МЕН ІНІМДІ ТҮСІНБЕЙМІН!

Ақ парақтағы ойлар /
Мен 1991 жылы туылдым. Інім 1997 жылы туылды. Екеуміз де 26 қараша күні туылғанбыз. Бірақ, салыстыра келсек екеуміздің танымымыз екібасқа. Әңгіме мен және інім жайында емес негізі. Біз және інілеріміз жайында.
Интернетті жағалап жүріп, әсіресе, Вконтакте желісіндегі бізден кейінгі жастардың жасаған әртүрлі қызықты жобаларына қарап таңқалғандай болдым. Басында түрлеріне қарап, біздің қатарластар мына жақта жақсы нәрселер жасап жатыр екен ғой деп қуанғанмын. Қарасам, көбі дерлік 1996-дан кейін туылғандар. Біз жоғалған толқын екенбіз.

ОООЙ, БІЗДІҢ КЕЗДЕ...!
1988-1992: Ой, біз ауылда/қалада өстік! Табиғатта ойнадық. Аулада турникке тартынып, футбол, асық, қақпақ, ләңгі ойнап жетілдік. Ал, қазіргі жас балаларға қарап отырып түсінбеймін. Компьютерден басқа ештеңені білмейді. Тіпті, ауылға барсақ, братандар деп сыйлап амандаспайды да. Термілгендері телефон, планшет… бла бла бла!
Осындай сөздердің достарымның арасынан жиі еститін болдым smile emoticon
Мойындау керек. Тәуелсіздіктің жоғалған ұрпақтарымыз. Қазіргі сол 1996-2002 жастары бізбенен салыстырғанда әлдеқайда белсенді. Әрине, оған интернеттің әсері бар делік. 1998 жылғы қыздың видеоблогтарын қарадым. Иооомаеее, сол жаста біздің қыздарымыз ондай дүниелерді айту түгілі ойларына да кіріп шықпайтын, ал кейбір дүниелерді өөөте ұят санайтын. Жасымызға сай бұзықтығымыз да болған шығар, бірақ, түсінігіміз бұлардыкі сияқты жоғары емес еді. Тіпті, кейбіреулерімізде ой да болған жоқ. Қазір де жоқ. Біз жоғалған ұрпақ екенбіз.

БІЗ ОЛАР ҮШІН ҮЛГІ ЕМЕСПІЗ!
Бізбен жасты орыстардың видеоблогтарын қараушы едім. Кеше біздің жастардың видеоблогтарын қарасам, сол орыстардікінен ааааумай қалған. Еліктейді соларға. Ал, біз үлгі бола алмадық. Үлгі боларлықтай білім мен сауатымыз да болған жоқ. Сауатты болуға тырысқан да жоқпыз.
Күнімен сабағына бармай, ішуден, ұйықтаудан басқа ештеңе бітірмей, ары кетсе намазын оқып, көрінгенге уағызын айтып, дипломын бір амалдап қолына алған соң, «бұл елде дипломыңның құны көк тиін», «барған жердің барлығында ақша сұрайды», «бір братан жұмысқа орналастырам деп еді», «жігіттермен бір тема бастағалы жатырмыз» деп өзін жұбатып көбіне қара жұмыс яки өз саласынан басқа жақта амалсыз мөңіреп жүрген жоғалған ұрпақпыз біз. Қайдағы үлгі, лібәд!

БІЗДІҢ ТОЛҚЫННЫҢ ОРТА ЖАСЫ 25-те!
Бірақ, біз осы уақытқа дейін орта есеппен не дұрыс жұмысқа тұрмадық, не үйленіп жарытпадық. Ештеңе жарытпадық. Уақыт жоғалттық. Біздің толқынның бейпарасаттылығынан бізден кейінгілермен арамызда үлкен бұзылған көпір пайда болды. Сөз жоқ, олар бізден қарағанда алда болады. Озық болады. Бізден енді бірен-саран мықтылар шықпаса, бүкіл дерлік ұрпақ сауатсыздармыз. Ауылдағы мектепте бірге оқығандардың арасында 85 пайыз жұмыссыз.
Қаладағы 3 мектепте бірге оқығандардың арасында 70 пайыз жұмыссыз.
Елге бар күшімізбен қызмет ететін күшіміз тасыған мынадай уақытта, біз мына сапамызбен елдің ееең тежеуші факторларынан болып қала бермекпіз. Тіпті, біздің әке-шешелеріміз бізге қарағанда білімдірек қай жағынан қарасақ та. Біздің інілеріміз бізден қарағанда білімдірек. Ал, біз талпынған жоқпыз. Әлі де талпынбай келеміз. Біз солардың ортасында жоғалған ұрпақпыз.

БІЗ ІНІЛЕРІМІЗДІ ТҮСІНБЕЙМІЗ...
Уже түсінуіміз екіталай. Соңғы рет арамызда олардың өмірлеріне алаңдап, кіммен сөйлесіп жүр, қандай мамандыққа барғысы келеді, өмірде мақсаты туралы жақын арада әңгімелескендер бар ма? ПОЧТИ ЖОҚ. Өйткені, біздің сауатсыз толқынға барлығы ПОҚ! Уайымдамаңдар, інілерің мақсаттарын біледі. Сендерсіз-ақ біліп алған. Просто, ертең «Біләә, біз уақытында қолда барды дұрыс пайдалана алмадық қой. Сендер енді, оқыңдар, жүре бермей» деп сүмірейіп ақыл беріп отыратын жоғалған толқын біз боламыз, айтпады демеңдер!

‪#‎зайбалсыңдаааарқұрдастар‬

1 пікір

ereke_enu
Мен де ауылдағы інішектерімнен бейхабармын. Не істеп, не ойлап жүргендерін құдай біледі. Ертең бір күні аяққа нық тұрғанда қасыма алармын деп қоям. Енді 5-6 жылдан соң 30ға таяп, орта жас буынға айналады екенбіз. Уақыт неткен жылдам еді. Нең бар дайындаған? Жастарға нендей ақыл айтасың?..
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.