек те болады: оның ішінде ата-ананың мейірі де, теле-радио, журнал, интернет, достар, туыстар т.с.с. Сондықтан қоршаған ортаның беретін ақпараты қандай болса бала да сондай болып өседі де.
Jako
Мақала ұнады.
Yeld
Өте жақсы мақала! Аз жазылса да көп ой салды маған…
Нәсілі жоқ, тегі жоқ адамды қанша тәрбиелесе де одан көргенсіз шығады, ұру керек аямай баланы, бесінші құрал ретінде қамшыны айтар едім мен… Осы күні бала құқығы деген пәле болды, Өзі тәрбиесіз ата-ана бар пәлені мектепке жабады, бейшара мектеп психолог алады мектепке, әлеуметтік педагог алады мектепке… Тәлімгер деген тағы бар… Артық сөз айтып алмайын біреудің баласына деп мұғалімдер бүрсең қағады… «Заң білмейтін» ата-ана жоқ осы күні… Баласының жарымес екенімен шаруасы жоқ, «сотқа беремімен» қорқытады… Көздерінің отын жарқ еткізіп ұру керек шықпыртып, шыңғыртып оларды… «Аюға намаз үйреткен — таяқ» дегеннің астарында үлкен мән жатыр… VVVWWW пікіріне қосыламын.
Korkem
Жоғарыдағы мысалдың мен басқашасын оқып едім. Онда іште жатқан 6 айлық сәбиін дүниеге келген соң қалай тәрбиелеу керек екенін сұрай келген жігітке, Пайғамбарымыз (ғ.у.с) «баланы іште жатқанда тәрбиелеу керек, сен 6 айға кешігіпсің» дегені еді. VVVWWW дің пікіріне қосылғым келеді.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.