«Титаник-2» сапарға аттанды

Әлемге саяхат /
Әйгілі «Титаниктің» құрдымға кеткеніне, сәуірдің 15-де 100 жыл толады. Осыған орай, «Балморал» атты круиздік лайнер Англияның оңтүстігінен сапарға шықты. Олар «Титаниктің» сапарын қайталауды мақсат етіп отыр. Ал, бортта осыдан бір ғасыр бұрын қаза тапқан 1309 адамның ұрпақтары бар. Олардың да саны 1309 адам.

BALMORAL кемесі

Кеменің ішіндегі атомосфераны апат алдындағы «Титаниктегі» ахуалдан ажыратып алу қиын. Тура сондай ыдыс-аяқ, тура сондай оркестр. Ал, сәуірдің 14-де Атлант мұхитында лайнердің айсбергпен соқтығысу сәтіне бағышталған еске алу рәсімі өтеді. Сонымен қатар, алып кеме құрбандардың көбі жерленген Канаданың Галифаксына да аялдайды.



Kaztrk.kz сайтынан алынды

8 пікір

qyrmyzy
зд форматындағы фильмін кім көрді? Қандай екен? Бұйыртса, ертен барайын деп отырмын
ASeLYA
МЕн көргенмін, кәдімгідей болып жатқан нәрсе шығып тұрады, бірақ 5D форматтағыдай емес
qyrmyzy
филмьге өзгеріс енгізген ба, алде баяғы фильнің 3д форматын жасағанба?
ZevsKO
содан не пайда? оган кеткен акшаны баска пайдалы затка жумсаса жаксы болар еды
dimash
Айтқаныңыз жақсы болды, 15-і күні группаға айтайын, бұдан да хабардар, жан-жақты екен деп ойлап қалсын)
qyrmyzy
әй, бала-ай
ZevsKO
еріккенннің ермегі
m170785
3D men 5D aiurmachiligi jok, sal kichkene ozgecheleu bolmasa… Kadimgi kino korgenindei goi…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.