Балалар үйі

Ақ парақтағы ойлар /
Сәбидің күлкісі...қандай ғажап әуен десеңізші?! Құлағыма сәбидің қуанған, күлген дауысы естіледі… мен де қуанамын, менің де езуіме күлкі келді. Бірақ… бұл жетім сәбидің дауысы ғой. Жетім… жүрекке қалай қатал естіледі десеңізші?!… Мөлдіреп тамған ыстық жас, телефонымның экранына барып тиді. Лезде, саусағыммен экранды сүрте бастадым. Бәрібір де экраным сулана берді. Жетім сәбидің анасын сағынғаны да, экран бетіндегі дақ секілді кетпейди ме екен?!
Балалар үйі, сол үйдегі балалармен тілдесуге бала кезімнен бері ынтық едім… Университет қабырғасында жүріп, сол сәт туады деп кім ойлаған...? Алғаш, балалар уйіне барған кезім… 2 апта бұрын ғана ғой:
«Суық, ызғар сезіледі. Ауа райы бүгін маған қарап күлмейді, қуанбайды… Мен де көңілсізбін. Сабақтарым аяқтала салысымен, достарыма хабарластым. Айтпакшы, „Сенім“ ұйымындамын ғой, содан көп сенімді достар таптым. Бүгін, балалар үйіне барамыз деп шештік…
Міне, балалар үйінің табалдырығын да аттадым, жылы леп сезілді. Тәрбиеші апай бізді балалар ойнайтын бөлмеге апарды:
— Қазір, балалар тамақтанып жатыр. Содан соң, оларды осы бөлмеге алып келемін,- деді.
Балаларды көруге ынтықпын… тез келсе екен деймін. Бірер минут өтті… Бір кезде, балалардың шулаған дауысы естілді, жоқ, шулаған емес, күлген дауысы,,, біреудің күлген дауысы, біреудің еркелеген дауысы келеді кұлағыма… топ балалар біз отырған бөлмеге кірді. Бәрі сондай сүйкімді, қуыршақ сынды көз тартады. Бізге қарайды, „бұлар кімдер?“ деп таңданады…
Уақыт өте келе, бұл балалар да бізге үйренісіп кетті. Олар адамның түрлерін тез жаттайтын секілді, біз келген кезде, бірден таниды. Кейде, „апатай, ағатай“ деп бізге айқкан сөздерінен менің жүрегім елжіреп кетеді. Не қуанарымды, не жыларымды білмей қаламын! Сондай сезімде болып көріп пе едіңіздер?!..
Біз, тіпті балалар үйіне баруды әдетке айналдырып алғанбыз. Әр дүйсенбі, жұма сайын балалар үйіне барамыз. Сол күндері ауыр сабақтар болады… бірақ, балалар үйіне барған кезімде барлығын ұмытып, тіпті шаршағаным да есімнен шығып кетеді. Иә, шынымен де балаларды көрген кезімде, басқа әлемде болатын секілдімін. Неге? Олар жетім болғандықтан, менің аяушылық сезімім бе, әлде, жоқ-жоқ, бір басқа сезім бар… Бұл сезімді сөзбен жеткізіп түсіндіру мүмкін емес…

3 пікір

yesbolat83
Менің де студент кезімде балалар үйіне құрбан айт мерекесі кезінде тәттілер алып барғаным есіме түсіп кеткені. Өзім ақшаға жарымай жүріп көк базардан арзан 10-15 теңгелік, асып кетсе 100 теңгелік шоколодтар алып барған болатынмын. Пакетпен келгенімде балалардың қуанғаны-ай. Ішіндегілерді үлестіріп жатқанда қатты ұялғаным есімде.)
journalist001
Мен де 1 курс оқып жүргенде, балалар үйіне группаластармен азда болса кампитер алып барғанбыз.Сол кезде балалардың өнерлерін тамашалаған болатынбыз, бәрі де талантты балдар екен.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.