Аяқталмаған күнделік

Ақ парақтағы ойлар /
Әдетінше, Айнұрдың өмірі қарбалас болса да алаңсыз жүр. Сырттай қарасаңыз өзімен-өзі жүргендей, өмірі бір сыдырғы көрінеді. Алайда өзіңізге жақын тартып байқайтын болсаңыз, әрбір күні қайталанбас сәттер мен тосын жағдайларға толы екеніне көз жеткізесіз.Күнделікті сабақ оқу, қосымша қоғамдық жұмыстармен айналысу Айнұрға жүктелген міндет секілді, үйреншікті болып қалған.
Түн ортасы ауып қалғанда интернет желісіне кіріп жазбалар оқуды бастағанда, әлеуметтік желі де қосулы болған еді. Жылт етіп хабарлама келді. Бір қарап мән берместен өзіне керекті мақалаларды оқи бастады. Келіп тұрған хабарлама көңілін қайта-қайта бөле берді. Ашып қараса балалық ғұмыры газетті жарыса оқыған досы екен. Көріп мәз бола, сөйлесіп кетті. Телефон нөмірін алып әлеуметтік желіні тоқтатып телефон арқылы сөйлесетін болды.
Арада көп уақыт өткенде Жандос Айнұрға сөз салды. Жер бетінде Айнұрдан асқан бақытты жан жоқтай көрінетін. Өзі сондай көңілді, басқаша болып өзгерген. Бұрынғы бір сыдырғы өткен, жасырған мұңы бар секілді Айнұрды Жандос сол сәтте ғана өзгертіп сала бергендей. Өмірге тым басқаша қарап жүрегі дүрсіл қағып, санасы тек енді Жандоспен кезіксем екен дегенді ойлайды да тұрады. Тіпті бір тапсырма орындау үшін ұзақ жүріп алатын Айнұр ендігі сәттен бастап құштарлықпен өндіріп әкететін болды.
Күндер зулай өте берді Жандос пен Айнұр әлі кездесе алмады. Арада сезім суына бастағандай. Жандос алғашқы сәттегідей хабарласуды азайтты. Бұл махаббат Жандосқа сәл ғана әсер бергендей, тек бастапқы сәтте ғана жиі хабарласып, Айнұрдың сыңғырлаған күлкісіне мас болып, тіпті суретін жұмыс үстелінің бетіне қойған болатын. Қазіргі сәт мүлде басқаша. Сонда да арадағы байланыс үзілген жоқ.
Жаздың жайдарлы күндері қауышпақ болса да оны тағдыр жазбаған екен. Баяғыдай күндер өте берді. Бір күні Жандос пен Айнұрға өмірлік жарым болшы, тек өзгені емес өзімді күтші, мен де саған адалмын,- деген еді. Бұл Айнұрдың өміріндегі қайталанбастай көрінген басқаша сезім еді. Байғұс қыз, келісімін берді. Арадағы күндердің бірінде Жандос жүрек талмасымен қатты ауырды. Мұны Айнұрға айтқысы келмейді. Сірә, уайымдайды деген болуы керек. Айнұр шыдай алмай өзі хабарласты. Жандостың үні шығар-шықпас, зорға ғана сөйлеп тұр. Ендігі де Айнұрдың бар қайғысы Жандос еді. Күн сайын өзі хабарласып тұратын болды. Бір ай өткенде барып Жандос оған: — Уайымдама бәрі жақсы, енді өзім хабарласамын жарай ма?-деді. Жандостың төсек тартып ауруханада жатқаны тек осы кезі ғана емес еді. Бұл жағдай Айнұр Жандостың нақты ауырып жатқанын білген сәті ғана еді. Күн артынан күн өтіп Жандос шаруаның жәйімен Шымкент қаласын келмек болды. Айнұр қатты қуанып, күн санай күтіп жүр. Жүздесетін де күн кезікті-ау дегендей күрсініп қояды. Емтихандар аяқталып қысқы демалыста өз ауылы Жетісайға кеткен еді. Демалыс аяқталуға үш күн қалғанда Жандос жолға шықты. Мерзімінен бұрын Айнұр үй ішінен зорға сұранып бар шындығын айтып қалаға жолға шықты. Қалаға келе салысымен Жандосқа хабарласты. Жандос қазір аздаған шаруа бар екенін айтып біткен соң өзім хабарласамын деген болатын. Айнұр қыз жатақханада киім талғап, жақсылап дайындалуда. Маңында ақыл айтар ешкімі жоқ. Өзінше ол келсе асығып тұрса жолынан қалдырмай тез шығуға әзір отырайын деген ғана ойы бар. Жандостың алдында айтқан өтініші бойнша университетке барып бір танысынан кітап алып беруге барғанда Жандосқа ұқсаған біреуді көреді. Ішінен сол болса екен… Бірақ ол емес шығар… деген арпалыста болды. Жанынан өтіп кете барды. Танысына жолығып кітапты алып жатақханаға қайта келді. Тағы да өз-өзіне сөйлей бастады. Жәрәйді, Жандос емес делік, онда менің жүрегім не себепті сонша соға жөнелді? Ал ол жігіт неге таныған адам секілді қысылғандай кейіп танытты? деген секілді сұрақтарды қоя жөнелді. Бір жауабына тоқталды. Нақтысы ол жігіт Жандос. Мен шатасқан жоқпын деп даурығып отырғанында сағат 17:00-ден асып барады. Айнұр елеңдей бастады. Телефонды қолына алып хабарлама жаза бастады. Сәлден соң Жандос қоңырау соғып тұр. Айнұр жан маған ренжімеші мен жұмыс барысымен кетіп қалдым. Енді жұмыстың жайы ғой түсінші мені. Тағы да бір келемін ғой… деп жатқанында Айнұрдың көзінен жас пырт етіп шығып кетті. Сөйлесуге шамасы келмей, Жандостың даусын естір-естімес тұтқаны қоя салды. Жандос қайта қоңырау шалып, алло сен маған ренжіп тұрсың ба? дегенде Айнұр үнсіз қалды. Жаным сен жылап тұрсың ба? дегенде даусы діріл қағып –Жоқ,-деп жауап берді. Шыныңды айтшы мені уайымдатпашы,-дегенде барып есін жиып –Уайымдама бәрі жақсы,-деген еді. Жандос сол сәтте: -Сені ерекше сүйетінімді есіңнен шығарып алма!-деген еді. Айнұрға осы сөз жанына жалау болғандай қайталап айтуын өтінді. Қайталап айтқан соң болар осы сөз мәңгілік көкірегінде сайрап тұрды. Алайда іші аласапыран, сыртқа шығара алмай қалған бір нәрсесі бар секілді ағылып жылай берді. Одан қала берді бөлмеде жалғыздығы бар. Сонымен 2 күнін бөлмеде жалғыз өзі өткізді. Сабақ басталар уақыт болған соң қыздар келіп бәрі жәймен ғана ұмыт бола бастады. Жандоспен баяғыша байланыста болды. Күндер өте келе Айнұр өткен күндерді тізбектей келе соңғы уақыттарға жақсылап бағдар жасады. Жандос егер мені шынымен сүйетін болса неге мені университет алдында көріп тұрып, бір көріп кетуге мүмкіндік жасамады. Ол кезде оның қолы бос болып тұрған еді ғой деген талқылауынан кейін Жандосқа арнап хат жаза бастады. Оның мазмұны егер ұнатпасаң бәрін тоқтатайық, сен өзгені ұнатып қалсаң оны айт, мен ренжімеймін, не болса да жөнімен болған дұрыс қой,- деген шешімін айтқан болатын. Арада көп уақыт өтер-өтпес Жандос хабарласты: Айұр халің қалай? Жағдайың жақсы ма? деген әдеткі саулық сұрасудан басталды. Мен сенің хатыңды алдым, жәрәйді біз дос болып қалайықшы, келісесің бе? Егер сен келісіміңді берсең ғана… Мен мансап қуатын боламын, солай деп шештім деген еді. Айнұр ұзақ үнсіз тұрды да, сен солай деп шешсең мен келісемін,- деп күрсініп, даусы діріл қағып шықты. Сонымен байланыс үзілгендей болды. Қанша дегенмен де екеуінде де қимастық бар. Арада көп ұзамай Жандос әлеуметтік желідегі суретіне басқа қызбен бір екені жөнінде айғақты суретін жариялады. Ал, Айнұр болса суретке қарайлаумен сенер-сенбесін білмей қалды. Бұл Айнұрдың күнделігі болатын, құрбысы Әзиза оқып отырып Айнұрдың қайта келмес сапарға «шексіз сезімі» кінәлі деп жазғырып жылады.

4 пікір

mttorebek
Көрмей сүю… Бұл күнделік аяталып тұрған сияқты…
jurnal_still
Аяқталмаған ғой… Аяқталса аяқталды деп жазатын едім ғой)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.