Сіз білетін Қазақстан қандай?

Ақ парақтағы ойлар /
Жалпы Қазақстанды сорлы мемлекет секілді санайтындар көбейіп барады, сол себепті жазып отырмын. Менде бұрын Қазақстанды өте төмен ел санайтынмын.
Ал, бастайық.
Қазақстан — Еуразия жүрегінде орналасқан егемен (тәуелсіз), дербес, ядролық қарусыз, алып, көпұлтты, көптілді, толерантты, көпконфессиялы мемлекет.
Енді осы сөйлемдегі әрбір сөзді түсіндірейін:
1.Мына суретте қызылмен қоршалған жер Еуразияның жүрегі. Енді жүректің адамның қай жерінде болатының білетін шығарсыздар деген ойдамын.

Ал "Қазақстан — Еуразия кіндігі" деген бекер, «Байқоңыр — жердің кіндігі» дегеннен туған қате ұғым. Кіндік дер болсақ Қазақстан суретте көкпен қоршалған жерде орналасуы керек еді.
2.Қазақстан — тәуелсіз. Интернеттегі құлақтар мен ауыздарды естіп, тыңдай отырсаң (бәрінде емес) еліміздің көшбасшысын басқа елдердің "қуыршағы" («марианетка») секілді етеді, басқа елдер соғыс ашады деп қорқады, басқа елдер әдейі Қазақстанға тиіседі дегендей ақпараттар бар. Өз басым осы сөзді интернеттің блогерлерінің сөздерінен де, өмірдегі политиксымақтардан да естідім. Қазақстан әскер саны жөнінен әлемде төртінші орында тұр, ол кімнен қорқуға тиісті? Қазақстан — ең бейбіт саясаттағы мемлекет. Егер мемлекет басындағылар басқа елдермен сылтау тауып, дау тудыра берсе не абұйыры қалады? Әлемге жеккөрінішті айналмаймыз ба? Сондықтан болмайтын әңгімелерге сенбеуге тырысайық.
3.Біз — дербес мемлекетпіз, федерация, одақ емеспіз. Тәуелсіздігін мойындата алмаған елдер де бар. Тәуелсіздік — Қазақстанның ең үлкен жетістігі.
4.Әлемде ядролық қарусыз елдер кемде-кем. Қазақстан ядролық қарудан алғаш боп бас тартты. Басқа елдер соғысатын жағдай бола қалса атом бомбасы керек дегенде Қазақстан адал соғысатын болып шешті.
5.Ресеймен салыстырғанда бізді жәндік секілді санайды кейбіреулер. Жер көлемі бізге де жетпейтін мемлекеттер бар екенін естен шығармайық. Қазақстанның жер көлемі Франциядан (Батыс Еуропадаға ең ірі мемлекет(!)) 5 есе үлкен (552 мың шаршы шақырым). Біздің жерімізге Франция, Ұлыбритания, Испания, Италия, Швеция, Финляндия, Норвегия толық сыйып кетеді екен. Жетістіктерге жете берген жақсы ғой, бірақ қатты құмартып кетсең жаман. Бір сәтке картаға қарап өзімізді жұрттармен салыстырсақ қазақ жерінің дархан да кең екенін көреміз.
6.Көпұлттылық дегенге жаман нәрсе ретінде қараймыз. Бірақ олимпиадада бізді сол басқа ұлттың өкілдері алып шығып жатыр ғой. Қазақстанның шетелдерге шығып жүрген ұлттық құрамасында тек жалғыз қазақ бар дегенді естідім, рас шығар. Олимпиадаға барып жүргендер де көбінесе басқа ұлттар. Олардың не кінәсі бар, түрінің өзгелігі — Құдайдан. Ал жүрегі қазақ деп соқса басқа ұлт деп бөлектеуге бола ма? Оларды қазақ емес, бірақ қазақстандық дейтіндер де бар. Қазақстанда тұратын әрбір адам — қазақстандық және қазақ болып есептеледі. Қазақстанда басқа ұлттар тұрады екен, олар өздерінше үй ішіне үй тігіп автономия құрайық деп жатқан жоқ, өзге мемлекеттердегідей.
7.Көптілді болғанда орыс тілі ғой көп кездесетін. Баспасөзде сонша дабыл қағады, орыс тілділер көбейіп кетті деп. Көшеге шығыңыз да алғашқы кездескен адамнан сағатты сұраңызшы. Орысша жауап берсе сенуге болар еді. Ал енді таза қазақша жауап беріп тұрса не дерсіз. Орыс тілі де керек қой. Жаңа тұрмыстық техникаларды (компьютер де) орысша білетін адам жазуларына қарап нұсқалығын оқымай-ақ меңгеріп кете алады. Тіпті кір жуатын машинада да орысша кездеседі. Ағылшынша білетін болса тіптен қатып кететін еді. Көптілділік даму үшін керек қой.
8.Осы толеранттылық дегенді түсінбейтіндер де кездеседі екен. Қазақшаға "қонақжайлылық" деп аударуға келеді. Біздің қандай қонақжай екеніміз белгілі ғой, солай ма?
9.Көпконфессиялы, көпдінді мемлекетпіз. Елімізде 4060 секта бар дейді, рас-өтірігін Құдай білсін. Енді оны рас дейік, келісемін. Бірақ осы үшін Қазақстанды қор санауға келмейді. Бұл мәселе тек бізде де емес, әлемнің барлық елдерінде бар.

Мүмкін ойымды анық жеткізе алмаған шығармын, бірақ айтарым Қазақстанда тұрғанымызға, қазақ болғанымызға мақтануымыз керек. Қазақстан — мақтануға тұрарлық мемлекет.

5 пікір

Kan
түгіл оқып шықтым. жақсы жазылған. географиялық жағынан болсын біздің жетістігіміз бар бірақ сіз көрсеткен кейбір мәселер ол біздің қоғамның дерті. мысалы сіздің мын сөзіңізге келіспеймін. «Бірақ олимпиадада бізді сол басқа ұлттың өкілдері алып шығып жатыр ғой.» намысыма тиді. басқа ұллты өкілдері деп жазасызда кейін келіп жүректері қазақ деп соқса болған жоқпа дейсіз. сіздің жүрегіңіз орыс деп соғадыма. Әлде ойлайсызба қазақтың ұл қыздары намыссыз, спортқа қабілеті жоқ деп. дұрыс қолдау болса ұлттық құраманы шығаруға болады.
сосын иа көп тіді бігеніміз жақсы бірақ сіз көзіңізді ашып қараңыз сосын біздің қоғамда қазақ тілі мен орыс тілінің деңгейін салыстырыңыз. еш тепе-тендік көрмейсіз. қазақ тілі үнемі төмен жүреді. егер тең дәрежеде жүрсе жақсы ғой. бұл мәселе сіз ойлағандай "ғой, мой" деп қоясалатын мәселе емес.
көп дінді мемлекет.әлемнің барлық елдерінде бар ғой. онда отырайық «ой ештеңе етпейді ұлым христян,қызым будис мен исламдамыз» деп. бізде бірақ дін бар ол дәстүрлі Ислам діні осы дінді дұрыс ұстануымыз керек елдің тыныштығы үшін. Ол жәй қарай салатын мәселе емес.

"Қазақстанда тұрғанымызға, қазақ болғанымызға мақтануымыз керек. Қазақстан — мақтануға тұрарлық мемлекет." осы сөзіңіз үшін бетіңізден сүйдім.
Jako
Иии, баламысың деген, әй Жұбатхным-ай мұғаліміңе сабақ айтқандай ұрыпсың ғой, отыр екі.
:)) Баламысың дейсіз-ау. Менің нешеде екенімді білесіз бе?)
Jako
Қазнетте менен жасы үлкендер сирек кездеседі, содан соң айтқаным ғой, артық кетіп қалсам кешір.
Сіз кешіріңіз, мен 16-дамын. Соны айтқым келген ғой. (Тым жас емеспін дегендей)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.