Бақыт деген не өзі?

Ақ парақтағы ойлар /
Егер, кез келген адам өмірдің қалтарыс-қалтарыстарындағы күнгейді емес, жарықты көре білсе соның өзін бақыт деп түсінер едім. Осы орайда мына бір аңызды жаза кетуді жөн көрдім.
Ертеде патшаның екі қызы болыпты. Патша екі қызын да жақсы көріп, қолынан келгенінше оларды ештеңеден қақпай, қалағандарын жасап, айтқандарын екі етпеуге тырысады екен. Дегенімен де екі қыздың мінездері олар есейе келе өзгере бастапты. Барлығы жетіп тұрса да екі қыздың біреуі әрдайым тұнжырып, өмірге қапа болып жүреді. Ал бұл патшаны бей-жай қалдырмайды.
Бір күні білімді бір адам патшаға қонаққа келіпті. Патшаның қайғылы түрін көріп, себебін сұрапты. Патша: «Е-е-е… сұрама, күлмейтін бір қызым бар, дертін ешкім білмейді»- дейді. «Патшам, рұқсат етсеңіз, сарайыңызға бірнеше күнге қонақ болайын. Мүмкін қызыңыздың қайғысының себебін табармын», — дейді жолаушы. Патша қуана рұқсат беріпті.
Сол күнен бастап жолаушы екі қызды патша рұқсатымен жасырын аңди бастапты. Қараса, екеуі түнде ұйықтар алдында жастықтарының астынан дәптерлерін шығарып, бір нәрселер жазып, таңертең жазғандарын оқып, сосын ғана төсектерінен тұрады екен. Жолаушы кісі бір күні қыздар ұйықтағаннан кейін дәптерлерін алып оқыса, кіші қыз өзіне жасалған жақсылықтарды, ал үлкен қыз тек болмашы әділетсіздіктерді жазыпты.
Ертеңіне жолаушы кіші қыздан рұқсат алып, оның дәптерін үлкен қыздың жастығының асытына қояды. Таң атысымен патшаның үлкен қызы жастық астынан дәптерді алып оқыпты. Өзіне жасалған жақсылықтар есіне түсісімен жүзі жадырап, қуанғаннан ән сала бастапты.
Патша үлкен қызының қуанғанын көріп, өз құлағы мен көзіне сенбепті. Жолаушыны шақырып, мұны қалай жүзеге асырғанын сұрапты. Жолаушы: «Патшам, өмір айна сияқты. Оның жақсы жақтарын ойласақ, бізге әдемі көрінер. Сіздің үлкен қызыңыз өмірдің жаман жақтарын ойлағаны үшін бақытсыз болған», — деп жауап береді.
Патша үлкен қызын шақырып, оған енді дәптеріне тек жақсылықтарды ғана жазуға кеңес беріпті. Сол күнен бастап патшаның екі қызы да бақытты өмір сүріпті.

Міне, өмір шахмат тәрізді ағы мен қарасы аралас. Өмірдің бәрі оңтайлы келіп, тек жақсылық бола берсе де, жолың бола берсе де адам жалығады емес пе? Өмірдің мәні, алға ұмтылудың, ертеңге асығудың қажеті болмай қалады. Сондықтан жақсылық пен жамандақ қатар жүреді. Ал, тек жақсы тұстарды ғана көріп, алдағы күнен де жақсылық күткен адам өзін бақытты сезінеді.
Сол айтпақшы, біздің осы өмірге келгеніміздің өзі бақыт қой. Ылғи адамдарға бақыт тілеңіз, біреуге не тілесең алдыңа сол келеді деген бар ғой. Барша адамзатқа бақытты болуын тілеймін…

деп жауап беріппін бір кездері СЖ.да....

14 пікір

kema
Қалай ғана менің бар ойымды жазғансыз?!))) «Жұрттың көбісі өмірдің өзі бақыт екенін сезбейді» деп ойлаушы едім, алайда олай емес екен. Бәрекелді, сізден керемет философ шығады))))
Jako
Өте жақсы, алар ғибраты мол әңгіме екен.Шынында кейде бақыттың алақанымызда екенін аңғармайтын кедеріміз кездеседі-ау.
Korkem
Рахмет, Жако аға!
qyrmyzy
Бір бақыт: сүю және сүйікті болу!
Korkem
рас айтасың, сүйікті болу да бақыт қой.
AKA
СЖ-да «профессор» екенсіз, құтты болсын! :)
ақ саусақ жеңешем үшін
… мынауыңызды түсінбедім? :)
Korkem
түсінбейтін несі бар?))))) асыл жеңешем, уайым жеме сен
qyrmyzy
жемқорлар тез көтеріліп кетеді солай
Korkem
деп ойлайды «кей» жандар)))
qyrmyzy
ықық, Қырмызы деп айтшиш
akil_kalta01
Korkem жарадың тамаша ойлар!Адамдар осы неге бақыт туралы көп жазады екен? Осы сұраққа мен әлі күнге дейін жауап таппадым! Дей тұрғанмен мен де бақыт турлы өз ойымды жаздым!
Korkem
Рахмет! жазғаныңызды оқығанмын, тамаша
korwinin_kyzy
Бақыт деген жүректін тыныштығы
Бақыт деген жүректін тыныш куйі
Бақытсызсызсын жүрегін жылап турса
Саналмайды сыртыннан күлген куйін
Бақытсызсын жуүрегің маза таппай
Бақытсызсын жүрегин болса өлі
деп коясын анда санда қолга қалам алып
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.