Араб әмірліктеріне саяхат

Әлемге саяхат /
басы
Тілі: араб, ағылшын (көп жұмысшылар шетелдік болғандықтан), орыс (туристтер көп келетін қала болғандықтан);
Ақша бірлігі: Дирһам (әдеттегіше арабша һ әріпі тек тамақ аралық дыбыс);
1DHS – 40 тенге немесе 3,66$ (3,65);
Дегенмен, шетелдік туристтер көп келетін қала болғандықтан дирһам мен доллар есеп айырысу айналымында қатар жүре береді екен. Негізі ақша айырбастау бөлімшесінде долларыңызды дирһамға айырбастаған абзал, өйткені кейбір дүкендерде доллардың курсын қожайынның өзі белгілеп алады екен. Ұтылып қалмайын десеңіз жақын маңдағы айырбастау бөлімшесі тиімдірек;
Халқы: Негізгі ұлт араб, арабтарды көру өте сирек кездесетін құбылыс, өйткені арабтар көше кезіп не болмаса метрода жүрмейді екен. Ал өзіммен қатар жүргеннің көпшілігі индус, қытай (әйтеуір көзі қысықтар), орыстар және европалықтар мен американдықтар.
Есіме түскенше тағы қоса отырармын мәліметтер, әзірге демалысты қозғайын.

Бірінші күн!
Әрбір күніміз бір қызықты саяхатпен жоспарланған соң, бос уақытты да қызықты пайдалануға мүмкіндік мол болды. Қонақ үйге келе салысымен бір уфф деп алдық та, мерекелік кешті (бірінші күніміз, 08.03.2011 ж.) романтикалық ортада өткізуді ұйғардық. Бұл кешкі жоспарда пальма пішінінде орындалған аралды (Jumeirah palm) көне араб қайығымен (Доу) айнала серуендеу. Доу қайығының бағдарламасы кешкі сағат 20:30-да аралды жағалай қолдан жасалған каналмен (канал тереңдігі 7 м) жылжып отырып; даяшылардың кофе-шай немесе жеңіл сусындар ұсынуымен; жарты сағаттың көлемінде ыстық тағамдар ұсыныла бастайды; тамақтан татып отырып орыс аруының тамаша араб биін тамашалауға болады; осы уақытта қайық жағадан алыстап барып пальма аралының барлық сұлулығын сыртынан тамашалауға болады; қайықтың екінші қабатында хнадан нешетүрлі суреттер қалауыңыз бойынша салғызуға болады; осылайша Доу қайығымыз аралды жағалай жүзіп қонақтарды отырғызған бастапқы орынға жеткенше 2 сағат өтеді. Тамағыңыз тоқ, табиғаттың сұлулығына көз тойды, суреттерге армансыз тустіңіз енді тап осы түні ұйқыңыз бен көрген түсіңіздің өзі тек шығыс ертегілеріндегідей өте сиқырлы әрі тәтті болмақ
Қайықпен серуен (+кешкі ас) – 65$
Хнамен сурет – 30 DHS
жалғасы

4 пікір

qyrmyzy
Апашкау, фотоларыңыз қайда?? Анау құмда машинаның дөңгелегіне сүйеніп түскен???
MSHERIMBEK
Саяхаттарым туралы осылай жазғым ақ келеді:( Бірақ бомай қала беред та:)
zilola
не кедергi?
мен мысалы кыдыратын жерiмдi алдын ала баргандардан сурап аламын. Виза, акша, климат маселесiн. Гугл да коп комекке келедi. Казахша, тусiнiктi карапайым тiлмен жазылган рекомендеулер болса окып алар едiм ))
balgalym
1DHS – 40 тенге немесе 3,66$ (3,65);
Дихраммен айналысу керек екен :)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.