Өмір

Ақ парақтағы ойлар /
ӨМІР
Өмір-ағып жатқан өзен,қиыны бар, сұрақ-жауап,қызық кезең,
Сол өзеннің ағысына мен қарсы жүзем,
Артымда сөзім қалар,ізім қалар, егер өлсем,
Өмір-үмітім, мақсатым, таудай талабым, арман,қиялым бар теңіздей терең
Өмір-тәңірім бар Алла деген,
Өмір-бойымда жаным бар тәңірім берген,
Адаммын жұмыр басты пенде деген
Өмір-сан алуан өткелдер бар біле білсең,
Тәуекел түбі жел қайық,қорықпай өтсең
Сол өткелден қаншама ата-бабам тағдыр жүгін арқалап өткен,
Ал өзенде кейде батам, кейде талмай талабым,
Ағысқа қарсы кемеммен жүзем
Өмір-біреуге сынақ, біреуге ерте сөнген шырақ десем,
Шырағыңды қалқала, сөндірме сен
Өмір-бақытта,қуаныш, тағдырың өз қолыңда берілмесең
Өмір-ешқашан өткеніңе, сәтсіздікке еш өкінбе сен
Өмір-сабақ, сынақ, ауыр-жеңіл, шыда, күрес, ауырсынба,
Өмір-жақсы-жаман, ақ пен қара, ала-құла, тек жамандыққа ұрынба
Сүрінсең қайта тұрып жүгіруге хақың бар,ұмтылуға,
Жақсылықтың ерте-кеші жоқ шырағым,
Адал боп өмір сүрсең бұл жалғанда!

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.