БҰТ(Беймәлім Ұшатын Табақша), НЛО, UFO...

Әлемге саяхат /
Адам баласы зерттеп бітпеген, әлі де ашылмаған талай сыры бар беймәлім ұшатын табақша туралы қоғамның пікірі сан түрлі. Бірі өзге планеталықтарға сенсе, енді бірі қияли қылық деп қол сілтейді. Аспан кеңістігінде еркін қалықтаған табақшаны ұялы телефондарының камерасына түсір үлгергендер де жетерлік. Интернет желісінде мұндай түсірілімдер өте көп. Сонымен өзге планеталықтар расымен де бар ма? Беймәлім ұшатын табақша АҚШ-тың саясаты ма жоқ әлде жерді зерттеп жүрген жатпаленалықтар ма? Беймәлім ұшатын табақшаны зерттеушілер уфологтар. Бірақ олар осы уақытқа дейін қолға ұстатқандай сенімді, нақты айғақ келтіре алмаған. Дегенмен беймәлім ұшатын табақша жат планеталықтар деген тоқтамға келген. Бейресми деректер бойынша адам баласына ұшатын табақшалар күн батқан сәтте аспан кеңістігінен бірнүктелі және көпнүктелі жарық болып 1940 жылы көрінген. Бірақ олар ақиқатында жат планеталықтардың ұшатын табақшасы ма? Осы саланы зерттеп, түрлі мақалалар жазып жүрген журналист Төреғали Тәшенов бізге көрініп жүрген ұшатын табақшалардың 50 пайызы адам қолымен жасалғанын айтады. Мұрағаттан табылған тарихи құжаттар бойынша неміс армиясы 1940 жылы жерден тыс өркениет иелерінің кораблін атып түсірген. Сөйтіп, құлаған ұшатын табақшаның қыр-сырын меңгерген соң, өздері де соған қарап дәл құрастыра бастаған дейді.
Әлемге аты әйгілі өзге де ғарышкерлер ұшатын табақшаны көрген. КСРО-ның екі мәрте батыры Владимир Кoваленок Салют станциясында жұмыс істеп жүрген кезінде иллюминатордан орбитаны айналып ұшқан белгісіз обектіні байқағанын айтады. Тағы бір қызық ақпарат. Бейресми деректер бойынша ұзындығы 19, биіктігі 8 метр, ал салмағы 50 мың келі күміс түстес ұшатын табақша жерге құлаған. Тіпті ішінен бойы 1 жарым метрдей екі бірдей өзге планеталықтар шыққан. Зерттеуші ғалымдар өздеріңіз қаны жасыл ішкі құрылыстары адамға мүлде ұқсамайтын белгісіз тіршілік иесіне зерттеу жасапты. Бірақ бұл әлі күнге дейін құпия, оның анығында кім екені толық зерттеліп бітпеген.
Аса жоғары жылдамдықпен ұшатын табақшаны жасау кез келгеннің қолынан келмейтін дүние. Деректер бойынша Әуе күштері радарына іліккен белгісіз обекті сағатына 20630 шақырым жылдамдықпен ұшқан.
Беймәлім ұшатын табақша, өзге планеталықтар — бұлар адам баласының жалықпай зерттейтін, қызығып тамашалайтын дүниелері. Ғалымдар, аспан әлемінде әлі толық зерттеліп бітпеген нысандар өте көп дейді. Демек әлемде біз білмейтін талай таңдай қақтырар құбылыстар мен құпиялар ғылым дамыған сайын ашылары сөзсіз. Адам баласы бұрын соңды білмеген таңғажайыптармен алдағы уақытта ұшырасатыны анық.

15 пікір

pari
мен өз көзіммен көрдім
alibek
түсіңдема хаххаха
pari
жоқ аспаннан
Argyn
Бір қызық ақпарат)) Азия тобының әншісі Ринат та көріпті сен сияқты))))
ZevsKO
кормесем де шырамыттым
m170785
мен кішкентай бала күнімде коргенім бар. 10-15 минуттай ауа да тұрып, ары қарай ұшып кеткені бар. Ары ұзап домалақ аппақ жарқыл құсап жоқ болып кетті. Бұл енді біреуге өтірік, біреуге шын ғой.
Aidar
Бала көңіл не көрмейді дейсің!!!)))
m170785
біреуге өтірік, біреуге шын )))
ZevsKO
шет ел журналистикасынан беретін бір апайымыз БҰт деген теманы агылшындык мегамагнаттар шыгарган деген еды! рас өтірігін кім білсін!
alibek
менде көргем кинодан
m170785
мен кинодан емес
ereke_enu
Менде бала кезімде көрген едім сондай бірдеңе. Бірақ, сенімді емеспін БҰТ екеніне)))
p689606
БҚШтық барлаушылар бұт«тың соңына ішпиен бұт салып қойса, Алтай асып Бейжіңге қоныватыр дит ахаха
Yasin
осы ұшатын табақшаларды косманавтар неге көрмеген екен аааа?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.