Ана тағдыр

Ақ парақтағы ойлар /
Аурухана…
Ана отыр,
Жанары мұңаяды.
Шарасыздық
Шарасыздық шарқ ұрып,
Мұң шағады.
Баласына ем іздеп,
Ана-Тағдыр
Алладан жалбарынып сұранады.
Ауру беріп, артынан емін берген,
Құшағына алып та, емізбеген.
Түтікпенен демалып жатқан сәби,
Күресуде туғалы өмірменен.
Демалған әлсіз дыбыс естіледі,
Жүрегін ана сорлы кескіледі.
Тоғыз ай құрсағына сыйған сәби,
Кеш жүріп, енді міне, кеш күледі.
Ақ халатқа көздерін жәудіреткен,
Қиналамын көргенде аналарды.
Сыңар қанат періште айналатын,
Қорғашы Жаратқаным балаларды.
Ана мен бала түсіп, сынағыңа,
Өзің бөле, ей, сабыр құндағыңа.
Сүйген құлын қинаған бұл өмірде,
Өзің бастап барарсың жұмағыңа.
Фариза Мақсұт

1 пікір

yesbolat83
Қарындасым, тамаша шығыпты бұл шығармаң. Алдыңды шумақтары жүректі шымырлатады екен.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.