Жүрегімде махаббат бар

Ақ парақтағы ойлар /
Иә, менің жүрегімде махаббат бар. Ешкім көрмеген, ешкім сезінбеген, бетіне жара түгіл із түспеген, қылаудай кір түспеген, іңкәр сезімге толы махаббат бар. Бір мәрте ғана жауып өткен алдамшы жаңбырдай емес, таза махаббат! Себебі мен оны әлі ешкімге арнағам жоқ. Махаббат атты ғажап сезімнің бар екенін біліп, сезінген күннен бастап мен оны аялай, кіршіксіз таза күйі сақтап келем. Мен оны жауапсыздықтың құрбаны еткім келмейді, мен оны ешкімге тәуелді еткім келмейді, мен оны әлдекімнің қолына сеніп тапсырғым келмейді, мен оны ешкімге бергім келмейді, мен оны...

Қайнаған нағыз өмірдің өзін көре жүріп, әлдекімдердің жауапсыз, алдамшы махаббаттарының шырмауына мен де түстім. Балалықты да, шалалықты да бастан өткердік. Бірде құлап, бірде тұрып, енді бірде жылай жүріп өмірден сабақ ала бердім. Мен біреуді жақсы көрмеді емес, жақсы көрдім. Иә, бауыр бастым да. Бірақ, жүректегі махаббатты ешкімге көрсеткем жоқ, көрсетпедім.
Осы ойдың тұңғиығына кім жеткен, кейде ойланамын. Шын ғашықтар қосылмайды дейді, онда ғашық болып неге керек, жазған-ау? Алланың дегені болады, адамның емес. Адам тағдыры пешенесіне жазулы тұр десек те, таяқтың бір ұшы адамзаттың қолында емес пе? Өмірде өз жолын дұрыс таңдауға, махаббатын кіршіксіз, таза сақтауға оның қақысы бар.

Иә, мен мен махаббат алдында қатал, бәлкім қатыгез болармын. Ол менің жүректегі махаббатымды қызғұштай қорғағаным болар. Мен де біреуді жақсы көрдім, сыйладым, құрметтедім, алайда махаббатты әуре-сарсаңға салмадым. Ойладым жауапсыз боп қалар ма деп...

Қыз бен жігіт арасында махаббаттан бұрын сенім, сыйластық, тұрақтылық орын алса дер едім. Сенім, сыйластық, тұрақтылық махаббаттың бір бөлшегі іспеттес. Осы үш қасиетті ақтай алмаған жастар қалай ұлы сезім — махаббатты ақтасын?
Қазіргі таңда жастарда өте нәзік сезімге ие махаббатың киесіне ұрынып қалғандай ма дерсің. Себебі жастар махаббатты жүректе ұзақ сақтай алмайды, оны лезде сыртқа білдіріп, қадірінен айырады. Ал сенген адамы оны бағаламайды, өйткені сенбейді. Махаббатты дәлелдеуден бұрын сенім керек, сене білу керек. Сену үшін алдамау керек.

Менің айтпағым жүректегі пәк те, таза махаббат. Енді ол мәңгі жүректе құпия сақтала ма? дерсіз. Әрине, жоқ! Басты мақсат құпия сақтау емес, жауапсыз етпей өз сыңарын, үмітін ақтай білер жанды іздеу, табу, жолықтыру, көп ішінен тани білу.
Егер сіз бір жанға арнағыңыз келсе, тыйыңыз «нәпсіңізді»! Оны жәй ғана жақсы көруге, сыйлауға, құрметтеуге, тіпті пір тұтуыңызға болады. Бірақ, махаббатты жүректе сақтаңыз. Оған сеніп, үмітіңізді ақтаған күнде де, тіпті «болашақ жар» деген мәнге ие болған күнде де, «Асықпаңыз!» дер едім.
Түһ, енді қашан?
Сіз немесе ол босаға аттаған күні, дәлірек айтқанда Алла алдында неке қиылған күннен бастап жүректегі "ғажап" махаббатыңызды паш етсеңіз де кеш қалмайсыз!

Иә, сен сеніп тапсырған махаббат жауапсыз болып, артынша сенім, сыйластық келіп көз жасыңды сүртеді. Алайда, ол сен күткен жан тарапынан емес. Махаббатың бәрібір жауапсыз болып қалатыны бар, ендеше неге махаббатты жүректе сақтап, сен күтпеген жан болса да сені сыйлайтын, саған сенетін, құрметтейтін жанға арнамасқа?

Менің жүрегімде махаббат бар. Мен оны Аллаға ғана арнап, адамзатқа келгенде сақтап жүрмін.
Кейде ол өз сыңарын іздейді, аңсайды, жалғызсырайды, бірақ…
Бірақ, ол шыдайды!
Иә, менің жүрегімде махаббат бар!
Иә, махаббат бар....


(Ойға шомған кездері ақ параққа түскен ойлар еді. СЖ.да "қалай ұмытсам болады?", «мені сүйе ме?», "қалай қаратып алсам болады?" сынды жүректегі арнаған махаббаттарының жауапсыздыққа құрбан болған жастар үшін жаздым. Ойладым бір пайдасы болар ма деп...)

40 пікір

AKA
Иәәә, қатал жеңгең кейде дұрыс айтып қоя ма деймін: «Махаббатым жүректе!» деп. :)) Бақытты болшы, жарқыным!
qyrmyzy
әпкетай дешиш
Korkem
Ол менің жеңгем ғой..)))
qyrmyzy
қандай жеңге???
Korkem
Асыл жеңешем, рахмет!
qyrmyzy
тоқтаң, кім жеңеше, кім қайынсіңілі???
Korkem
ол бірінші айтқаның, мен екінші..))))
qyrmyzy
мяяя, «естімеген елде көп»
AKA
Сыртымнан осындай шешім қабылдапты…
qyrmyzy
жәй емес қой… сендей жеңешесі бар Көркем бақытты…
Korkem
Сыртымнан
о. Құдайым, не жаздым? Өз еркімен сұрастырып келді ғой, тіпті Шымкенттегі "Қарлы" мейрамхананың тұрақты оқырманы болғысы кеп еді ғой…
AKA
О, Алла, Алла! Өтірікті зуылдатпаңдар-әй.
AKA
Қоштай көрмеші өтінем, құтыла алмай жүрсем…
qyrmyzy
жіләвалдым…
Мен оны жауапсыздықтың құрбаны еткім келмейді, мен оны ешкімге тәуелді еткім келмейді, мен оны әлдекімнің қолына сеніп тапсырғым келмейді, мен оны ешкімге бергім келмейді, мен оны...

мен де!
Korkem
Рахмет! Амин!
qyrmyzy
неткенннен соң үтір қойылмайды…
mairosh
адамды шынымен ойландырады екен. ))))))
pari
өте өте жақсы жазылған екен Құдайға шүкір Көркем тіл байлығың бар екен базар жоқ! бұны оқып отырып қатты ойланып қалдым, шынында махаббат ұлы сезім екен!!! Менде де махаббат бар…
qyrmyzy
кідәй-кідәй, не дейді?? махаббат???
pari
qyrmyzy
кідәй-кідәй, әкеш бетті, сүйіп, сүйіп алайын інімнің бетінентсссс, Абылай ағаң көрмесін
dimash
мені де інім деп ойла, менің де бетім бар, сосын Абылай көріп тұрған жоқ… не го…
VVVWWW
Жігіттерге онша ұнай қоймайтын пост жазыпсың… әзіл ғой.....,
Тамаша, сөз саптауларың керемет, мақтауға тұрарлық
Korkem
Жігіттерге онша ұнай қоймайтын пост жазыпсың
ащы да болса, шындық, рахмет!
kema
wauuu, kerremet! Birak mende mahabbat jok. oi bar, birak ol adamzatka kana arnalagn mahabbat. Arnaiy bireuge degen mahabbatty unatpaiym, tek anama gana bolmasa. Al adamzat uwin juregim awyk!!!
dimash
мяяяяяяяяяяя Көркем, күшті джазыпсын)) екі рет оқып шықтыыыыыыыыыыыыыым))) плюс бір)))
qyrmyzy
үлкен көрінетін жігіт бірдеңе түйді деген шешімге келуге бола ма?
dimash
айййй))) демократка))) Абылай подросток деп ойнаймын деп бәлеге қалдым ау))) вертуальный анандай екендерінді қайдан білейін))) ойын ойынымен)) әзілін жарасса Қырмызымен ойна деген атам қазақ))
Korkem
рахмет!)))
dimash
Айтпақшы, Коръкем, жазғаның жақсы болды, СЖ-да кейбір сұрақтарға жауап бергенде осы сілтемені «вджк» еткізіп көрсете салуға болады екен)) Махабббббаттттты жақсы түсінетін қыз деп қоясын ғо))
assetova
Қандай жақсы жазғансың! Қыздардың барлығы махаббатты дәл сендей түсініп, сезімнің қадірін білсе екен
Karakulov
эхх, махаббат десеш) шынымды айтсам, ештеңе ұқпаймын. Ешқашан ғашық болмағандаймын.Өзімді біртүрлі сезінемін, жұрт сезім туралы сыр бөлісіп жатқанда менің қосарым болмайды. Жылдар өткен сайын «сол кезде бала болыппын ғой» деп есейгенсимін, бірақ, тап сол кезде де уақыт өткен соң сол сөзді тағы қайталайтынымды біліп тұрамын.
ansardanay
Шынайы сезімді бастан өткеріп көрмеппін.
Оған сеніп, үмітіңізді ақтаған күнде де, тіпті «болашақ жар» деген мәнге ие болған күнде де, «Асықпаңыз!» дер едім.
өте таныс сөздер ))))
saryqazaq
Махаббат туралы күндіз-түні ойлайтын кездерім еске түсті.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.