Қауышпаған махаббат...

Ақ парақтағы ойлар /
>Өмір ағыны солай… Алдыңда не тұрғанын біле бермейсің, алайда сезуің мүмкін, нақты шешіп ешкім айта алмайды. Артта қалған күндерде оның аталауы Қауышпаған махаббат болып кеткен еді. Әрине, мен үшін ғана. Осы есімді іштей ғана қойған едім. Бір күні осы есім тақырыбыма айналар деп те ойлаған едім. Тура солай бүгінгі менің тақырыбым болып отыр. Біз сондай сырттай екі рет ғана көрген адамдар едік. Кейде ойлайтын едім, сол бір бейненің шынайылығын көрмей басқа бір тармаққа ауысып кетермін бе қалай? деуші едім. Бәрі де олай емес екен. Мен ойлағаннан мүлде басқа болып шықты. Сапырылысқан адамдар, бірі келіп-бірі кететін кім бар-жоғын аңғара бермейтін жерде тоғыстық. Ол вокзал. Біз вокзалда қауышқанбыз. Жолға шықпас бұрын Тәңірден сәттілікті тілеп шыққан едім. Әйтеуір жүздестік. Сол тұстағы бейне, сөздер, қимыл бәрі көз алдымда. Еш өзгертілмеген түрде санамда сақтаулы тұр. Көз алдымнан тура фильм секілді елестеп тұрады. Осы сәтте ойланамын, дәлдеп тұрып Вокзалда жүздесуді тәңір нәсіп еткеніне таңданамын, бұлай боларын кім ойлаған. Мен оны итімнен кейінгі адал досым деп санаймын. Неге екенін білмеймін, ол маған адал достық танытты ма, әлде басқаша ма? Мені қызықтыра бермейді. Жеткіншек шағымда, алға бір қадам болса да жетелегеннен болар…

Сурет On.kz алынды

8 пікір

yesbolat83
Мен оны итімнен кейінгі адал досым деп санаймын.
maulen
2 рет көріскеннен кейін иттен кейінгі адал досқа айналу деген жаман емес)))
jurnal_still
рахмет, алайда мұның бәрі өткеннің еншісінде)
Asiko
Вокзалда қауышқан жан!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.