Олай жасауға болмайды ғой?!

Ақ парақтағы ойлар /

Келесі реттілік бойынша Абдурахманмен бірге әдебиет сабағын оқуға кірістік. Абдурахман үшінші сынып оқушысы. Қазақ тілінде сөйлеуге кішкене қиналады, әйтсе де ой-өрісі кең, ақылды бала. Мұғалім үй жұмысына қоян туралы әңгімені оқып, мазмұнын айтуға беріпті. Әңгімені бір рет оқып шықты. Қазақша дұрыс түсіне қоймаған соң, орысшаға аударып бердім. "Қайталау — білім анасы" демекші бірнеше рет қайталап жаттыққаннан кейін маған әңгіменің мазмұнын айта бастады.
..." Сонда қоян өз-өзіне қатты ашуланып, бұл өмірде менен асқан қорқақ жан жоқ шығар. Бұлай жүргеннен гөрі, өзенге барып секіріп өлгенім артық", — деп айтты да, тоқтап ойланып қалды. Кішкене көздерін жыпылықтатып:
— Апай, олай жасауға болмайды ғой?! Тек Аллах қана біздің жанымызды ала алады ғой. Қоян дұрыс жасап жатқан жоқ, — деді.
Бұл сөздерді естігенде маңдайынан иіскеп, қатты құшақтап алғым келді. Кішкентай балғын жүректің кейбір естияр азаматтарымыздың ойлау қабілетіне жете бермейтін салиқалы ойынан айналайын! «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі». Бала тәрбиесін бесіктен бастап, біздің ізімізден еріп келе жатқан балапандарға дұрыс жол көрсетіп иманды ұрпақты тәрбиелеуден басқа шіркін арман бар ма?
Әңгіменің соңында, қоян суға жүгіріп келе жатқанда, үрки қашқан қойларды көрген ол, менен де қорқатын тіршілік иелері бар екен ғой деп, өз бетімен кете берген қоянды айтып маз-мейрам болып қалды).

Жундабадан (Аллаһ оған разы болсын) Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Көп жарақаттары бар бір адам өзін-өзі өлтірді және сонда Аллаһ Тағала былай деді: «Менің құлым өз еркімен менен озды, сол үшін мен оған Жәннатты харам еттім». әл-Бухари 1364.

2 пікір

satirik92
Алла разы болсын!
Flower
Амин баршамызга!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.