Қоқынышты түс....

Ақ парақтағы ойлар /
Бүгін ұйқыдан шошып ояндым. Неге дейтін боларсыз? Бүгін иә дәл бүгін мені тәті ұйқымнан шошытқан мына бір қорқынышты түсім. Түс деген шытырман болып келеді емеспе? Міне меніңде түсім дәл сондай болды. Өзіме түсініксіздеу болды.
Түсімде базарда жүргем, бір кезде машинадан мылтық ұстаған бір жігіт шығып айналасындағы адамдарды атып жатыр. Сол кезде жоғарыдан сауналарға тығылыңдар деген дауысты естіп, сауна іздеп жүрмін ғой. Содан сауна таппай әлек болып ұзақ жүріппін. Бір жағынан ойлап келем ауылда екі намаз оқитын бала олатын сол екуіде көтеріліп жатқан шығар деп жылап келем.
Сол кезде арқама тиген оқтың дауысынан шошып ояндым. Оянсам қызым жылап отыр екен.
Осы түсімді ойлап көөөп мазам кетіп жүрді. Енді не болар екен, бұл түс неге менің түсіме енді екен деген сұрақтар мазалап жүрді. түсімді жұмыстасыма қорқынышпен айтып отырсам маған ұлды болатын боларсың дегенде барып жаман ойдан арылдым. Рахмет саған ардақты жұмыстасым.
Мен негізі сәл нәрсені уайымдап болам.

7 пікір

Alisher_18
Сауна іздеп… жан керек xD Жақсылыққа жоры не көрсең де :))) Келе жатқан мейрамыңмен!
yesbolat83
Өңің түгілі түсіңде де намаз оқитындарға оңсыз пиғылда болғаның өкінішті.
aijan_adok
мен негізі намаз оқитындарға пікірім теріс емес. түсім осылай болды екен деп жазғыру дұрыс емес шығар.
Kan
Мылтық көрсең ұлды боларсың,қорқып жүрсең қуанарсың. Жақсы түс жарым ырыс.
Korkem
Жақсы түс жарым ырыс
«Жақсы сөз — жарым ырыс» деңіз.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.