Оқып көр, ой салар...(3) "Футбол.Фарер аралдары vs Қазақстан"

Футболдан Фарер аралдары мен Қазақстан кездескенде жазған дүнием еді...
Ақ парақтағы ойлар: Оқып көр, ой салар...(3) Футбол.Фарер аралдары vs ҚазақстанКеше футболдан ұлттық құрамамыз(ұлттық деген аты ғана болмаса, қатары көк көз көршіміздің ұрпағымен толыққан) 2016 жылы Бразилияда өтетін әлем біріншілігі аясындағы іріктеу кезеңінде Фарер аралдарының жігіттерімен кездесдесті. Жасыратыны жоқ, жеңіс күттік. Бірақ, бұйырмады… Бұйыруы былай тұрсын, жеңілістің кермек дәмін тата жаздадық. Әрине, 1 ұпай жоқтан жақсы. Дегенмен, құрамы жартылай кәсіпқой аяқдопшылардан жасақталған жігіттерден 3 ұпай еншілей алмасақ, несіне доп теуіп жүр. Бәлкім, артық кетті дерсіздер, бірақ Фарер аралдарының алаңға шыққан екі ойыншысы балықшы, біреуі есепші екен. Сонда, тоғыз ай ала доптың артынан жүгіріп жүрген, мамандығы «футболист» жігіттерімізді қалай ақтап аламыз. Ұту қайда, ұтылудан Алла сақтады. Біздің "ұлттық" құрамамыздың жігіттері әлі күнге бүгінгі билік пен халық сияқты бір-бірлерін түсіне алар емес… Түсінбейтінде шығар…
Содан кешегі түн үлкен ой айданына жетеледі. Әрине, басты сұрақ, «НЕГЕ?». Қанша бас қатырсамда, түйінін шеше алмадым. «Бәлкім, алаңда жүрген үш қазақты мүлде ойнатпай қойсақ қалай болар екен, Аюдай аңғал көрінгенімен, мысық пиғылды көк көз көршіміз бен біздің қаракөздер арасындағы әлі күнге орнамаған(орнамайтын да) ауызбіршіліктің жоқтығынан жеңіліп жүрген шығармыз" деген ой келді. Бірақ, осы сөзім қаншалық шындыққа жанасқан күннің өзінде 3 қазақты алаңға шығармаудың арты ұлтымыздың бас көтеруіне алып кеп соғуы бек мүмкін. Бұл, түрі қазаққа ұқсағанымен, тілі көршісіне тартқан көкелеріміз үшін тиімсіз. Және осының алдын алу мақсатында жүйелі түрде жоспарланған 50-50 саясаттырына кереғар… Сондықтан, бұным мүмкін емес нұсқа. Ал, өңшең қазақ жігіттерінен жасақтауға болмайды. Өйткені, рухымыз көтеріліп, санамыз оянса мұның да соңы ел егемендігіне қауіпті… "Сонда, не істеу керек..?" Әрі-беріден ойлап, қарапайым халқымыз үшін де, билік үшін де әр жеңілістен кейінгі жігеріміздің жаншыла бергені жақсы екенін ұқтым. Себебі, бірі мақсатты жоспарларын алаңсыз жүзе асырса, екіншілері қара басына төнген көзге көрінер қауіптің жоқтығына «шүкіршілік» етуде.
Бірақ, үндемегенімен қазақ мылқау емес, қарсы шаппауы қорқақтығынан емес, мұның барлығы бабасы төккен қанынның қадірін түсінгендігінде. Содандықтан шыдап жүр… Сондықтан осы таймда алаңда 3 қазақ, 8 орыс… Уақытша ғана… Келесі таймның аяқталуына да 10-15 минут (жыл) қалды. Қырқына шыдаған қазақ, қырық біріне де шыдайды… Шыдауы тиіс… Келесі таймда 3 ойыншы айырбастау мүмкіндігіміз бар… Сол кезде басқадай көріністің куәгері боламыз, қазақтың мерейі үстем болмақ. Әзірге, кімдерді алмастыратынымызды ойластыра берейік…

2 пікір

avatar
ФА 23: 00 Қазақстан… счет па?)
avatar
  • Kan
  • +1
(ұлттық деген аты ғана болмаса, қатары көк көз көршіміздің ұрпағымен толыққан) керемет айттың. бұл мәселе қашан дұрыс шешіледі екен.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.