Жоспарсыз басталған демалыс

Әлемге саяхат /
өткен жылы wordpress.com-да жарық көрген постым
Көптен бері Самарқанды көруге құштар едім, осы жылғы демалысымды Өзбекстанға сапар жасаймын деп жоспарлағанмын. Бәрі мен жоспарлағаннан да басқаша әрі оқиғалар легі тез өзгеріп кетті. Жұмыстан кезекті еңбек демалысымды жалынғандай етіп әзер сұрап алдым. Сөйтіп басекемдер өтінішіме қол қойған соң, үйіме хабарласып әкеме шабаданыңды дайында Өзбекстанға кетеміз дедім. Әкем мақұлдағандай болды, бірнеше күннен соң жұмыс кестесіне менің демалысым кедергі болып тұрғанын айтты. Өтінішке қол қойылған, өзімнен де бар мақтаншақпын, елдің бәріне айтып та үлгергенмін кетіп барамын деп (ұшаққа билет алмасам да кететініме сенімді болдым). Жеке өзім бара берейін дегеніме қатаң «жоқ» деген жауап алдым. Көңіл-күй жоқ, қабағым түюлі, тек көзіме екі тамшы жас жетіспей тұрғандай. Кімге ашуланарымды білмей, іштей тынып «не істеймін енді» деген сұрақтар басымды ауыртып жіберді. Содан өте жақсы кісі (супер журналист Өркеннен асып кете алмағандықтан, «кісімді» кім екенін құпия қалдыруға мәжбүрмін) бірнеше нұсқалар ұсынды Өзбекстан болмаса Тайланд, Малайзия, Қытай дегендей. Қысық көздердің емес, муслим мемлекетке барғым келеді деп едім, онда БАӘ деді. Бейсенбі күні (03.03.2011 ж.) жұмыстан соң Қисықтың жұмысының жанындағы бір тур фирмаға бардым. 8 наурызды Дубайда қарсы алуға мүмкіндік барын біліп (виза жағы аздап қиындық тудырды) таңдап берген қонақ үйіне де мән бермедім. Құжаттарымды беріп, келісім шартқа қол қойып, аздаған ақша тастап кеттім виза жасай берсін деп. Ертеңіне қалған ақшаның бәрін апарып беріп, тыныш таптым дей ойламаңыз, ендігі уайымым визам дайын болар ма екен, виза бермей қойса не істеймін, ақшам күйетін болды, демаласым текке кететін болды. Ештеңеге қарамастан жексенбі (06.03.2011 ж.) базаринг-барахолкинг жасап кеттім, бір сыпыра киініп алдым, барғанда ұят болмасын деп.
Содан дүйсенбі (07.03.2011 ж.) мемлекеттік демалыс екенін білемін, тап сол күні менің құжаттарым дайын болыпты, мерекелік көңіл күймен, бейсенбіден бері уайымнан ұйықтай алмағаным бар, ұшып барып алып келдім, Салтанатпен кездесіп сапар алдындағы көңіл-күйіммен бөлістім (айтқандай, Салтанат сувенир алып келдім саған). Бұл күнгі ұйқы да оңбады, таңғы 8:30-дағы ұшаққа түннің ортасында оянып алып, әуе жайға тарттым. Әуе жайға бара салысымен, қыстық киімді шешіп жүк сақтау қоймасына өткіздім (ақылы). Содан не керек Шаржа қаласына тура тартқан ұшағымыз, бізді аман-есен төрт сағаттың көлемінде мәңгі жаз аймақтың әуе жайына әкеліп түсірді. Әуе жайдан шыға берісте тур фирманың өкілдері жылы күтіп алып, Дубайда орналасқан қонақ үйімізге жеткізіп, орналастырып, алдағы күнгі жоспарлармен таныстырды. Әр күнге бөлек тоқталып өтпектіп, 3 сөйлеммен қайыра салатын емес, ұзақ лимон қосылған шәйді ұрттап отырып айтатын әңгіме болғандықтан.
Ал мынау жалпы турға кеткен қаражат:
Виза – 70$
Ұшақ (Шаржы қаласына бару+қайту) – 270$
Пакет (4 жұлдызды қонақ үй 2 мезгіл тамағымен, трансфер) – 550$
Жүк сақтау қоймасы (300х7 күн. Алматы әуе жайы ғимаратында) – 2100 тенге
жалғасы

13 пікір

beko
Жақсы жазыпсыз! Бірнеше сұрағым бар:
Ол жақта неше күн болдыңыз?
Жалпы неше сомма кетті.(жүріс тұрыс, қыдыру тағы сол сияқты… )
Визаны сол тур агенттігі өздері бітірді ме?
Сол барған жеріңіз жайында айтып таныстырып өтсеңіз...(Мыс: Шарджа деген қала ол осындай мемлекетте орналасқан, діни ұстанымы мықты дегендей. Сізге ұнаған, таңғалғалардықтары бір екі ауыз сөзбен...)
zilola
1 апта болдым.
1500-2000 доллар болса жақсы қыдырып келуге болады. Визаны, қонақ үйді бәрін турагенттік жасап берді.
Алдағы уақытта әр күнге жеке тоқталып өткен постарымды ілемін. Қызығушылық танытқаныңа рахмет.
wordpress.com-дағы блогым ашылмаған соң, сондағы постарымды осында көшіріп ілемін.
qyrmyzy
ох, іліңіз, фотоларыңызбен ілсеңіз уаще жақсы болар еді! Қайталап оқуға дайынбыз!
Bagashar
ia, fotalarynyzdy,astyna nomerinizdi kosa. ewteme etpeid…
zilola
фотолардан бөлек пост жасағанмын, соны қайта ілемін осында, асықпашы, жиі ілуге болмайды екен жазба ))
m170785
апамды асықтырып, ашуландырып отырған қайсы ол )))
qyrmyzy
кідәй-кідәй, түрінен сол охрана болған, ық ық
qyrmyzy
неге???
zilola
ескерту шықты, қатарынан бірнеше пост іліп тыныш отырайын десем )
qyrmyzy
ааа білмеппін
beko
Күтелік, қанекей.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.