Әнұран туралы толығырақ

Ақ парақтағы ойлар /
Гимн — бұл дыбыстық рәміз, әлеуметтік-саяси бірігуде және еліміздегі азаматтарды этномәдени бір тұрпаттылықта айтарлықтай мағына береді.«Гимн» терминінің өзі гректің «gimneo» сөзінен алғанда «салтанатты ән» дегенді білдіреді.
Кез-келген халықтың тарихында музыкалық шығармалар бар, ол тарихтың белгілі бір уақытында халықтың гимні болған. Осындай ән қазақ халқында да бар. Ол Жоңғар шапқыншылығы кезіндегі қазақ халқының ауыр тауқыметін көрсетуге арналған «Елім-ай» әні, оны ХVІІІ ғасырдың атақты батыры, ақын-сазгер Қожаберген жырау Толыбайұлы жазған.
Қазақстан Ресей империясының құрамында болған кезде қазақтардың бірыңғай әнұраны болмады. Қазақтарды ұлт-азаттық көтерілістерге қарсы қайсар ерлікке рухтандыратын ақындар мен жыраулардың жеке әндері ғана болды.
Тәуелсіздік алғаннан кейін қазақтардың бірнеше ұрпақтарының көпғасырлық арманы — азаттық пен зайырлылықты бейнелейтін жаңа әнұранын әзірлеу қажеттігі туындады.
Соған байланысты 1992 жылы республика гимніның мәтіні мен әніне конкурс жарияланды. Комиссия іріктеуіне барлығы 750 жоба келіп түсті. Конкурста төрт атақты ақын: Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев және ақын Жадыра Дәрібаевалар жеңіске жетті. Қазақстан әнұранының әнін алғаш жазған авторлар Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский және Латиф Хамиди.
Әнұран, гимн (көне грекше: hymnos — мадақтау ән) — салтанатты ән, мемлекеттік негізгі рәміздердің бірі. Ән-ұрандардың революциялық, әскери, діни тағы басқа түрлері болады. Оның сөзі де, музыкасы да рух көтеретін салтанатты, үлкен мұраттарға бастайтындай болуы керек.Кейбір күрделі опера, балет, симфония, хорлар соңы әнұран сипатында аяқталады. Мысалы, Л. Бетховен өзінің 9-симфониясын И. Шиллердің «Шаттық” одасына арнап жазған әнұранымен аяқтаса, орыс композиторы М. Глинка „Иван Сусанин” операсын атақты “Даңқ” хорымен бітіреді. Кеңестік дәуірде 1945 жылы бекітілген Қазақстан әнұранының сөзі коммунистік идеология талабына сай, жалған оптимистік рухта жазылды. Дербес мемлекет болғаннан кейін Қазақстан Республикасының шынайы рухы мен қуатын, мақсат-мүддесін танытатын әнұран қажет болды. Осы талаптарға сай ән музыкасын сақтап қалу туралы шешім қабылданды да, оның сөзіне арнайы бәйге жарияланып, ақындар М. Әлімбаев, Қ. Мырзалиев, Т. Молдағалиев, Ж. Дәрібаева жазған сөз үздік деп табылып, қабылданды. Қазақстан Республикасы әнұраны музыкасының авторлары: М. Төлебаев, Л. Хамиди, Е. Брусиловский. Еліміздің әнұраны 1992 жылдың 4 маусымында бекітілді.

Жаралған намыстан қаһарман халықпыз,
Азаттық жолында жалындап жаныппыз.
Тағдырдың тезінен, тозақтың өзінен
Аман-сау қалыппыз, аман-сау қалыппыз.

Қайырмасы:
Еркіндік қыраны шарықта,
Елдікке шақырып тірлікте!
Алыптың қуаты — халықта,
Халықтың қуаты — бірлікте!

Ардақтап анасын, құрметтеп данасын,
Бауырға басқанбыз баршаның баласын.
Татулық, достықтың киелі бесігі — Мейірбан Ұлы Отан, қазақтың даласы!

Қайырмасы:

Талайды өткердік, өткенге салауат,
Келешек ғажайып, келешек ғаламат!
Ар-ождан, ана тілі, өнеге-салтымыз,
Ерлік те, елдік те ұрпаққа аманат!



«Менің Қазақстаным» Әнұран

Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны.

Әнұранның осы нұсқасы 2006 ж. қаңтардың 7-ші күнінде қабылданған.


Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны —
Еліме қарашы!

Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой,
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы (1 рет):
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің — Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.

Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!

Қайырмасы (2 рет):
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің — Қазақстаным!

Қазақстан Республикасының әнұраны 2006 жылдың 7 қаңтарынан
бастап мемлекеттік мәртебеге ие болу дарежесіне сәйкестендіретін
өзгерістер енгізілгеннен кейін, атақты болған, 1956 жылда
жазылған «Менiң Қазақстаным» («Мой Казахстан») әні болды.
Әннің мәтініне өзгерістерді ҚР Президенті Нұрсұлтан
Назарбаев енгізгендіктен мәтіннің соавторы ретінде
көрсетіледі. Сондай-ақ, әнұранды тыңдау ережесі
өзгертілді. Ресми церемонияларда әнұран орындалу
барысында тыңдаушылар тұрып, оң қолының алақанын
көкірегінің сол жағына қояды. Музыкасы: композитор
Шәмші Қалдаяқовтікі, сөздері: Жұмекен Нажімеденовтікі
(1956), Нұрсұлтан Назарбаевтікі (2005)

«Моя Казахстан» Гимн

Государственного Гимн Республика Казахстан

Этот вариант гимна 2006 года седьмое января принялся день.


В небе золотое солнце,
В степи золотое зерно.
Сказание о мужестве – моя страна.
В седой древности
Родилась наша слава,
Горд и силен мой казахский народ.

Припев:
О, мой народ! О, моя страна!
Я твой цветок, взращенный тобой.
Я песня, звенящая на твоих устах,
Родина моя – мой Казахстан.

У меня простор неоглядный
И дорога, открытая в будущее.
У меня независимый,
Сплоченный, единый народ.
Как извечного друга
Встречает новое время
Наша счастливая страна, наш народ.

Припев:
О, мой народ! О, моя страна!
Я твой цветок, взращенный тобой.
Я песня, звенящая на твоих устах,
Родина моя – мой Казахстан.

«Менің Қазақстаным» — 1956 ж. жазылған отаншыл ән. Қазақстан Республикасының Әнұранының негізіне алынған.

Әні: Шәмші Қалдаяқов;
Сөзі: Жұмекен Нәжімеденов;

Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы
Думанды бастады,
Далама қарашы!

Кең екен жер деген,
Жерге гүл шықты ғой.
Дән егіп терлеген,
Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Жырың болып төгілемін,
Гүлің болып егілемін, елім!
Туған жерім менің — Қазақстаным!

Айналап қарасам —
Ғашықты жүрегім
Заманға жарассам —
Жарасып тұр елім.

Біздің ел — ордынды,
Көтерді туларды,
Желмен ол тербелді,
Термеде жырладым.

Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Жырың болып төгілемін,
Гүлің болып егілемін, елім!
Туған жерім менің — Қазақстаным!

Сағымды далам бар,
Сабырлы көлім бар.
Қараңдар, жараңдар,
Осындай елім бар.

Қарсы алған уақытты,
Ежелгі досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай.

Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Жырың болып төгілемін,
Гүлің болып егілемін, елім!
Туған жерім менің — Қазақстаным!

Мәлімет жиналынып алынды

1 пікір

FCB
Базар жоқ жазған адамға
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.