Жаңа жыл...! Жаңа күн...!
Абыр-сабыр. Әркім өз тірлігімен әлек. Барлығының тоғысатын жері-Жаңа жыл кеші. Қызық. Жаңа жыл күнтізбе бойынша 1-қаңтарда басталады, біз 1-желтоқсаннан бастап "қарсы аламыз". Әуелі балабақша… жо-жоқ..., әуелі Астана, содан кейін әкімдер (деңгейіне қарай), содан соң барып, әуелі балабақша(қазақшасы-садик), әрі қарай заулай жөнеледі.
Бізде дайындалып жатырмыз. 27-желтоқсан күні жаңа жылды қарсы аламыз. Аяз Ата, Ақшақар, Жаңа жыл келеді, сыйлықтар… берер ме екен? Мейлі, бермесе бермесін. Несін берсін! 28-күні жұмыс. Бірақ әлі 2013 жыл деп жазамыз, неге? Қызық. 2013 жылы екі қыс болғаны қызық, әуелі қаңтар, ақпан, содан кейін көктем басталып кетіп, жаз, күз өтіп, қайта қысқа келдік. Сонда бір жылда екі қыс болатыны несі екен? Біз Бая-я-яғыда-а-а-а, оқып жүргенімізде, бір қыс, бір көктем, бір жаз, бір күз болады дейтін сияқты еді.
Ешқайда барғым келмей отыр.

10 пікір
Мен үйде бәріне сыйлық жасап ендігі шыршаның астына қойып жатырмын, бетіне иесінің аттарын жазып, бәрі әрең шыдап жүр)))
Бірақ бұғын ешкімді кіналауға болмайды әбден жүрек пен санаға сініп қалғанды қалай өшірерсіз.
Тәуелсіздік күні тіптен байқалмай өтіп кетті.
Мен шағын қалада тұрамын, жастарша айтқанда бұл қалада баратын шығатын жер жоқ))) Бірақ біз әрбір мерекеде осылай қоғамдық шараларға қатысып көңіл көтеріп аламыз. Сол себепті де жаңа жылды еріксіз ескеруге тура келеді…
Балаларға қызық болсын дейміз, маған салса жұмыстан шыға сала ұйықтар едім)))