Кеш келген көктем

Ақ парақтағы ойлар /
-Жанар, өмір бір орнында тұра бермейді. Уақыт-емші. Оны өзің де уақыт өте сезінесің. Адамды бір көргеннен танып білу қиын. Ал, сен болсаң, «оны бір көргеннен суқаным сүймей қалды» днйсің. Мүмкін, жақынырақ келе таниырсың. Әлі-ақ осы ауылдағы ең жарасымды әрі бақытты жанұяға айналасыңдар. Көр де тұр. Осы айтқаным келедә, әлі-деп жаулығы желбіреген сары қарын бәйбіше орнынан тұрып, шығар есікке беттеді. Жанар сол терезе қараған күйі тұра берді…

Сәлден соң шымылдық құрыған бөлмеге қоңырқай жүзді жасы 35-тердегі бір келіншек кірді. Жанар жылан көргендей кері ышқынды.
-Тыныш! Немене құбыжық көргендей баж ете қалдың? Шынымды айтсам, мен саған көмектесуге келдім.
Жанар оған бір түрлі сенбестікпен қарап:
-Сіз кімсіз?
-Мен сенің жігітің Серіктің ағасы Жәнібектің құрдасымын. Осы әулеттің жақын туыстары боламын. Есімім Гүлайша. Мана кітапхана жанынан Серікті көргенмін. Сонан естідім мына біздің есерсоқ қайнымыздың кімді бопсалап әкелгенін. Кезінде мені де сен сияқты көзімді боздалатып алып қашып әкелген. Сондықтан да сенің жағдайыңды түсінемін. Еш саспа. Олар сені бұл жерден оңайлықпен шығармайды. Ал, артыңнан келетін қуғыншы сенің ана алтын құмар жеңгең Салиқа деп естідім. Оны құны бір сырға мен сақина. Сондықтан, менен басқа сенерің жоқ сенің, түсіндің бе? Ойбайлай бермей онан да менің айтқанымды істе. Қазір жеңгең келеді. Артынан осы үйдің абысын-ажындар келеді. Сен үндемей басыңды төмен салып отыра бер. Орамал тағамыз десе, қарсылық білдірме. Олар сені көнген екен деп сақтықты ұмыта бастайды. Ары қарай өзіме сал. Бәрін де қатырамыз-деп орнынан тұрып кетті.
Бұған не сенерін, не сенбесін білмей Жанар қалды. «Мүмкін, олар мұны көндіру үшін әдейі жіберген шығар? Өтірікті судай ағызып, басына орамалды таққызып алсақ, әрі қарай қайда барады деп отырған шығар? Жоқ, мені алдай алмайсыңдар.» Жанардың ойын бөлмеге «жеңгемізді көрейікші» деп ентелеп кірген бір қарадомалақ бала бөліп жіберді.
— Мә, жеңшеміз әдемі екен ғой, ә? Өзі аппақ. Жеңше, маған кім деп ат қоясыз? Бөлмеде екеуінен өзге жан жоқ. Әлгі беті күнге әбден күйген қара домалақ бала ырсиып күлгенде, алдыңғы тістері аппақ, түп-түзу екен.
— Жеңше — деді ол сыбырлап, -мынаны Серік аға беріп жіберді, — деп бүктетілген қағазды қолына ұстатты да, айғайлап: — мә, менің жеңшем ауылдағы ең әдемі жеңше болады- деп бөлмеден қалай кірсе солай ытқып шығып кетті.
Жанар қолындағы қағазды жалма-жан ашып оқыды. «Жанарым! Сен Гүлайшаға сен. Ол көмектеседі. Сәлеммен Жан Серігің». Жанарды көзі лезде суланып, өңешіне өксік тығылды.
Дегенмен, жүрек сенім білдіргенмен, асау көңіл секемшіл екен. Жүрек түкпіріндегі Серігіне деген махаббат алауы өн бойын жылытып, болашаққа деген ұмытылысына қанат байлағандай. Гүлайшаның айтса айтқанындай бар екен, сәлден соң есікті айқара ашып, екі жұдырығын екі бүйіріне таянып, ырсылдап жеңгесі кірді.
— А, қатын, осында отыр екенсің ғой? Қане, неғып отырсың, а? Байсырап өліп жүрсің бе? Ана ауру әке-шешеңді аясаң нетті? Таңертең аһілеп оянып, кешке уһілеп қисаятын. Тұр қане, түс алға,- деп бұйыра сөйледі. Жеңгесінің екі көзі шатынап, сынғалы тұрған әйнектей екен. Бұл жеңгесіне сенерін де, сенбесін де білмеді. Орнынан тұрып, жеңгесіне қарай беттеді. Сол мезетте есіктен:
— Құдағи, бір ашуыңды бер. Құдағи, бері қарашы өзің,- деп осы үйдің бір адамы-ау, жанұшыра алдына тұрды.
— Қайдағы құдағи? Не оттап тұрсың сен? Жақын жерден тапқан екенсің құдағиды? Кет жоғал, көзіме көрінбей. Осыдан бірдеңе деп көр, бет-ауызыңның быт-шытын шығарайын. Қарай гөр өзін "құдағилап" бауырыма кіріп бара жатқанын. Қане, жүр-деп Жанардың қолын қысып ұстап, әй-шайға қарамай, алдындағы топты бүза-жара сыртқа беттеді. Алдынан қойша жапырылған адамдарды әрі-бері қат заттың өшіретінен шыққандай ауыр да жұмыр білегімен оңға-солға итермелеп, сыртқы есіктен бір-ақ шықты. Есік алдында ағасы машинесімен тұр екен. Бірдан сүйретілген бойы машинаның артқы орындығынан бір-ақ шықты. Бұйрыққа ләппай болып тұрғандай машина да көшенің шаңын аспанға көтеріп, жүйткіп ала жөнелді.
«Ал, керек болса! Бұл не сонда? Түсінбедім ғой? Алтын құмар жеңгемнің бұл қай тірлігі? Алтынын саусағын сүңгітіп, көйлек-көншегін алып жөніне кете ме деп ойлап едім?! Ал, хат ше? Гүлайша ше? Әлгі бала ше?» Өз ойымен арпалысып отырған Жанардың ойын жеңгесі бөліп жіберді.
— Ойпырмай, көрдің бе, адамды қай басынғаны соншама? Менің еліктің лағындай қайынсіңілімді қасқырдай біреуге қоспақшы болыпты ғой? Көрсетейін бұларға. Еш жеріңді ұрып соққан жоқ па? Басың ауырмай ма?,- деп Жанарға бәйек болды. Жанар қуанғаннан не күлерін, не жыларын білмеді. (Жалғасы бар)

3 пікір

qyrmyzy
ең қызықты жеріне келгенде жарнама болып кетеді ғой сериалдарда, тура солай болып кетті.
«Жанарым! Сен Гүлайшаға сен. Ол көмектеседі. Сәлеммен Жан Серігің»
мына хаттан кейін Жанар қалатын шығар, иә?
qyrmyzy
кішкене орфографиялық қателер кетіпті, түзей сал
bazaraigul
уот қызық, не болады екен әрі қарай?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.